61-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 17-) тармақшамен толықтырылсын:
"17) субстанция - дәрi-дәрмектерiн қоса алғанда, дәрiлiк заттар, оның iшiнде дәрiхананың өзiнде жасалғандары; протездiк-ортопедиялық бұйымдар; жұқпалы аурулар диагностикасына, олардың алдын алуға және (немесе) оларды емдеуге арналған медициналық иммундық-биологиялық препараттарды дайындауға арналған материалдар.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) субстанция - дәрi-дәрмектерiн қоса алғанда, дәрiлiк заттарды, оның iшiнде дәрiхананың өзiнде жасалғандарын; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды; жұқпалы аурулар диагностикасына, олардың алдын алуға және (немесе) оларды емдеуге арналған медициналық иммундық-биологиялық препараттарды дайындауға арналған материалдарды импорттау.";
66-бапта:
1-тармақтағы "2-тармағында" деген сөздер "2 және 4-тармақтарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ "салық ставкасы" деген сөздерден кейiн "осы баптың 4-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Тiрiдей салмақпен мал мен құсты, еттi, балықты, ұнды, нанды
және нан-тоқаш тағамдарын, макарон тағамдарын, сүттi және сүт өнiмдерiн (балмұздақты қоспағанда), жұмыртқаны, өсiмдiк майын, маргариндi, жарманы, астықты, құрама жемдi, қантты (оның iшiнде шикiлей қантты), тұзды, көкөнiстердi, картопты, балалар және диабет тамақтары өнiмдерiн сату мен импорттау жөнiндегi айналымға 10 процент ставка бойынша салық салынады."; 68-баптың 5-тармағы алып тасталсын. Қазақстан Республикасының Президентi оқығандар: Багарова Ж. Икебаева А.