Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 24 маусым N 401


     Бухаресте  1998 жылғы 21 қыркүйекте жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы табыс пен 
капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды 
болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция 
бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің
      арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты
         қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден
                     жалтаруға жол бермеу туралы 
                             Конвенция
     


      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі екі Мемлекет арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени байланыстарды нығайту мен дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып және Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны жасасуға ниет білдіре отырып,
      мыналар туралы уағдаласты:
                                1-бап



                    Конвенция қолданылатын тұлғалар

      Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
                                2-бап



                    Конвенция қолданылатын салықтар

      1. Осы Конвенция оларды алу әдiстерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерi немесе жергiлiктi өкiмет органдары алатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға қолданылады.
      2. Жылжитын және жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға

салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, 
капиталдың жалпы сомасынан, немесе табыстың немесе капиталдың жеке 
элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi, сондай-ақ капитал 
өсiмiнен алынатын салықтар табыс пен капиталға салынатын салықтар деп 
есептеледi.
     3. Осы Конвенция қолданылатын қазiр алынып жүрген салықтар 
мыналар болып табылады, атап айтқанда:
     а) Қазақстан Республикасында:
     (i) заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық; 
     (іі) мүлiкке салынатын салық;
     (бұдан әрi - "Қазақстан салығы" деп аталады);
     b) Румынияда:
     (i) жеке тұлғалар алатын табысқа салынатын салық;
     (ii) түскен пайдаға салынатын салық;
     (ііi) жалақыға және басқа осындай сыйақыларға салынатын салық;
     (iv) ауыл шаруашылық қызметiнен түсетiн табыстарға салынатын салық;
     (v) дивидендтерге салынатын салық;
     (vi) ғимараттарға және ғимараттар мен құрылыстар салынған жерге 
салынатын салық;
     (бұдан әрi - "Румыния салығы" деп аталады).
     4. Конвенция сондай-ақ осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн 
қолданылып жүрген салықтарға немесе солардың орнына қосымша алынатын 
оларға бара-бар немесе iс жүзiнде оларға ұқсас кез келген салықтарға 
қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары өздерiнiң тиiстi 
салық заңдарына енгiзiлетiн кез келген елеулi өзгерiстер жайында бiр-бiрiне
мәлiмдеп отырады.
     
                                3-бап
                          Жалпы айқындамалар
     
     1. Егер контекстен өзге туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:


      а) "Уағдаласушы Мемлекеттер" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi контекс талабына қарай, Қазақстанды немесе Румынияны бiлдiредi;
      b) терминдер:
      (i) "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi. Жағырапиялық мағынада қолданғанда "Қазақстан" терминi халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгiлi бiр мақсаттар үшiн егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын және Қазақстан салықтарын реттейтiн заңдар қолданылатын аумақтық суларды, сондай-ақ айрықша экономикалық аймақ пен құрлықтық шельфтi қамтиды; және
      (ii) "Румыния" терминi Румынияны бiлдiредi және, жағырапиялық мағынада қолданғанда, Румыния өзiнiң iшкi мемлекеттiк заңдары мен теңiз суларындағы, теңiз түбiндегi және осы сулардың топырақ асты қабатындағы табиғи, биологиялық және минералдық ресурстарды барлауға және пайдалануға қатысты халықаралық құқықтарға сәйкес, егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аумақтық теңiзiн, сондай-ақ айрықша экономикалық аймағын қоса алғанда, Румынияның аумағын бiлдiредi;
      с) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны немесе тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн қамтиды;
      d) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк құрылым ретiнде қарастырылатын кез келген корпоративтiк құрылымды немесе кез келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
      е) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
      f) "халықаралық тасымал" терминi теңiз, әуе кемесi немесе темiр жол көлiгi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны пайдаланатын теңiз, әуе көлiгiмен немесе темiр жол көлiгiмен жүзеге асырылатын кез келген тасымалды бiлдiредi;
      g) құзыреттi орган" терминi мыналарды бiлдiредi:
      (i) Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
      (ii) Румынияда: Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн;
      h) "ұлттық тұлға" терминi мыналарды бiлдiредi:
      (i) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген тұлғаны;
      (ii) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы заңдары негiзiнде өз мәртебесiн алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе кез келген басқа ассоциацияны;
      2. Уағдаласушы Мемлекет Конвенцияны қолданған кезде онда айқындалмаған кез келген термин, егер контекстен басқаша туындамаса, осы Конвенция қолданылатын салықтар жөнiнде осы Мемлекеттiң заңдары бойынша ол қандай мағынада пайдаланылса, сондай мағынаға ие болады.
                                4-бап

Резидент


      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi, осы мемлекеттiң заңдары бойынша өзiнiң тұрғылықты жерi, резиденттiгi, басқару орны, құрылу орны, тiркелу орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiредi.
      Алайда бұл термин тек осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға байланысты ғана осы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Жеке тұлға 1-тармақтың ережелерi негiзiнде сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылған жағдайларда, оның мәртебесi былайша айқындалады:
      а) ол өзiнің меншiгiне жататын тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Мемлекеттердiң ешқайсысында да өзiнің иелiгiндегi тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      с) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың ешқайсысында да тұрмаса, ол өзi азаматы болып саналатын Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      d) егер ол Мемлекеттердiң екеуiнiң де азаматы болса немесе ешқайсысының да азаматы болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мәселенi өзара келiсу бойынша шешедi.
      3. Егер жеке тұлғадан өзге тұлға 1-тармақтың ережелерi себебiнен Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, құзыреттi органдар мәселенi өзара келiсу бойынша шешедi. Егер құзыреттi органдар мұндай келiсiмге келе алмаса, мұндай тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң

ешқайсысының да резидентi деп саналмайды және осы Конвенцияның 
артықшылықтарын пайдалана алмайды.
        
                                5-бап
                            Тұрақты мекеме
     
     1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi ол 
арқылы кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге 
асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
     2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
     а) басқару орнын;
     b) бөлiмшенi;
     с) офистi;
     d) фабриканы;
     е) шеберхананы;
     f) ферманы немесе кез келген егiс алқабын; және 


      g) шахтаны, мұнай немесе газ скважинасын, кенiштi немесе табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген кен орнын.

      3. "тұрақты мекеме" терминi сондай-ақ мыналарды қамтиды:
      а) құрылыс алаңын немесе құрылыс салу, монтаждау немесе құрастыру объектiсiн немесе осы жұмыстардың орындалуын қадағалауға байланысты қызметтердi, тек егер мұндай алаң немесе объект 12 айдан астам уақыт iстеп келсе немесе мұндай қызмет 12 айдан астам уақыт көрсетiлiп келсе ғана;
      b) монтаждау немесе бұрғылау қондырғыларын немесе кемелердi пайдалануды, немесе Уағдаласушы Мемлекетте немесе табиғи ресурстарды барлау және пайдалану үшiн осы жұмыстардың орындалуын бақылауға байланысты қызметтердi, тек егер мұндай пайдалану 12 айдан астам уақыт созылса, немесе осындай қызмет 12 айдан астам уақыт көрсетiлсе ғана;
      с) осы мақсаттар үшiн кәсiпорын жалдап алған қызметшiлер немесе басқа персонал арқылы кәсiпорын көрсеткен консультативтiк қызметтердi қоса алғанда, көрсетiлген қызметтердi, тек егер мұндай сипаттағы қызмет (осындай немесе соған байланысты жоба үшiн) жалпы алғанда 12 айдан асатын кезеңде немесе кезеңдерде жалғасса ғана.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне тәуелсiз, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтитын болып қарастырылмайды:
      а) табыс алмай-ақ, құрылыстарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды тек сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      b) табыс алмай-ақ, кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек өзге кәсiпорынның ұқсату мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      d) уақытша жәрмеңкеге немесе көрмеге қойылған кәсiпорынға тиесiлi тауарлар мен бұйымдарды аталған жәрмеңке немесе көрме жабылғаннан кейiн сату;
      е) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
      f) тұрақты қызмет орнын тек кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды;
      g) а)-дан f)-ке дейiнгi тармақшаларда аталған қызмет түрлерiн кез келген қиыстыруды жүзеге асыру үшiн ғана тұрақты iс-әрекет орнын ұстауды, тек мұндай қиыстыру нәтижесiнде пайда болған тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметi дайындық немесе қосалқы сипатта болған жағдайда ғана.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер 7-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорын атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiм-шарттар жасауға өкiлеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, онда бұл кәсiпорын осы тұлға кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез келген қызмет жөнiнде осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады, алайда осындай тұлғаның 4-тармақта көрсетiлген, тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылған күннiң өзiнде осы тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын қызметпен шектелетiн жағдай бұған қосылмайды.
      6. Осы баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң сақтандыру кәсiпорны, қайта сақтандыруды қоспағанда, егер ол осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында сақтандыру жиындарын жинайтын немесе ол 7-тармақтың ережелерi қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға арқылы онда орналасқан тәуекелдi нәрселердi сақтандыратын болса, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
      7. Кәсiпорын кәсiпкерлiк қызметiн Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, егер осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаса, осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.
      8. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы (не тұрақты мекеме арқылы не басқадай жолмен айналысуы) фактiсiнiң өзi осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.
                                6-бап



                 Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысқа (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан табысты қоса алғанда) осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңы бойынша қандай мағынада қолданылса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер иелiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктың және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа табиғи қазбаларды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды және жоғарыда аталғандарды игеру құқығын қамтиды; теңiз, әуе кемелерi, жердегi және темiр жол көлiгi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа жолмен пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi, сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.
                                7-бап



                  Кәсіпкерлiк қызметтен алынатын пайда

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналыспаса немесе айналыспаған болса, мұндай кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғанындай, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын немесе айналысқан болса, онда оның пайдасына екiншi Мемлекетте салық салынуы, бiрақ мыналарға:
      а) осындай тұрақты мекемеге;
      b) тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарлармен немесе бұйымдармен бiрдей немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды осы екiншi Мемлекетте сатуға; немесе
      с) өзiнiң сипаты жөнiнен осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметпен сәйкес келетiн немесе ұқсас осы екiншi Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсiпкерлiк қызметке қатысты бөлiгiнде ғана салынуы мүмкiн.
      2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын немесе айналысқан болса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысып, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде төмендегi шығындар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе одан тысқары жерде жұмсалған-жұмсалмағанына қарамастан, басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қоса алғанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды шегерiп тастауға болады.
      Тұрақты мекеменiң бас офисiне немесе резиденттiң басқа офистерiнің кез келгенiне патенттер және басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, алымдар немесе басқа да ұқсас төлемдер төлеу арқылы немесе нақты қызметтер көрсеткенi үшiн немесе менеджмент үшiн комиссиялық ақы төлеу арқылы немесе тұрақты мекемеге несиеге берiлген сомаға проценттер төлеу арқылы төленген сомаларды тұрақты мекемеге шегерiп тастауға болмайды.
      4. Егер әдетте Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы кәсiпорынның әртүрлi бөлiмшелерiне оның пайдасының жалпы сомасын сайма-сай бөлу негiзiнде айқындалу қабылданса, 2-тармақтағы ештеңе де осы Уағдаласушы Мемлекетке әдетте қабылданғанындай, осылай бөлу арқылы айқындауға тыйым салмайды; алайда сайма-сай бөлудiң таңдап алынған әдiсi осы бапта айтылған принциптерге сәйкес келетiн нәтижелер беруге тиiс.
      5. Тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тек қана тауарлар немесе бұйымдар сатып алуы нәтижесiнде ғана осы тұрақты мекемеге әлдеқандай пайда есептелмейдi.
      6. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке айтылатын мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табыс немесе табыстар түрлерiн қамтитын болса, онда ол баптардың ережелерi осы баптың ережелерiне қатысты болмайды.
      7. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге тиесiлi пайда, егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, жылма-жыл бiркелкi тәсiлмен айқындалады.
                                8-бап



                         Халықаралық тасымалдар

      1. Теңiз, әуе кемелерiн немесе темiр жол көлiгiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға, кәсiпорынды тиiмдi басқару орталығы орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Егер теңiз кәсiпорнын тиiмдi басқару орталығы кеменiң бортында орналасса, онда ол кеме тiркелген порт орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте, немесе, егер мұндай порт болмаса, кеменi пайдаланатын адам резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан деп есептеледi.
      3. 1-тармақтың ережелерi, сондай-ақ пулға, бiрлескен кәсiпорынға немесе халықаралық пайдалану агенттiгiне қатысудан алынатын пайдаға қолданылады;
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген пайда теңiз, әуе кемелерiн және темiр жол көлiгiн халықаралық пайдаланудан қызметi өзгеше қонақ үйдi пайдаланудан алынатын табысты қамтымайды.
                                9-бап



                       Ассоцияланған кәсiпорындар

      1. Егер:
      а) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      b) белгілi бiр тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса;
      және әрбiр жағдайда кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны осы Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасында жасалған жағдайлар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағы жағдайлардай болса, онда осы екiншi Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзетулер жасай алады. Осындай түзетулердi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа ережелерi қаралуға тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiне консультация бередi.
                                10-бап

Дивидендтер


      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда осындай дивидендтерге дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы дивидендтердiң нақты иесi болса, онда осындай алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайды.
      Бұл тармақ дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
      3. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ дивидендтердi бөлетiн компанияның резидентi болып табылатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секiлдi дәл сондай салық реттеуiне жататын компанияға қатысудың басқа да корпоративтiк құқықтарынан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң нақты иесi дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып отырған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, онда 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет, мұндай дивидендтер осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерге қандай да болсын салық сала алмайды.
      6. Осы Конвенцияның ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұрақты мекемесi бар компанияға табыс салығына қосымша осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Осы ереженiң мақсаттары үшiн табысқа қосымша салық әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң iшкi заңдарына сәйкес белгiленедi.
                                11-бап

Проценттер


      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай проценттерге сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы проценттердiң нақты иесi болса, онда осылай алынған салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
      3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған проценттер, егер оларды екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметi, немесе оның әкiмшілiк-аумақтық бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы, немесе осы Yкiметтiң, оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органының кез келген агенттiгi немесе банк бөлiмшесi немесе мекемесi алса және олар iс жүзiнде тиесiлi болса, немесе, екiншi Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң борыштық талаптары кепiлдiкпен сақтандырылған немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметiне толықтай қарасты қаржылық мекемеден тiкелей қаржыландырылған болса, осы Мемлекетте салық салудан босатылады.
      4. "Проценттер" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты, үкiметтiң бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, соның iшiнде осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйақылар мен ұтыстарды бiлдiредi. Төлемдердiң уақытында жасалмағаны үшiн салынатын айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын проценттердiң нақты иесi проценттер пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және проценттер төлеуге негiз болып отырған борыш талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi Мемлекеттiң өзi, оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттің резидентi болып табылса, проценттер осы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер проценттер төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте проценттер төленетiн қарыз пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      7. Егер проценттер төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себептi төленетiн проценттердiң төлеушi мен олардың нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы тиiс.
      8. Егер өзiне қатысты проценттер төленетiн кез келген борыш талаптарының жасалуына немесе жүктелуiне байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi құқықтарды осылай жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
                                12-бап

Роялти


      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда мұндай роялтиге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ роялти алушы оның нақты иесi болып табылса, онда осылай алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
      3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде әдебиет, өнер және ғылыми жұмыс шығармаларына, соның iшiнде кинематографиялық фильмдерге және радио немесе теледидарға арналған фильмдерге немесе таспаларға, спутниктiк, кабельдiк, оптикалық-талшықтық немесе осыларға ұқсас технологиялар арқылы бұқаралық жарияланымға, кез келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе моделге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске, немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе кез келген өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпаратқа кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн сыйақы ретiнде алынатын төлемдердiң, заттай төлемдердi қоса, кез келген түрiн бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң нақты иесi роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және роялти өздерiне қатысты төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi Мемлекеттiң өзi, оның әкiмшілiк бөлiмшесi, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти осы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - бұған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу мiндеттемесiнiң пайда болуына қатысты тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай роялти осы тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      6. Егер роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болуы себептi төленетiн роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнің басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн мән бере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
      7. Егер өзiне қатысты роялти төленетiн құқықты жасауға немесе беруге байланысы бар кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осындай құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, бұл баптың ережелерi қолданылмайды.
                                13-бап

Делдалдық жарналар


      1. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн делдалдық жарналарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес, олар туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте де делдалдық жарналарға салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы делдалдық жарналардың iс жүзiндегi иесi болса, мұндай жолмен алынатын салық делдалдық жарналардың жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
      3. "Делдалдық жарналар" терминi, осы бапта қолданылуында, делдалдық жағдайда жұмыс iстейтiн брокерге, немесе делдалдық жағдайда жұмыс iстейтiн агентке, немесе брокерге теңестiрiлген кез келген өзге тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекетте бұндай төлемдер пайда болатын Уағдаласушы Мемлекеттiң салық заңдарына сәйкес төленетiн төлемдердi бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын делдалдық жарналардың iс жүзiндегi иесi онда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы делдалдық жарналар пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырып келсе, немесе осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты базасынан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және делдалдық жарналар төленетiн әрекет шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылады. Бұл ретте жағдайларға байланысты 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) және 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi Мемлекеттiң өзi, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, делдалдық жарна осы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, делдалдық жарнаны төлеушi тұлға, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болғанына немесе болмағанына, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы бар екендiгiне, осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты болғанына, оның iс-әрекетiне делдалдық жарналарды төлеу мiндеттемесi белгiленгенiне және мұндай делдалдық жарналар тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептелуiне қарамастан, мұндай делдалдық жарналар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      6. Егер төлеушi мен делдалдық жарналардың iс жүзiндегi иесi арасындағы, немесе олардың екеуi мен әлдеқандай басқа тұлға арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан орындалған жұмыс үшiн төленген делдалдық жарнаның сомасы, мұндай қатынастар болмаған кездегi төлеушi мен делдалдық жарналардың iс жүзiндегi иесi арасындағы келiсiлген сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң артық бөлiгi әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес, осы Конвенцияның басқа да ережелерiн ескере отырып, салық салуға жатқызылады.
                                14-бап



                 Мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табыстар

      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) айтылған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алатын табыстарына, немесе әрiптестiктегi үйлестерге, немесе активтерi толығымен немесе көп бөлiгiнде осындай мүлiктен тұратын компания акцияларына, немесе активтерi толығымен немесе көп бөлiгiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен тұратын трасталарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мемлекеттiк кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлi тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен алынған табыстарға, соның iшiнде осындай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынған табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерiн және темiр жол көлiгiн шеттеуден және осындай теңiз, әуе кемелерi немесе темiр жол көлiгiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi шеттетуден алған табыстарға мекеменi тиiмдi басқарудың орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
      4. 1, 2 және 3-тармақтарда көрсетiлгеннен басқа кез келген мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
                                15-бап



                         Тәуелсiз жеке қызметтер

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кәсiби немесе тәуелсiз сипаттағы басқа да ұқсас қызметтер көрсетуден алған табысқа, егер осындай қызметтер екiншi Уағдаласушы Мемлекетте көрсетiлмейтiн немесе көрсетiлмеген болса; және
      а) табыс жеке тұлға екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүйелi түрде ие болып отырған немесе ие болған тұрақты базаға қатысты алынған болса; немесе
      b) осындай жеке тұлға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кез келген 12 айлық кезеңнiң тиiстi күнтiзбелiк жылда басталатын немесе аяқталатын жалпы алғанда 183 күнiнен асып түсетiн кезең немесе кезеңдер бойы осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болып жүрсе немесе жүрген болса, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      а) немесе b) тармақшаларында айтылған қызметтерге байланысты табыс 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) принциптерi сияқты, тура пайдалардың сомасын анықтаудың және кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайдаларды тұрақты мекеменiң немесе тұрақты базаның пайдасына жатқызудың принциптерiне сәйкес, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Кәсiби қызметтер" терминi, атап айтқанда, мәдениет пен өнер қызметкерлерiнiң тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтерiн, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметiн қамтиды.
                                16-бап



                         Тәуелдi жеке қызметтер

      1. 17-баптың (Директорлардың сыйақылары), 19-баптың (Зейнетақылар), 20-баптың (Мемлекеттiк қызмет) ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған ырыздықақыға және басқа да осындай сыйақыларға, егер тек жалданып жұмыс iстеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша жүзеге асырылса, онда осыған байланысты алынған сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, егер:
      а) алушы тиiстi күнтiзбелiк жылда басталатын және аяқталатын кез келген дәйектi 12 айлық кезеңнің iшiнде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы екiншi Мемлекетте болса; және
      b) сыйақыны екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      с) сыйақыны жалдаушының екiншi Мемлекеттегi тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы төлемесе, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жалданып iстеген жұмысына байланысты алатын сыйақыға тек бiрiншi аталған Мемлекетте салық салынады.
      3. Осы баптың бұның алдындағы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерiнiң бортында немесе темiр жол көлiгiнде орындалатын, жалдама жұмыстарға қатысты алынған сыйақыларға кәсiпорынды тиiмдi басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
                                17-бап



                         Директорлардың сыйақылары

      Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi директорлар кеңесiнiң мүшесi немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның соған ұқсас органының мүшесi ретiнде алған директорлардың сыйақыларына және басқа да осындай төлемдерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
                                18-бап



                    Өнер қызметкерлерi мен спортшылар

      1. 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 16-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер) ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер секiлдi өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнің жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының өзiнiң осы сипатта жүзеге асырған жеке қызметiнен алынатын табысы өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа, 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда), 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 16-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер) ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, 1-тармақта айтылған, мәдени немесе спорт алмасулары шеңберiндегi екi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметтерiмен келiсiлген және пайда алу мақсатында жүзеге асырылмаған табыс осындай әрекет жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.
                                19-бап



                   Зейнетақылар мен басқа да төлемдер

      1. 20-баптың (Мемлекеттiк қызмет) 2-тармағының ережелерiн есепке ала отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрынғы жұмысына қатысты төленетiн зейнетақыларға және басқа да осындай сыйақыларға және осы резидентке төленетiн кез келген аннуитетке тек осы Мемлекетте салық салынады.
      2. "Аннуитет" терминi балама және толық сыйақының орнына ақшалай немесе ақша құнымен төлем жасау мiндеттемесi болғанда бүкiл өмiр бойы немесе белгiлi бiр не белгіленетiн уақыт кезеңiнде жеке тұлғаға белгiленген уақытта жүйелi түрде төленiп тұратын белгiленген соманы бiлдiредi.
                                20-бап

Мемлекеттiк қызмет


      1. а) Жеке тұлғаға Уағдаласушы Мемлекет немесе оның бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органдары осы Мемлекетке немесе оның бөлiмшесiне болмаса жергiлiктi өкiмет органына көрсетiлетiн қызметiне қатысты төлейтiн зейнетақыдан басқа сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады;
      b) Алайда, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
      (i) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылса, немесе
      (ii) қызметтi жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаса, осындай сыйақыға тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы немесе олар құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның бөлiмшесi, немесе өкiмет органы үшiн жүзеге асырған қызметiне төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
      b) Алайда, егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болып табылса ғана, мұндай зейнетақыға тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
      3. 16-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер), 17-баптың (Директорлардың сыйақылары) және 19-баптың (Зейнетақылар және басқа төлемдер) ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесiнiң немесе жергiлiктi органның кәсiпкерлiк iс-әрекеттi орындауына байланысты жүзеге асырылатын қызметке қатысты сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.

                             21-бап
                   Студенттер және тағылымгерлер

      1. Екінші Уағдаласушы Мемлекетте техникалық, кәсіби немесе кәсіпкерлік даярлықтан өтіп жүрген студент немесе тағылымгер ретінде екінші Уағдаласушы Мемлекетте уақытша жүрген Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің оның мекендеп тұруы, білім алуы немесе тағылымнан өтуі үшін шетелден алған төлемдеріне қатысты, сондай-ақ оқып жүрген кезеңіндегі шәкіртақыға қатысты 7 жыл бойы салық салынбайды.
      2. Егер сыйақы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын студентке немесе тәлімгерге екінші Мемлекетте көрсеткен қызметі үшін төленсе, мұндай қызмет оның білім алуына, мекендеп тұруына немесе тәлімдемеден өтуіне байланысты болса, осы басқа Мемлекетте 3 жыл бойы салық салынбайды.

                             22-бап
                   Профессорлар мен зерттеушiлер

      1. Уағдаласушы Мемлекетке өзi барардың нақ алдында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған және бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте негiзiнен университетте, колледжде, мектепте немесе бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекеттің үкiметi ресми түрде таныған оқу орнында дәрiс беру мақсатымен жүрген жеке тұлға бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте өзi алғаш рет келген күннен бастап екi жылдан аспайтын уақыт iшiнде осындай оқыту, дәрiс беру үшiн төленетiн сыйақыларға қатысты бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.
      2. Егер зерттеулер мемлекеттiң мүддесi үшiн емес, негiзiнен, нақты тұлғаның немесе тұлғалардың жеке пайдасы үшiн жүргiзiлсе, осы Баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайды.
                                23-бап

Басқа да табыстар


      Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң екiншi Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және осы Конвенцияның бұдан бұрынғы баптарында қарастырылмаған табыс түрлерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
                                24-бап

Капитал


      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң меншiгi болып табылатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) аталған жылжымайтын мүлiк ретiнде ұсынылған капиталға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекенiн кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң қарамағындағы тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерi және темiржол көлiгi, және осындай теңiз, әуе кемелерiн және темiр жол көлiгiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға тек кәсiпорынды тиiмдi басқару орталығы орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте салық салынады.
                                25-бап



                       Қосарланған салық салуды жою

      1. Қазақстан жағдайында қосарлаған салық мынадай жолмен жойылады:
      а) Егер Қазақстанның резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес Румынияда салық салынуы мүмкiн табыс тапса немесе капиталы болса, онда Қазақстан:
      (i) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан Румынияда төленген табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
      (ii) осы резиденттiң капиталына салынған салықтан Румынияда төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға рұқсат етедi.
      Алайда, осылай шегерулер кез келген жағдайда Румынияда салық салынуы мүмкiн табысқа немесе капиталға қатысты шегеру берiлгенге дейiн есептелген табыс салығының немесе капиталға салынатын салықтың бөлiгiнен аспауға тиiс;
      b) Егер Конвенцияның ережесiне сәйкес Қазақстан резидентiне тиесiлi алынған табыс немесе капитал Румынияда салықтан босатылған болса, онда Қазақстан, алайда, осындай резиденттiң қалған табысына немесе капиталына салынатын салық сомасын есептеген кезде салықтан босатылған табысты немесе капиталды есепке алуы мүмкiн.
      2. Румыния жағдайында қосарлаған салық мұндай жолмен жойылады:
      Егер Румынияның резидентi 10 (Дивидендтер), 11 (Проценттер), 12 (Роялти) және 13 (Делдалдық жарналар) баптарында айтылған табысты немесе табыс түрлерiн, немесе пайданы, Қазақстанның заңдары бойынша және осы Конвенцияға сәйкес мүлiк құнының өсiмiн алса, немесе капиталы болса, Қазақстанда салық салынуы мүмкiн, онда Румыния табысқа, табыстың түрлерiне, пайдаға, мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табысқа немесе капиталға салынатын салықтан Қазақстан төленген салықтың сомасына тең соманы есептен шығарып тастауға мүмкiндiк бередi.
      Алайда, есептеменiң сомасы осындай табысқа, табыстың түрлерiне, пайдаға немесе мүлiк құнының өсiмiне немесе капиталға салынатын, Румынияның салық заңдарына және нормаларына сәйкес есептелген Румын салығының сомасынан аспауға тиiс.
                                26-бап

Кемсiтпеу


      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы екiншi Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемеге екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осы екiншi Мемлекетте нақ осындай қызметпен айналысатын осы екiншi Мемлекеттiң кәсiпорынына салық салудан қолайсыздау болмауға тиiс. Осы Ереже екiншi Уағдаласушы Мемлекет резидентiне оның өз резиденттерiне азаматтық дәреже немесе отбасы мiндеттерi есебiнен беретiн салық салудағы қандай да бiр жеке жеңiлдiктер, босатулар немесе шегерiмдердi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiреуiн мiндеттейтiндей болып қарастырылмауы тиiс.
      3. 9-баптың (Ассоцияланған кәсiпорындар) 1-тармағының, 11-баптың (Проценттер) 7-тармағының, 12-баптың (Роялти) 6-тармағының, немесе 13-баптың (Делдалдық жарналар) 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаты үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттің резидентiне олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс. Сонымен Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез келген қарызы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаттары үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiнің қарызы қалай шегерiлсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуға тиiс.
      4. Капитал екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің бiр немесе бiрнеше резидентiне немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тiкелей не жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерден өзгеше болмаса анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерге бiрiншi аталған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.
                                27-бап



                        Өзара келiсiп алу рәсiмi

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көздеген қорғану құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидент болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның бастан кешiрген жағдайы 26-баптың (Кемсiтпеушiлiк) 1-тармағына қатысты болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органдарының қарауы үшiн бере алады. Арыз Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер жайлы алғашқы хабар берілген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
      2. Құзырлы орган, егер ол шағымды орынды деп есептесе және өзi қанағаттандырарлық шешiмге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында бар қандай да бiр уақытша шектеулерге қарамастан орындалуға тиiс.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осы Конвенцияны пайдалану немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмән-күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге күш салады. Олар сондай-ақ Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мұның алдындағы тармақтарды келiсiп алуға қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер Келiсiмге қол жеткiзу үшiн ауызша пiкiр алысуды ұйымдастыру қажет болса, осындай пiкiр алысу Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдарының өкiлдерiнен тұратын комиссия мәжiлiсi шеңберiнде өткiзiлуi мүмкiн.
                                28-бап



                     Салықтарды жинауға көмектесу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы бапта "салық талабы" деп аталған салықтарға жататын мерзiмi өткен төлемдердiң проценттерiмен, айыппұлдарымен және қылмысты сипаттағы айыппұлсыз өнiмдермен қоса, салықтарды жинауда бiрiне бiрi көмек көрсетуге мiндеттенедi.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының салық талабы осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық талабы түпкiлiктi белгiленгенiн осындай органның растауын қажет етедi. Осы баптың мақсаты үшiн салық талабы, егер Уағдаласушы Мемлекет өз iшкi заңдарына сәйкес салық жинауда салық талабын орындауға құқықты болса және салық төлеушi мұндай салықты тежеуге бұдан әрi құқықсыз болса, салық талабы түпкiлiктi белгiленген болып табылады.
      3. Көмек көрсету туралы тiлектiң мазмұны болып табылатын талап осындай көмек көрсететiн Уағдаласушы Мемлекетте есептелетiн салықтардан басым болмайды және 27-Баптың (Өзара келiсiп алу рәсiмi) 1-тармағының ережелерi осы бапқа сәйкес, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн кез келген ақпаратқа қолданылады.
      4. Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң органы жинау үшiн қабылдаған Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының салық талабын екiншi Мемлекет оның өзiнiң салықтарымен байланысты болғандай тұрғыда жинайды.
      5. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы жинаған салықтардың сомасы осы бапқа сәйкес екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi.
      6. Осы бапқа сәйкес, егер салық талабы салық төлеушi бiрiншi немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмаған кезеңге жататын болса, Уағдаласушы Мемлекетке салық төлеушiге қатысты бөлiгiнде салық жинауда көмек көрсетiлмейдi.
      7. Осы Конвенцияның 2-бабының (Конвенция қолданылатын салықтар) ережелерiне қарамастан осы баптың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң салық заңдарына сәйкес белгiленген салықтың кез келген түрлерiне қолданылады.
      8. Осы баптың ережелерi өзiне тиесiлi салықтарды жинау кезiнде қолданылатын, оның мемлекеттiк саясатына (қоғамдық практикаға) қайшы келетiн осындай сипаттағы шараларды кез келген Уағдаласушы Мемлекетке мiндеттейтiн тұрғыда пайымдалмауға тиiс.
                                29-бап

Ақпарат алмасу


      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осы Конвенцияның ережелерiн немесе салық салу әзiрше Конвенцияға қайшы келмейтiндей дәрежеде Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарын орындау үшiн қажеттi ақпарат алысып тұрады. Ақпарат алысу 1-баппен (Конвенция қолданылатын тұлғалар) шектелмейдi.
      Уағдаласушы Мемлекет алатын кез келген ақпарат осы Мемлекеттiң iшкi заңдарының шеңберiнде алынған ақпарат секiлдi құпия болып есептеледi және Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, күшпен жинап алумен немесе тиiстi сот қудалауымен немесе қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соның iшiнде соттар мен әкiмшiлiк органдарына) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде аша алады.
      2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерге:
      а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;
      b) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
      с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны не сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада пайдаланылмауға тиiс.
                                30-бап



                  Дипломатиялық миссиялар мен консулдық

                          қызметтердің мүшелерi
     
     Осы Конвенцияның ештеңесi дипломатиялық миссиялардың немесе 
консулдық қызметтердiң мүшелерiнiң халықаралық құқықтардың жалпы 
нормаларымен немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген 
салықтық артықшылықтарына қолданылмайды.
     
                                31-бап
                              Күшiне енуi
     


      Осы Конвенция бекiтiлуге жатады және екi Уағдаласушы Мемлекет оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi заң ресiмдерiн әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте аяқтағанын мәлiмдейтiн соңғы хабарлама жасалған күннен соң 30-шы күнi күшiне енедi.

     Конвенция мыналарға:
     а) Конвенция күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 
1 қаңтарында немесе одан кейiн алынған табысқа салынатын кiрiс 
көздерiнен ұсталатын салықтарға қатысты; және 
     b) Конвенция күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 
1 қаңтарында немесе одан кейiн алынған пайдаға, кiрiске және капиталға 
салынатын басқа да салықтарға қатысты қолданылады.
     
                                32-бап
                           Әрекетiн тоқтатуы
     
     1. Осы Конвенция күшiнде шексiз қала бередi.


      2. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет Конвенция күшiне енген жылдан кейiнгi 5 жылдық кезең аяқталған соң кез келген күнтiзбелiк жылдың 30 маусымында немесе соған дейiн Конвенцияның қолданылу күшiн тоқтату туралы дипломатиялық арналар бойынша екiншi Уағдаласушы Мемлекетке жазбаша хабар жiбере алады.
      Мұндай жағдайда бұл Конвенция:
      а) қолданысын тоқтату туралы мәлiмдеме берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейiн алынған табысқа салынатын салықтарға қатысты; және
      b) қолданысын тоқтату туралы мәлiмдеме берiлген жылдан кейiн келетiн тоқтату жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейiн алынған пайдаға, кiрiске және капиталға салынатын басқа да салықтарға қатысты - өзiнiң әрекетiн тоқтатады.

     Осыны куәландыру үшін, өздерінің Үкіметтері тиісті дәрежеде 
өкілеттілік берген төменде қол қоюшы өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
     Бухарест қаласында, 1998 жылғы 21 қыркүйекте қазақ, румын, орыс 
және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, сондай-ақ барлық 
мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндерде алшақтықтар пайда болған жағдайда, 
ағылшынша мәтін айқындаушы болады.
     
           Қазақстан                    Румынияның
        Республикасының                   Үкіметі
        Үкіметі үшін                       үшін
     
 
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады