Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 6 сәуір N 370-I


     Алматыда 1998 жылғы 19 мамырда жасалған Қазақстан Республикасы 
Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық 
автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
                  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
                    Латвия Республикасы Үкіметінің
                   арасындағы халықаралық автомобиль
                          қатынастары туралы
                               Келісім 
     
      (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 26-құжат)
     (1999 жылғы 5 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 84 бет) 
     
     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі, 
бұдан былай Келісуші Тараптар деп аталады,
     екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қолайлы дамуына 
көңіл аудара отырып,


      екі елдің арасында, сондай-ақ олардың аумағы арқылы транзитті автомобиль қатынасын бұдан әрі дамыту талабын басшылыққа ала отырып,
      өзара пайда мен тиімді табыс көру мақсатымен осы Келісімді жасауды шешті.

                             1-бап

      1. Осы Келісімге сәйкес екі ел арасында, олардың аумағы арқылы транзиттік және үшінші елдерге жолаушылардың жүйеленген және жүйеленбеген автобус тасымалдаулары мен тіркемелі және жартылай тіркемелі немесе оларсыз автомобильдермен жүк тасымалдаулар жүзеге асырылады.
      2. Келісуші Тараптардың мыналар осы Келісім шеңберіндегі құзырлы

органдары болып табылады:
     - Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Көлік және 
коммуникациялар министрлігі;
     - Латвия Республикасында - Латвия Республикасының Қатынас министрлігі.
     
                     Жолаушыларды тасымалдау
     
                           2-бап
     


      1. Жолаушыларды автобустармен жүйелi тасымалдау Келiсушi Тараптардың құзырлы органдары арасындағы келiсiмi бойынша және олардың өзара келiсуi бойынша берiлетiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Осындай тасымалдарды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстар Келiсушi Тараптардың құзырлы органдарымен дер кезiнде бiр-бiрiне тапсырылады. Осындай ұсыныстарда мына мәлiметтер болуы тиiс:
      а) тасымалдаушының (фирманың) аты,
      б) сапар маршруты,
      в) қозғалыс кестесi,
      г) тарифi,
      д) тасымалдаушының жолаушыларды отырғызатын және түсiретiн аялдама пункттерi, сондай-ақ тасымал орындау болжанған кезеңi мен жүйелiлiгi.
      3. Келiсушi Тараптардың құзырлы органдары олардың мемлекеттерiнiң аумағы бойынша өтетiн жол бөлшегiне ғана рұқсат бередi.

                           3-бап

      1. Осы Келiсiмнiң 4-бабында қарастырылған тасымалдауды қоспағанда, екi елдiң арасында немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен жолаушыларды автобуспен жүйелi тасымалдауды жүзеге асыру үшiн Келiсушi Тараптардың құзырлы органдарымен берiлетiн рұқсаттар талап етiледi.
      2. Осы баптың 1 тармағында қарастырылған жолаушылардың жүйеленбеген тасымалдауына рұқсат беру туралы сұранымы екiншi Келiсушi Тараптың құзырлы органына тасымалдаушы арқылы жiберiледi.
      3. Осы баптың 1 тармағында қарастырылған рұқсаттар әрбiр жағдайда солай және керi қарай бiр рейс жасауға құқық бередi.

                            4-бап

      1. Осы Келiсiмдегі 3 баптың 1 тармағында қарастырылған рұқсаттар жолаушылардың автобуспен жүйеленбеген тасымалдауын орындау үшiн мына жағдайларда талап етiлмейдi:
      а) автобус тiркелген Келiсушi Тарап мемлекетiнiң аумағында басталатын

және аяқталатын бүкiл жол бойында бiркелкi құрамды жолаушылар тобы сол бiр 
автобуспен тасымалданған жағдайда;
     б) егер жүйеленбеген транзиттiк тасымалдау "жабық есiк" түрiнде
жүзеге асырылған жағдайда.
     2. Бұзылған автобус басқа автобуспен ауыстырылған жағдайда, рұқсат
талап етiлмейдi.
     3. Осы баптың 1 тармағында қарастырылған тасымалдау орындалған кезде, 
автобус жүргiзушiсiнде сапар басталғанға дейiн толтырылған жолаушыларды 
тасымалдау формуляры болуы тиiс.
     
                    Жүктерді тасымалдау
     
                         5-бап
     


      1. Екi ел арасында немесе олардың аумағы бойынша транзитпен, сондай-ақ үшiншi елдерге жүктердi тасымалдау Келiсушi Тараптардың құзырлы органдарымен берiлетiн рұқсаттар негiзiнде тiркемелi немесе олары жоқ немесе жартылай тiркемелi тартқышы бар жүк автомобильдерiмен жүзеге асырылады.
      2. Әрбiр жүк тасымалдауға жеке рұқсат берiледi, ол солай және кейiн қарай бiр рейс жасауға құқық бередi.
      3. Осы Келiсiмде қарастырылған жүк тасымалдау, нысаны халықаралық үлгiге сай келуi тиiс накладнойлар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
      4. Келiсушi Тараптардың құзырлы органдары жүк тасымалдауына жылма-жыл өзара келiсiлiп берiлетiн "Рұқсаттар" бланктерiнiң санын тапсырады. Бұл бланктерде рұқсат берген құзырлы органның мөрiмен бiрге қойған қолы болуы тиiс.

                            6-бап

      1. Осы Келiсiмнiң 5 бабында көрсетiлген Рұқсаттар мына тасымалдауды орындау үшiн талап етiлмейдi:
      а) тұрақты мекен-жайға жылжымалы мүлiктi көшiрген жағдайда;
      б) қайтыс болғандардың денесi мен мәйiтiн тасымалдағанда;
      в) жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған материалдар мен заттарды тасымалдағанда;
      г) спорттық және көрiнiстiк шараларды жүргiзуге, дыбыс жазбалары, теле және кинотүсiрулердi өткiзуге арналған техникалық құралдарды, жабдықтарды, жануарларды және өзге мүлiктер мен инвентарларды тасымалдағанда;
      д) пошта жiберiлiмдердi;
      е) бүлiнген автокөлiк құралдарына техникалық көмек көрсетумен

байланысты;
     ж) табиғи апат жағдайларында және жедел көмек көрсету үшiн 
медициналық жабдықтарды;
     з) тiркеменi қоса толық салмағы 6 тоннадан аспайтын немесе олардың
жүк көтерiмдiлiгi 3,5 тонна болатын жүк автокөлiк құралдарын.
     2. Осы баптың 1 тармағының в) және г) тармақшаларында қарастырылған 
ерекшелiктер тасымалданатын жүк керi шығарылған жағдайда ғана пәрмендi 
болады.
     
                        Жалпы ережелер
     
                           7-бап
     


      1. Егер, жүгi бар немесе жүгi жоқ автокөлiк құралының ауқымы немесе салмағы екiншi Келiсушi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген нормадан асып кеткен жағдайда, сондай-ақ осы аумақта пәрмендi нормалармен тасымалданатын жүктер қауiптi деп анықталған жағдайда, тасымалдаушы екiншi Келiсушi Тараптың органынан арнайы рұқсат алуы тиiс.
      2. Келiсушi Тараптардың құзырлы органдары арнайы рұқсат беру туралы сұранымға, оны алған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей жауап қайтаруға тиiс.
      3. Осы Баптың 1 тармағындағы ескертiлген арнайы рұқсат автокөлiк құралдарының қозғалысын белгiлi маршруты бойынша қарастырған жағдайда, тасымалдау осы маршрут бойынша жүзеге асырылуы тиiс.

                            8-бап

      1. Осы Келiсiмде қарастырылған тасымалдар халықаралық тасымалдауды

жүзеге асыруға өз елiнiң iшкi заңдарына сай рұқсат етiлген 
тасымалдаушылармен ғана орындалуы мүмкiн.
     2. Осы Келiсiмде қарастырылған тасымалдауды жүзеге асыратын
автокөлiк құралдарында өз елiнiң ұлттық тiркеу және айыру белгiлерi
болуы тиiс.
     
                          9-бап
     
     Тиiстi Келiсушi Тараптың құзырлы органының арнайы рұқсатын
алмаған жағдайда, тасымалдаушыға жолаушыларды немесе жүктердi екiншi 
Келiсушi Тараптың мемлекетiнiң аумағында орналасқан екi пункттер арасында 
тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
     
                          10-бап
     
     Автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде ұлттық немесе халықаралық 
жүргiзушi куәлiгi және автокөлiк құралында ұлттық тiркеу құжаты болуы тиiс.
     
                          11-бап     
     


      Келiсушi Тараптардың тасымалдаушылары мен автокөлiк жүргiзушiлерi тасымалдау орындалатын мемлекеттiң аумағындағы жол жүру ережелерi мен тәртiптiк құқықтық нормаларды сақтауға мiндеттi.

                            12-бап

      1. Осы Келiсiмнiң негiзiнде тасымалдауды орындау барысында жүк тасымалдаушылар екiншi Келiсушi Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнетiн мына заттары үшiн кедендiк алымдардан, баждардан және рұқсат алудан босатылады:
      а) дайындаушы - зауытпен қарастырылған техникалық және конструктивтiк жағынан қозғалтқыштың қоректену жүйесiмен және тоңазытқыш қондырғысының қоректену жүйесiмен байланысты сыйымдылықтарда болатын жанармай;
      б) тасымалдауды жүзеге асыруға қажеттi мөлшердегi жағар майлар;
      в) тасымалдауды орындайтын автокөлiк құралын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдар.
      2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер керi әкетiлуге ал алмастырылған бөлшектер елден шығарылуға, немесе Келiсушi Тараптардың кеден өкiлдерiнiң қатысуымен жойылуға тиiс.

                           13-бап

      1. Келiсушi Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнде тiркелген және осы Келiсiмнiң негiзiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жолаушы немесе жүк тасымалдауын орындайтын автокөлiк құралдары осы аумақта көлiк құралдары пайдаланылғаны және оларды иеленгенi, сондай-ақ басқа көлiк операцияларын жүзеге асырғаны үшiн алынатын барлық төлем түрлерiнен, алымдар мен салықтардан өзара босатылады.
      2. Осы Баптың 1 тармағындағы ескертулер жол, көпiр және басқа да құрылыстарды пайдаланғаны үшiн алынатын төлемдерге, қосымша құн салығына және жанар май алғаны үшiн акциздiк салымдарға таратылмайды.

                         14-бап

      Осы Келiсiмде айрықша айтылмаған шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау, сонымен қатар басқа да мәселелерге қатысты, Келiсушi Тараптардың қатысуымен халықаралық келiсiмдердiң ережелерi қолданылады, олар қатыспаған жағдайда әрбiр Келiсушi Тарап мемлекеттерiнiң iшкi заңдары мен ережелерi қолданылады.

                         15-бап

      Ауыр науқастарды тасымалдаған кезде, жолаушылардың жүйелi автобус тасымалдарында, сондай-ақ жан-жануарлар мен тез бұзылатын жүктердi тасымалдау кезiнде шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау кезектен тыс атқарылады.

                          16-бап

      Осы Келiсiмнiң кейбiр ережелерi Келiсушi мемлекеттердiң бiрiнiң аумағында бұзылған жағдайда, автокөлiк тiркелген елдiң құзырлы органы, екiншi Келiсушi Тараптың құзырлы органының өтiнiшi бойынша Осы Келiсiмдi орындауды қамтамасыз етуге қажеттi барлық шаралар мен санкцияларды қабылдайды. Қабылданған шаралар жөнiндегi ақпарат Келiсушi Тараптың құзырлы органына жiберiледi.

                          17-бап

      1. Осы Келiсiмдi орындауға жәрдемдесу және талас туғызатын

мәселелердi шешу үшiн, Келiсушi Тараптар құзырлы органдарының өкiлдерiнен 
Аралас Комиссия құрылады.
     2. Аралас Комиссияның мәжiлiсi Келiсушi Тараптардың бiрiнiң аумағында 
кезекпен жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
     3. Аралас Комиссия Осы Келiсiмнің Атқару Хаттамасын құрастырады.
          
                         18-бап
     Осы Келiсім, Келiсушi Тараптардың жасаған басқа халықаралық 
келісімдер мен шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
     
                          19-бап
    


      1. Келiсiм күшіне кiру үшін қажеттi мемлекет ішіндегі процедураларды

орындауы туралы соңғы мәлiмдеменi алу уақытынан бастап осы Келiсiм күшіне
кiредi.
     2. Осы Келiсiм бiр жыл бойы күшiнде қалады және оның пәрменi Келiсушi 
Тараптардың бiрi шарттың бұзылғанын екіншi Тарапқа кезекті қызмет мерзімi 
аяқталуына 3 ай бұрын мәлiмдемегенге дейiн жылма-жыл өзінен-өзi 
жалғасып отырады.
     Алматы қаласында 1998 жылғы 19 мамырда екi түпнұсқа данамен, қазақ, 
латыш және орыс тілдерінде жасалған, әрi барлық мәтіндердiң бірдей 
заңгерлік күшi бар. Осы Келiсiмдегі кейбiр ережелердiң әр түрлі түсіндірілу
жағдайында негізге орыс тілiндегі мәтін алынады.
     
     Қазақстан Республикасының         Латвия Республикасының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін
     
     
     "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасы
     Үкiметiнiң арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары
      туралы Келiсiмнiң" қазақшаға аударылу сапасы жөнiнде
                         Қорытынды
     


      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасы Үкiметiнiң арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы" Келiсiмдi қазақшаға аудару барысында тәржiмаға қойылатын терминологиялық, стилистикалық және грамматикалық талаптар негiзiнен сақталған деуге болады. Дегенмен алдағы уақытта осындай келiсiмдер жасала қалған жағдайда ескеретiн жәйттер баршылық.
      Мәселен, құжаттың өн бойында жиi кездесетiн "Договаривающиеся Стороны", "компетентные органы" деген ұғымдарды қалыптасқан практика бойынша "Уағдаласушы Тараптар", "құзыреттi органдар" деп алып жүргенiмiз белгiлi. 1-баптағы Латвия Республикасы министрлiгiнiң атауы бас әрiппен жазылуы керек. 1 және 2-баптарда кездесетiн "регулярные" деген сөз "жүйеленген" және "жүйелi" деп екi түрлi аударылған, дұрысы бұлардың екеуi де емес, "тұрақты" болуы керек. Мәтiннiң әр бабы сайын дерлiк кездесетiн "бап, тармақ" деген сөздердiң алдындағы реттiк саннан кейiн дефис белгiсi

қойылмаған.
     Осындай олқылықтары болғанымен, Келiсiмге ертеректе қол қойылып 
кеткенiн ескере отырып, оны Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi 
депутаттарының қарауына ұсынуға болады деп есептеймiз. Ал жоғарыда 
айтылған ескертпелердi СIМ аудармашылары болашақта ескергенi жөн.
     
     Редакциялық-баспа
     бөлімінің меңгерушісі
 
     Мамандар:
       Қобдалиева Н.М.
       Орынбекова Д.К. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады