Кинематография саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 25 Заңы

      Алматыда 1995 жылғы 10 ақпанда жасалған Кинематография саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Кинематография саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм

*(Келісім 2000 жылғы 27 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 6, 29-құжат)

      Одан әрi тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң үкiметтерi,
      мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты және көпжақты жасалған келiсiмдердi басшылыққа ала отырып,
      кинематографиялық шығармалардың ұлттар үндесуiне айрықша маңызды роль атқаруға жұмылдырғанын ескере келiп;
      әрбiр халықтың өзiнiң әлеуметтiк және мәдени ерекшелiгiн бейнелейтiн кинематографиялық шығармаларға құқығы бар екенiн түсiне отырып, 
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар Достастыққа қатысушы-мемлекеттердiң егемендiгi, тең құқылық принциптерi, осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң әрқайсысында қолданылатын ұлттық заңдылықтарын есепке алу негiзiнде кинематография саласындағы ынтымақтастыққа өздерiнiң ұмтылысын бiлдiредi. 
      Тараптар осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң кинематография саласындағы мемлекеттiк саясаты мына қағидаларға негiзделетiнiн бiлдiредi: 
      мемлекеттiң ұлттық кинематографияны сақтаудағы, қолдаудағы және дамытудағы жауапкершiлiгi; 
      кинематографияны өндiрiстiк, ғылыми, техникалық, ақпараттық базаны дамытудың қажеттiлiгi үшiн көрiнiс табуының мiндеттi түрдегi шарты ретiндегi мәдениеттiң өзiндiк ерекше саласы деп қабылдау; 
      ұлттық киноөнер шығармаларын халықтың кең ортасында лайықты ете алатындай жағдайлар туғызу; 
      шығармашылық еркiндiк, кәсiпкерлiкке, өндiрiске қатысушыларды әлеуметтiк қорғауға, фильмдердi прокаттауға және көрсетуге көмектесу; 
      халықаралық шарттарды сақтау. 
      Тараптар киноөнердi, соның iшiнде фильмдердi жасайтын, прокаттан өткiзетiн және көпшiлiкке көрсетудi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдарға арналған салық және басқа да жеңiлдiктердi заңдастырылған тәртiппен ұсыну арқылы қолдау, әрi дамыту үшiн қажеттi күш-жiгерiн жұмылдырады. 

  2-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында авторлық және аралас құқықтарды қорғау мәселелерiнде автор құқығы туралы 1886 жылғы Берн конвенциясы мен 1952 жылғы Автор құқығы туралы дүниежүзiлiк конвенциясында бекiтiлген қағидаларды, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегi авторлық және аралас құқықтарды қорғау туралы келiсiмдердi басшылыққа алатын болады. 
      Тараптар бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасай отырып, өз мемлекеттерiнiң аумақтарында авторлық және аралас құқықтарды қорғаудың сенiмдi жүйесiн жасауға күш-жiгер жұмылдыратын болады. 

  3-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң барлық аумағында түрлi жанрлардағы ұлттық фильмдердi кең түрде коммерциялық және коммерциялық емес алмасуға және оларды прокаттауға көмектесетiн болады. 
      Осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң ұлттық заңдары Келiсiмге қатысқан мемлекеттерде жасалған ұлттық кинематографиялық туындылар мен кинематографиялық шығармаларды өз аумағында көрсетудi ынталандыратын болады, олардың Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң шекарасы арқылы еркiн қозғалысы мен кеден төлемдерiн ұстаудан босатылуын қамтамасыз етедi. 
      Тараптар осындай көрсетулерге қажеттi әкiмшiлiк формальдiлiктердi мейлiнше жеңiлдетуге және қысқартуға жәрдемдеседi. 
      Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң ұлттық фильмдерiн прокаттауға және көпшiлiкке көрсетуге құқық беретiн құжаттар Келiсiмге қатысушы басқа мемлекеттерде фильмдердi жүргiзу және (немесе) оларға иелiк ету құқықтарын бекiту есебiнде танылады. Осы себептi Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң әрқайсысының тиiстi мемлекеттiк органдары өздерiнiң аумақтарында мемлекеттiң салт-дәстүрлерiн, әдет-ғұрыптарын және ұлттық ерекшелiктерiн ескере отырып прокаттау тәртiбi мен көрермендер аудиториясын шектеудi анықтауға құқылы. 

  4-бап

      Тараптар ұлттық кинематографиялық ұйымдар арасында өндiрiстегi, фильмдердi прокаттау мен көрсетудегi, сондай-ақ өзара өндiрiстiк және шығармашылық қызметтер көрсету саласындағы ынтымақтастықты қолдайтын болады. 
      Тараптар кинематография саласында шығармашылық ынтымақтастықтың әртүрлi үлгiлерiн ынталандыратын және дамытатын болады, қазiргi киноөнерiн дамытуға көмектеседi, киномәдениетiн жетiлдiретiн тәжiрибелiк жұмыстарды қолдайды, ақпараттық алмасуларды, халықаралық фестивальдар мен конкурстарды өткiзудi жүзеге асырады. 

  5-бап

      Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң шекарасы арқылы қозғалысқа түскен кезде кино- және бейнефильмдердi өндiрудi жүзеге асыруға қажеттi тауарларға кедендiк шекараны кесiп өту кезiнде ұсынуы үшiн кинематография басқармасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген олардың түпкiлiктi апарылатын жерi нақтыланғанда ғана кедендiк төлемдер салынбайды.

  6-бап

      Тараптар киноқұрылымы, соның iшiнде кинематография қажеттiлiктерi үшiн кәсiби кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiндегi оқу орындарының оқушылары мен оқытушылары алмасуды жүзеге асырады.

  7-бап

      Тараптар кинематографиялық мұраны сақтаумен өзара пайдалану, ұлттық киномұрағаттар мен киномұражайларды қалыптастыру саласында бiрлесiп iс атқаратын болады.

  8-бап

      Ынтымақтастықты тереңдету мен ұлттық кинематографияны дамыту мақсатында Тараптар халықаралық кинематографиялық ұйымдарды құруға және олардың қызметiне көмек көрсететiн болады. 

  9-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру барысында өзара ынтымақтастық жобаларымен танысу мен дайындау, ұлттық кинематографиялық ұйымдардың бiрлескен қызметiне көмектесу, басқа да мәселелердi талқылау үшiн бiрлескен комиссиялар мен жұмысшы топтары құрылуы мүмкiн. 

  10-бап

      Осы Келісiм Тараптардың кинематография саласында екiжақты және көпжақты шарттар жасасу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
      Келiсiм осы Келiсiмнiң қағидалары мен мақсаттарын бөлiсетiн басқа да мүдделi мемлекеттердiң бiрiгуi үшiн жағдай туғызатын болады.

  11-бап

      Осы Келiсiм үш жылға жасалады және егер Тараптардың бiреуi оның күшiнiң кезектi мерзiмi бiткенге дейiн алты ай қалғанда өзiнiң осы Келiсiмнен шығатындығы жөнiнде депозитарийге хабарламаса, онда келесi үш жылға өздiгiнен ұзартылады.

  12-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап қолданылады және мемлекеттердiң күшіне енуге қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдерiнiң орындалуы туралы үшiншi ескертудi депозитарийге сақтауға берген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Алматы қаласында 1995 жылғы 10 ақпанда орыс тілінде 1 дана түпнұсқада жасалды. Түпнұсқа дана Беларусь Республикасы Үкіметінің мұрағатында сақталады, ол расталған көшірмені Келісімге қол қойған мемлекетке жібереді.

      Әзірбайжан Республикасының         Молдова Республикасының
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

     Армения Республикасының            Ресей Федерациясының
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

     Беларусь Республикасының           Тәжікстан Республикасының
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

     Грузия Республикасының             Түркменстан Республикасының
     Үкiметi үшiн                       Үкіметі үшін

     Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының
     Үкiметi үшiн                       Үкіметі үшін

     Қырғыз Республикасының             Украина Республикасының
     Үкiметi үшiн                       Үкіметі үшін

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады