Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Заңы 1998 жылғы 10 қараша N 299-I

      Алматыда 1996 жылы 7 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Финляндия Республикасы
Үкіметінің арасындағы әуе қатынасы туралы
Келісім

(2005 жылғы 1 маусымда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Финляндия Республикасының Үкiметi, бұдан былай "Келiсушi Жақтар" деп аталады,
      1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның қатысушылары ретiнде, ескертiлген Конвенцияға сәйкес және қосымша ретiнде, олардың тиiстi аумақтарында және, олардан тысқары жүйеленген әуе қатынасын орнату мақсатында Келiсiм жасауды қалай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Айқындамалар

      1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн, контекстен басқа мән талап етiлмеген жағдайда:
      а) "Чикаголық Конвенция" атауы 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияны бiлдiредi және Келiсушi Жақтардың екеуiмен бекiтiлiп, 90 және 94-бапқа сәйкес күшiне енген кез келген түзетулердi өзiне қосады; және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген Қосымша немесе кез келген түзетулердi, осындай түзету немесе Қосымша екi Келiсушi Жақ үшiн осы мезгiлде қаншалықты дәрежеде қолданымды болатын болса, соларды бiлдiредi;
      b) "авиациялық билiк орындары" атауы - Қазақстан Республикасына қатысты - Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, ал Финляндия Республикасына қатысты - Азаматтық авиация әкiмшiлiгiн" немесе екi жағдайда да көрсетiлген органдардың мiндетiн атқаруға осы кезде өкiлеттiк алған кез келген тұлғаны немесе органды бiлдiредi;
      с) "тағайындалған авиакәсiпорын" атауы - осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және өкiлеттенген авиакәсiпорынды бiлдiредi;
      d) "аумақ", "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын", және "жүйелi әуе қатынастарының мақсаттарымен аялдама жасау" атауы - Чикаголық Конвенцияның 2 және 96-баптарында берiлген мағынаны бiлдiредi;
      е) "тариф" атауы - (поштаны қоспағанда) жолаушыларды, багажды немесе жүктi, осындай тасымалдауларға арналған немесе оған байланысты берiлетiн кез келген маңызды Қосымша жеңiлдiктердi қоса есептегенде аталмыш тасымалдаулар үшiн алынатын, сондай-ақ жолаушы тасымалдауда билеттердi сату кезiнде немесе жүктердi тасымалдауда тiлшiлiк iс-әрекеттер кезiнде төленетiн алымдардың бағасын бiлдiредi. Сонымен бiрге бұл атау тасымалға немесе комиссиялық төлемдер үшiн бағаның қолданымдылығын анықтайтын жағдайларды қоса бiлдiредi.
      2. Қосымша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Осы Келiсiмнiң барлық сiлтемелерi басқадай сiлтемелер тәртiбi анықталғанша Қосымшада ескертiлген сiлтемелердi қосып алуы тиiс.
      3. Осы Келiсiм баптарының аттары тек сiлтемелердi жеңiлдету мақсатында ғана берiлген.

2-бап
Тасымалдау құқықтарының берілуі

      1. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жаққа оның халықаралық әуе қатынастарына қатысты мына құқықтарды бередi:
      а) оның аумағы арқылы қонбастан ұшып өту құқығын бередi;
      b) жүйелi әуе қатынастарының мақсатымен оның аумағында қоныс жасау құқығын бередi.
      2. Келiсушi Жақтардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсетiлген маршруттар Кестесiнде белгiленген маршруттар бойынша халықаралық әуе қатынасын орындау мақсатында екiншi Келiсушi Жаққа осы Келiсiмде көрсетiлген құқықтарды бередi.
      Осындай жолдар мен маршруттар бұдан былай "келiсiлген әуе жолдары" және "белгiленген маршруттар" деп аталады. Келiсушi Жақтың әрқайсысымен тағайындалған авиакәсiпорындар белгiленген маршруттар бойынша келiсiлген әуе жолдарын пайдалану кезiнде осы баптың 1 тармағында көрсетiлген құқықтарға қосымша: поштаны қоса есептегенде жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау кезiнде жекелеп немесе әр түрлi үйлесiммен тиеулер және/немесе түсiрулер жасау мақсатында екiншi Келiсушi Жақтың аумағында осы Келiсiмнiң маршруттар Кестесiнде көрсетiлген қоныстар жасау құқығын пайдаланатын болады.
      3. Осы баптың 2 тармағындағының ештемесi бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорындарының бортына екiншi Келiсушi Жақтың аумағында осы Келiсушi Жақ аумағының басқа пунктiне тасымалданатын жолаушылар мен жүктердi, поштаны қоса есептегенде жалдау немесе төлемақы үшiн құқық бередi деп қаралмайды.

3-бап
Авиакәсіпорындарды тағайындау мен
пайдалануға рұқсат беру

      1. Әрбiр Келiсуші Жақ белгiленген маршруттар бойынша келiсiлген әуе жолдарын пайдалану үшiн, екiншi Келiсушi Жақты жазбаша түрде хабарландырып, бiр немесе бiрнеше авиакәсiпорнын тағайындауға құқық алатын болады.
      2. Әрбiр Келiсушi Жақ осындай тағайындауды жоюға немесе өзгертуге құқығы бар.
      3. Осындай жазбаша хабарландыру алған екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары осы баптың 4 тармағындағы және 4-баптың 1 тармағындағы қағидаларға сәйкес тағайындалған авиакәсiпорынға пайдалануға тиiстi рұқсаттарды жедел түрде бередi.
      4. Бiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары екiншi Келiсушi Жақ тағайындаған авиакәсiпорнынан халықаралық әуе жолдарын пайдалану кезiнде Чикаголық Конвенция қағидаларына сай осы авиациялық билiк орындармен дағдылы және орынды түрде қолданылып жүрген заңдар мен ережелердiң алдын ала белгiленген шарттарын орындай алатын қабiлетiнiң барлығына дәлелдемелер талап ете алады.
      5. Осылайша тағайындалған және рұқсат алған авиакәсiпорын, осы Келiсiмнiң қолданымды қағидаларын тарифке қатысты қағидаларды қоса есептегенде орындаған жағдайда келiсiлген әуе жолдарын пайдалану жұмысын бастау мүмкiн.

4-бап
Пайдалануға берілген рұқсаттан бас тарту,
жою немесе уақытша тоқтату

      1. Әрбiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары екiншi Келiсушi Жақтың тағайындаған авиакәсiпорнына пайдалануға берiлген рұқсатты жоюға немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды пайдалануын уақытша тоқтата тұруға, немесе сол құқықтарды пайдалану үстiнде қажет болады деген әрқилы шарттардың орындалуын мына жағдайларда талап етуге құқығы бар:
      а) авиакәсiпорнын тағайындаған Келiсушi Жақтың немесе оның азаматтарының қолында сол авиакәсіпорнының үстiнен айрықша иелiк барлығына күмән келтiргендей немесе пәрмендi бақылау жүргiзе алатындығына сенбегендей барлық жағдайларда; немесе
      b) егер бұл авиакәсiпорын осы құқықтарды берушi Келiсушi Жақтың заңдары мен/немесе ережелерiн бұзған жағдайда; немесе
      с) егер авиакәсiпорын өз қызметтерiн қандай болса да бiр себептермен осы Келiсiмде жазылған талаптар арқылы орындамаған жағдайда.
      2. Егер осы баптың 1 тармағында көрсетiлген рұқсатты жедел түрде жою, уақытша тоқтата тұру немесе шарттардың орындалуын талап ету заңдар және/немесе ережелердiң одан әрi де бұзылуына тыйым салу үшiн қажеттi шара болмаса, онда сол тармақта сөз болған құқық тек қана екiншi Келiсушi Жақпен кеңесуден кейiн барып пайдаланылатын болады. Мұндай кеңесулер кеңес жүргізу туралы сұраным түскен күннен кейiнгi 15 күннiң iшiнде басталуы тиiс.

5-бап
Заңдар мен ережелердің қолданылуы

      1. Бiр Келiсушi Жақтың өз аумағынан Халықаралық әуе қатынасын жүзеге асырушы әуе кемесiнiң ұшып кетуi мен келуiне немесе пайдаланылуы мен аталмыш аумақтың шеңберiнде осындай әуе кемесiнiң қозғалуына қатысты заңдары мен ережелерi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнымен де қолданылатын болады.
      2. Бiр Келiсушi Жақтың жолаушыларды, экипажды, багажды, жүктi немесе поштаны өз аумағынан әкетуге, әкелуге, келуге, кiруге, көшуге, қоныс аударуға, кедендiк iс-әрекеттерге, дәрiгерлiк көмек пен карантинге қатысты формальдылықтарды реттейтiн заңдары мен ережелерi екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiмен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, багажға, жүкке, поштаға аталмыш аумақтың шеңберiнде болған кезiнде қолданылатын болады.
      3. Халықаралық әуе қатынасын жүзеге асырушы екi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiнiң кез келгенiне бiрдей осы бапта ескертiлген заңдар мен ережелер қолданылатын болады.

6-бап
Салықтарды, кедендік баж салықтарын
және басқа алымдарды төлеуден босату

      1. Халықаралық әуе қатынастарын жүзеге асырушы бiр Келiсушi Жақтың тағайындаған авиакәсiпорнының әуе кемесi, сондай-ақ оның табельдiк жабдықтары, қосалқы бөлшектерi, отын қоры, жанар-жағармай материалдары және осы әуе кемесiнiң бортында жатқан борттық қорлары (азық-түлiк тағамдарды, сусындарды және темекi бұйымдарды қоса есептегенде) егер екiншi Келiсушi Жақтың аумағына келу бойына бұл жабдықтар, қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары және борттық қорлар әуе кемесiнiң бортында қалатын және керi қайтарылатын болса, немесе осы аумақ үстiнде ұшу кезiнде осы әуе кемесiнiң бортында пайдаланылатын болса, немесе шығынданатын болса, онда барлық салықтарды, кедендiк баж салықтарын, инспекциялық және басқа осы сияқты алымдарды төлеуден босатылатын болады.
      2. Көрсетiлген қызметтердiң құнына негiзделген алымдардан басқа, осы баптың 1 тармағында көрсетiлген салықтарды, баждарды, жарналар мен алымдарды төлеуден сонымен бiрге мыналар да босатылатын болады:
      а) бiр Келiсушi Жақтың аумағында бортқа алынған, екiншi Келiсушi Жақтың халықаралық әуе қатынастарын жүзеге асырушы шетелге ұшатын тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiмен орынды түрде қолданылатын борттық қорлары;
      b) халықаралық әуе қатынастарын жүзеге асырушы екiншi Келiсушi Жақтың әуе кемесiн жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету үшiн бiр Келiсушi Жақтың аумағына әкелiнген қозғалтқышты қоса есептегенде қосалқы бөлшектер;
      с) халықаралық әуе қатынастарында екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының пайдалануы үшiн бiр Келiсушi Жақтың аумағында берiлетiн немесе тиелетiн отын, жанар-жағармай және тұтынылатын техникалық қорлар, тiптi бұл қорлар екiншi Келiсушi Жақтың аумағында бортқа қабылданып, оның аумағы арқылы өтетiн маршрут учаскесiнде қолданылатын болса да.
      3. Осы баптың 2 тармағында көрсетiлген материалдар талап етiлуiне қарай кедендiк билiк орындарының қадағалауында немесе бақылауында болып сақталуы мүмкiн.
      4. Бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнымен пайдаланылатын әуе кемесiнiң бортында нормаланған мөлшерде болатын табельдiк борт жабдықтары, сондай-ақ материалдары, жанар-жағармай қорлары және қосалқы бөлшектерi осы Келiсушi Жақтың кедендiк билiк орындарының рұқсатымен ғана екiншi Келiсушi Жақтың аумағына түсiрiледi. Бұл жағдайда олар керi әкетiлгенге дейiн немесе кедендiк ережелерге сәйкес қолданыс тапқанға дейiн аталмыш билiк орындарының қадағалауында болып жайластырылуы мүмкiн.
      5. Бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының пайдалануы үшiн қарастырылған және екiншi Келiсушi Жақтың аумағына әкелiнген ұшулар кестесi, авиабилеттер мен көлiктiк накладнойлар сияқты авиакәсiпорнына қажеттi құжаттары екiншi елдiң аумағында салықтардан, кедендiк баж салықтарынан, инспекциялық және басқа осы сияқты алымдардан босатылады.

7-бап
Тікелей транзитті тасымалдаулар

      1. Күш көрсету актiлерiне, әуе қарақшыларына және есiрткi құралдарын алып өту контрабандасына қарсы қауiпсiздiк шараларды қамтамасыз етуден басқа жағдайларда кез келген Келiсушi Жақтың аумағы арқылы тiкелей өтетiн және осы мақсаттарға арналған әуежай аумағынан шықпайтын жолаушыларға, багажға жүк пен поштаға тек бақылаудың жеңiлдетiлген түрлерi ғана қолданылады.
      2. Келiсушi Жақтың аумағы арқылы тiкелей транзитпен өтетiн багаж, жүк және пошта кедендiк баж салықтарынан, жарнамаларды және келу мен кетуге байланысты қызмет жасау құқына негiзделмеген басқа осы сияқты алымдарды төлеуден босатылады.

8-бап
Тасымалдаулар көлемінің реттелуі

      1. Келiсушi Жақтардың тағайындалған авиакәсiпорындарына осы Келiсiмнiң Қосымшасында белгiленген кез келген маршруттар бойынша келiсiлген әуе жолдарын пайдаланудың қолайлы да теңдес жағдайлары жасалатын болады.
      2. Келiсiлген әуе жолдарын пайдалану кезiнде Келiсушi Жақтардың әрқайсысының тағайындалған авиакәсiпорны екiншi Келiсушi Жақтың тағайындаған авиакәсiпорнының мүддесiн еске ала отырып, соңғы авиакәсiпорны осы маршрут бойынша немесе оның бiр бөлiгiнде тасымал атқарғанда оған зиян келтiрмеуге тиiстi.
      3. Келiсушi Жақтардың тағайындалған авиакәсiпорындары қызмет атқаратын келiсiлген әуе жолдары - өздерiнiң бiрiншi кезектегi мiндетi ретiнде авиакәсiпорынды тағайындаған Келiсушi Жақтардың аумағынан келетiн немесе аумағына баратын жолаушыларды, жүктi және поштаны осы кездегi тасымалдауларға және оларға негiзделiп болжамдалған тасымалдауларға деген мұқтаждыққа теңдестiрiп, ақылға сыйымды қылып тиелген осындай тасымалдаулар көлемiн қамтамасыз етуi тиiс.
      4. Осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсетiлген үшiншi елдердiң пункттерiнен немесе маршруттардың пункттерiнен келетiн немесе оларға арналған жолаушыларды, жүктi және поштаны халықаралық тасымалдаулар кезiнде келiсiлген әуе жолдарында тиеу немесе түсiру құқығы халықаралық әуе қозғалысын тәртiпке келтірудiң жалпы принциптерiне сәйкес жүзеге асатын болады және тасымалдаулар көлемi бас принципке сәйкес келетiн мыналарға байланысты болады:
      а) жөнелтушi ел мен тасымалдаудың ақырғы бағытындағы елдер арасындағы тасымалдауға деген мұқтаждықтан;
      b) трансферттi тасымалдауларға деген мұқтаждықтан;
      с) жергiлiктi және аймақтық әуе жолдарын есепке ала отырып, келiсiлген әуе жолдары өтетiн аудандар арқылы тасымалдауларға деген мұқтаждықтан.

9-бап
Қозғалыстың кестесін бекіту

      1. Бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының бекiтуiне өзiнiң қозғалыс кестесiн (жазғы және қыс кезеңдерде) әуе жолдарын пайдалануды бастардан ең кем дегенде отыз (30) күн бұрын ұсынады. Бұл кесте маршруттар кестесiн, ұшулардың жиiлiгiн және пайдаланылатын ұшақтардың түрiн қамтитын болады. Авиациялық билiк орындарының тиiстi авиакәсiпорындары өздерiнiң қозғалыс кестелерiн бекiтуге ұсынған күннен кейiнгi жиырма (20) күннiң iшiнде ұсынылған қозғалыс кестелерi бойынша өздерiнiң шешiмдерi туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
      2. Бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнымен екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарына ұсынылған қосымша ұшуларды жүзеге асыруға рұқсат сұрауы сияқты қозғалыс кестесiнiң әрбiр өзгерiстерi де бекiтуге ұсынылады. Осындай өзгертулер немесе қосымша ұшулар бойынша сұраныстар авиациялық билiк орындармен дер кезiнде қаралуға тиiс.

10-бап
Статистикалық ақпарат

      Бiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары екiншi Келiсуші Жақтың авиациялық билiк орындарының сұрауы бойынша оларға бiрiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнымен екiншi Келiсушi Жақтың аумағына немесе аумағынан келiсiлген әуе жолдары арқылы жүзеге асырылатын тасымалдауларға қатысты, әрi әдеттегiдей дайындалып олардың ұлттық авиациялық билiк орындарына ұсынылуы мүмкiн мына ақпараттар мен статистикалық хабарларды бередi.

11-бап
Тарифтер

      1. Кез келген келiсiлген әуе жолдарындағы тарифтер пайдалану шығындарын, ақылға сыйымды табысты, әуе жолдарының сипаттамасын (жылдамдық пен жайлылық сияқты), тұтынушылардың мүдделерiн және белгiленген маршруттың кез келген учаскесiндегi басқа авиакәсiпорындардың тарифтерiн қоса есептегенде тиiстi төлеуге жататын барлық факторларды есепке ала отырып ақылға сыйымды мөлшерде белгiленетiн болады. Осындай тарифтер осы баптың төмендегi ережелерiне сәйкес белгiленетiн болады.
      2. Осы баптың 1 тармағындағы ескертiлген тарифтер әрбiр белгiленген маршрутқа қатысты мүдделi тағайындалған авиакәсiпорындар арасында келiсiлуi мүмкiн. Дегенмен авиакәсiпорындар арасындағы кеңесулер құжаттарды беру мен тарифтердi белгiлеудiң мiндеттi шарты болып табылмайды.
      3. Әрбiр тариф екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының бекiтуiне оларды ендiрудiң болжамдалған күнiне дейiнгi отыз (30) күннiң iшiнде (немесе екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының келiсуi болатын ең қысқа мерзiмде) ұсынылатын болады.
      4. Әрбiр ұсынылатын тариф кез келген Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындарымен кез келген уақытта бекiтiлуi мүмкiн. Егер құжат берiлген күннен кейiнгi жиырма (20) күннiң iшiнде осы Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарына ұсынылған тарифке қарсылығы жөнiнде жазбаша мәлiмдеме жасамаған болса, осындай шешiмнiң жоқтығы Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындарының келiсiмi есебiнде бағаланатын болады. Дегенмен, егер авиациялық билiк орындардың кез келгенi бас тартқаны жөнiнде осындай жазбаша мәлiмдеме ұсынса, онда авиациялық билiк орындары Жақтардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша өзара уағдаластықпен тариф мөлшерiн анықтауға тырысуы мүмкiн.
      5. Егер авиациялық билiк орындары осы баптың 4 тармағына сәйкес өзара уағдаластық бойынша тариф мөлшерiн анықтай алмауы мүмкiн болса, онда Жақтардың кез келгенiнiң сұрауы бойынша осы Келiсiмнiң 18-бабына сәйкес дау-дама реттелуi мүмкiн.
      6. Осы баптың ережелерiне сәйкес белгiленген әрбiр тариф осы баптың ережелерiне сәйкес анықталған жаңа тарифпен ауыстырылғанға дейiн өз күшiнде қалатын болады. Екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының арасында басқа уағдаластық жақ болса, онда осы тармаққа сай тарифтiң пәрмендi мерзiмi бiткен күннен бастап он екi (12) айдан артық оның пәрмендi мерзімi созылмайды.

12-бап
Тең жағдайдағы бәсекелестік

      1. Осы Келiсiмнiң аясындағы халықаралық әуе тасымалдауларға қатысу үшiн екi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорындарына қолайлы және тең мүмкiндiк болуы тиiс.
      2. Әрбiр Келiсушi Жақ қажет болған жағдайда екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының бәсекелестiк қабiлетiне зиян келтiретiн барлық кемсiтушiлiк немесе теңсiз бәсекелестiк тәжiрибенi жою мақсатында өз заңдарының шеңберiнде барлық тиiстi шараларды қолданатын болады.

13-бап
Коммерциялық қызмет

      1. Әрбiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны өз заңдары мен ережелерiнiң шеңберiнде екiншi Келiсушi Жақтың аумағында мүдделi тағайындалған авиакәсiпорынға қажет болуы мүмкiн әкiмшiлiк, коммерциялық және техникалық персоналдары және ғимараттарды ұстауға құқығы бар.
      2. Келiсушi Жақтардың тағайындалған авиакәсiпорындары екi Келiсушi Жақтың аумағында авиакөлiктiк қызметтердi көрсету кезiнде тiкелей немесе агенттер арқылы өздерiнiң меншiктi көлiктiк құжаттарын кез келген валютаға сатуды шектемейтiн болады.

14-бап
Әуе тасымалдауларына алымдар алу

      Кез келген Келiсушi Жақтың аумағында екiншi Келiсушi Жақтың кез келген авиакәсiпорнының әуе кемелерiне уәкiлденген билік орындарымен әуежайлар мен басқа аэронавигациялық құралдарды пайдаланғаны үшін салынатын жарналар мен алымдар халықаралық тасымалдауларды жүзеге асырушы ұлттық авиакәсiпорындардың әуе кемелерiне салынатын алымдардан жоғары болмауы тиiс. Осындай жарнамалар мен алымдар ақылға сыйымды болып, дұрыс экономикалық принциптерге негiзделуi тиiс.

15-бап
Қаржыларды аудару

      1. Сату жүзеге асқан аумақта Келiсушi Жақтардың тағайындалған авиакәсiпорындары түскен пайда мен шығынның айырмасын аударуға құқығы бар. Аударуды күтiп, осы табыстарды жылма-жылғы депозитке салғаннан түскен проценттер сияқты, тiкелей немесе агенттер арқылы осындай сатуларға қатысты көмекшi немесе қосымша қызметтердi қоса есептегенде әуе тасымалдауларының құжаттарын сатудан түскен пайда осындай таза табыс түрінде аударылады.
      2. Осындай аударулар валютаның ресми айырбастау бағамы бойынша еркiн конверсияланатын валютамен жүзеге асырылады және ешқандай шектеуге, мерзiмiн ұзартуға немесе өзгертуге жатпайды.
      3. Егер Келiсушi Жақтар арасында төлем жүйесi бойынша арнайы келiсiмдер бекiтiлген болса, онда осы арнайы келiсiмдi қолдану қажет.

16-бап
Авиациялық қауіпсіздік

      1. Келiсушi Жақтар халықаралық ережелерден туындайтын өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiне сәйкес азаматтық авиацияны заңсыз күш көрсету актiлерiнен қорғауға қатысты бiр-бiрiнен алған мiндеттемелердi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады дегендi растайды. Халықаралық ережелерде көрсетiлген құқықтары мен мiндеттерiнiң жалпылама қолданысымен шектелiп қоймай, Келiсушi Жақтар, сонымен бiрге 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған әуе кемелерiнiң бортында жасалатын қылмыстар мен кейбiр басқа актiлер туралы Конвенцияның 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған әуе кемелерiн заңсыз басып алуға тойтарыс беру жөнiндегi Конвенцияға, және 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы жасалатын заңсыз актiлермен күресi туралы Конвенцияға сәйкес iс-әрекет жасайтын болады.
      2. Келiсушi Жақтар өтiнiш бойынша әуе кемелерiн заңсыз басып алу мен әуе кемелерiнiң қауiпсiздiгiне, олардың жолаушылары мен экипаждарына, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдарға, сондай-ақ басқа кез келген азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлерге жол бермеу үшiн бiр-бiрiне барлық қажеттi көмектi көрсетiп отыратын болады.
      3. Келiсушi Жақтар Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен және халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаголық Конвенцияның Қосымшасымен белгiленген авиациялық қауiпсiздiк бойынша ережелерге және техникалық шарттарға сәйкес осындай қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мән талаптар Келiсушi Жақтарға қандай дәрежеде қолданымды болса, соншалықты iс-әрекет жасайтын болады. Келiсушi Жақтар әуе кемелерiне қызмет атқаратын, қызмет орнымен тұрақты мекен-жайы өз аумағында болатын персоналдар мен өз аумағындағы халықаралық әуежайларда қызмет ететiн персоналдардан осындай авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сай әрекет жасауларын талап ететiн болады.
      4. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың аумағы шеңберiне ұшып бару, онда болу және одан ұшып кету үшiн қажеттi осы баптың 3 тармағында айтылған авиация қауiпсiздiгi туралы ережелер мен талаптардың толық орындалуын сол әуе кемелерiне қызмет көрсететiн персоналдардан екiншi Келiсушi Жақ талап ете алады дегенге келiседi. Әрбiр Келiсушi Жақ өз аумағы шеңберiнде әуе кемелерiн қорғау үшiн және жолаушыларды, экипажды, қол жүктерiн, багажды, жүктi және борттық қорларды тиеуден бұрын, әйтпесе сол отырғызу-тиеу кездерiнде тексеру үшiн қажеттi шаралардың ұтымды қолданылуын қамтамасыз ететiн болады. Сонымен қатар, әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың нақтылы қатерге байланысты арнайы шара қолдануы туралы кез келген өтiнiшiн зор ықыласпен қарайтын болады.
      5. Әуе кемесiн заңсыз басып алуға байланысты немесе әуе кемесiнiң сондағы жолаушылар мен экипаждың, әуежайлар немесе аэронавигациялық құралдарға қарсы бағытталған заңсыз актiлер пайда болған жағдайда Келiсушi Жақтар өзара байланысты жеңiлдету арқылы және ондай қақтығыстарды немесе қақтығыс қатерiн тез және қауiпсiз түрде жою мақсатында басқадай тиiстi шаралар қолдану арқылы бiр-бiрiне көмектесiп отырады.

17-бап
Кеңесулер

      Келiсушi Жақтардың авиациялық билік орындары осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау мен келісу үшін тығыз ынтымақтастық рухта мезгiл-мезгiл бір-бірімен кеңесулер жүргiзетiн болады.

18-бап
Дау-дамаларды реттеу

      1. Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдануға байланысты Келiсушi Жақтардың арасында туындаған кез келген дау-даманы Келiсушi Жақтар ең бiрiншi келiссөздер жүргiзу жолымен шешуге тырысатын болады.
      2. Егер Келiсушi Жақтар дау-даманы келiссөздер арқылы реттей алмаса, онда дауды қандай болса да бiр жеке немесе заңды тұлғаның қарауына тапсыруға құқықты. Егер Жақтар осымен келiспесе, онда дау-дама Келiсушi Жақтардың кез келген бiрінiң өтiнiшi бойынша үш төрешi сотына тапсырылады, оларды әрбiр Келiсушi Жақ бiр-бiрден тағайындайды, ал үшiншi төрешi осылайша уәкiлдiк алған алғашқы екi төрешiмен тағайындалады.
      Әрбiр Келiсушi Жақ дау-даманы Төрелiк сотқа тапсыру туралы мәлiмдеменi Келiсушi Жақтардың әрқайсысы дипломатиялық арналар бойынша алған күннен кейiнгi алпыс (60) күннiң iшiнде төрешiнi тағайындайды; үшiншi төрешi қалған алпыс (60) күннiң iшiнде тағайындалады. Егер Келiсушi Жақтардың кез келгенi аталмыш кезеңнің iшiнде төрешiні тағайындай алмаса, онда Келiсушi Жақтардың кез келген бiрiнiң өтiнiшi бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымдар Кеңесiнiң Президентi төрешiнi немесе қажет болған жағдайда төрешiлердi тағайындайды. Барлық жағдайларда да үшiншi төрешi үшiншi мемлекеттiң азаматы болуы тиiс және төрелiк сот Төрағасының өкiлдiгiн жүзеге асыратын болады.
      3. Келiсушi Жақтар осы баптың 2 тармағына сәйкес қабылданған кез келген шешiмдi орындайтын болады.
      4. Келiсушi Жақтар төрелiк жүргiзу шығынын тең шығарады.

19-бап
Түзетулер

      1. Егер Келiсушi Жақтардың кез келгенi осы Келiсiмнiң кез келген ережесiн өзгерту қажет деп есептесе, онда ол екiншi Келiсушi Жақпен кеңесуге құқығы бар. Осындай кеңесулер сұраным түскен күннен кейiнгi алпыс (60) күннiң iшiнде басталуы тиiс, егер екi Келiсушi Жақпен осы мерзiм әлде де созылады деп келiсiлмеген болса. Осындай кеңесу барысында келiсiлген кез келген өзгертулер әрбiр Келiсушi Жақтың құқықтық процедураларына сәйкес бекiтiлетiн болады және осы процедуралар бiткенi туралы Келiсушi Жақтар бiр-бiрiне мәлiмдегеннен кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнi өз күшiне енетiн болады.
      2. Осы баптың 1 тармағындағы ережелерге қарамастан тек Қосымшаға байланысты түзетулер Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындарының арасында келiсiлуi мүмкiн және олардың келiсiмi бойынша күшiне енгiзiледі.

20-бап
Келісім күшінің тоқтатылуы

      1. Кез келген Келiсушi Жақ осы Келiсiмнiң орындалуын тоқтатқаны туралы өз шешiмiн екiншi Келiсушi Жаққа кез келген уақытта мәлiмдеуге құқығы бар. Бiр мезгiлде осындай мәлiмдеме Халықаралық азаматтық авиация ұйымына тапсырылады.
      2. Бұл жағдайда осы Келiсiмнiң күшi екiншi Келiсушi Жақ мәлiмдеме алған күннен кейiнгi он екi (12) айдан кейiн тоқтатылады. Егер екiншi Келiсушi Жақпен мәлiмдеме алғаны туралы расталмаса, онда Халықаралық азаматтық авиация ұйымы дәл осындай мәлiмдеме алған күннен кейiнгi он төртiншi (14) күнi мәлiмдеме алынған деп есептелетiн болады.

21-бап
Көпжақтылық конвенциялар

      Егер жалпылама қабылданған көпжақты әуе Конвенциясы екi Келiсушi Жаққа қатысты күшiне енсе, онда осы Конвенцияның ережелерi үстем болады. Осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес аталмыш көпжақты Конвенцияның осы Келiсiмге әсерiнiң дәрежесiн анықтау мақсатында кеңесулер жүргiзiлуi мүмкiн.

22-бап
Халықаралық азаматтық авиация ұйымында тіркеу

      Осы Келісім және оған кез келген өзгертулер Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Кеңесінде тіркеледі.

23-бап
Күшіне енуі

      Келісуші Жақтар дипломатиялық арналар бойынша осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті процедуралар біткені туралы бір-біріне хабарланғаннан кейінгі екінші айдың бірінші күні осы Келісім күшіне енеді.
      Өздерінің тиісті Үкіметтерімен қажетті үлгіде осыған уәкілденген төмендегі қол қоюшылар баяндалғанды растап, осы құжатқа қол қойды.
      1996 жылғы 7 ақпанында, Алматы қаласында екі дана болып, әрқайсысы қазақ және ағылшын тілдерінде, әрі барлық текстілердің күші бірдей жасалды. Егер дау-дама туындаған жағдайда ағылшын тексті үстемшілік алатын болады.

      Қазақстан Республикасының         Финляндия Республикасының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия
Республикасы Үкіметінің арасындағы әуе қатынасы
туралы Келісімге

      1. Қазақстанның тағайындалған авиакәсіпорнымен екі бағытта пайдаланылуы мүмкін маршруттары:
      Жөнелту     Аралық     Финляндиядағы     Тысқары
      пункттері   пункттері    пункттер        пункттер
      Қазақстандағы  Кез келген  Финляндиядағы  Кез келген
      пункттер       пункттер    пункттер       пункттер

      Барлық қызметтер Қазақстанда басталып, аяқталған жағдайда кез келген немесе барлық ұшулар кезінде тағайындалған авиакәсіпорынның қалауымен аталмыш маршруттарда кез келген пункт немесе пункттері алып тасталуы мүмкін.
      2. Финляндияның тағайындалған авиакәсіпорнымен екі бағытта пайдаланылуы мүмкін маршруттары:
      Жөнелту     Аралық     Финляндиядағы     Тысқары
      пункттері   пункттері    пункттер        пункттер
      Финляндиядағы  Кез келген  Қазақстандағы  Кез келген
      пункттер       пункттер    пункттер       пункттер

      Барлық қызметтер Финляндияда басталып, аяқталған жағдайда кез келген немесе барлық ұшулар кезінде тағайындалған авиакәсіпорынның қалауымен аталмыш маршруттардың кез келген пункті немесе пункттері алып тасталуы мүмкін.
      3. Ұшуларды орындауға берілетін бесінші дәрежедегі еркіндік құқықтары, егер Келісуші Жақтардың авиациялық билік орындарының арасында осы құқықтардың пәрменділігі бойынша келісім бекітілген болса, онда осы құқықтардың жүзеге асуы мүмкін болады.

      Оқығандар:
      Қасымбеков Б.
      Нарбаев Е.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады