1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Z952529_ конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат):
30-баптың 2-тармағында: бірінші бөліктегі "Бұл ретте депутаттар коммуналдық қызмет үшін белгіленген тарифтердің елу проценті мөлшерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және нормалар шегінде төлейді." деген сөйлем алып тасталсын; екінші бөлік алып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; N 11, 156-құжат; N 13-14, 194-құжат): 1) 66-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын; 2) 67-баптың 5 және 6-тармақтары алып тасталсын; 3) 69-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "6. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.". Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Нарбаев Е.Ә.)