Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы (Денсаулық сақтау саласындағы жоба) Заем туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 шілде N 447-I


     Астанада 1999 жылғы 20 мамырда жасалған "Қазақстан республикасы 
мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы (Денсаулық 
сақтау саласындағы жоба) Заем туралы келісім бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының
            Президенті

                                                     Заемның нөмірі 4457 KZ

                           Қазақстан Республикасы
                                    мен 
                   Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі
                                 арасындағы
                            Заем туралы келісім
                     (Денсаулық сақтау саласындағы жоба)
                             1999 жылғы 20 мамыр
     
                                                     Заемның нөмірі 4457 KZ
     
                            Заем туралы келісім
     


      Қазақстан Республикасы (Заем алушы) мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (Банкi) арасындағы 1999 жылғы 20 мамырдағы келісім.
      (А) Банкi Заем алушыдан 1999 жылғы 6 наурыз деп дата қойылған хат алды, онда Заем алушының 1998 жылғы "Халықтың денсаулығы" деген Мемлекеттiк бағдарламасының (бұдан әрi "Бағдарлама" деп аталады) Заем алушының денсаулық сақтау жүйесiн реформалау және одан әрi дамыту көздеген негiзгi бағыттары жазылғанын, Заем алушының осы Бағдарламаны орындау тапсырмасын қуаттайтын арызының баяндалғанын назарда ұстай отырып;
      (В) Заем алушы Банкке заемдар сериялары арқылы Бағдарламаны орындауда Заем алушыға Бағдарламаны iске асыруға көмек көрсету үшiн сегiз жылдан аспайтын мерзiмде жалпы сомасы 162 500 000 АҚШ долларынан аспайтын қаржылық қолдау көрсету туралы өтiнiш жасады;
      (С) Осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында жазылған Жобаның iске асырылуына және басымдылығына көзi жеткен Заем алушы Банкке осы Жобаны қаржыландыруға көмек көрсетуi туралы өтiнiш білдiрдi;
      Жоғарыда көрсетiлгендердi назарда ұстай отырып, ihtег а1iа негiзiнде Заем алушыға осы Келiсiмде көрсетiлген шарттармен заем беруге келiстi;
      Осымен тараптар мына төмендегiлер туралы уағдаласты:
                                  I бап

Жалпы талаптар; Айқындау

      1.01-бөлiм. Банктiң 1995 жылғы 30 мамырдағы "Заемдарға қолданылатын жалпы талаптары мен моновалюталық заемдарға арналған кепiлдiк келiсiмдерi" 1997 жылғы 2 желтоқсандағы төменде ұсынылған өзгерiстерiмен (бұдан әрi мәтiн бойынша Жалпы талаптар) осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайды:
      Жалпы талаптардың 9.07 бөлiгiнiң (с) Параграфына түзетулер енгiзiлген болатын, ендi ол мынадай редакцияда жазылсын:
      "(с) Несие желілерiн жабатын күн жеткенге дейiн алты ай қалғанда немесе Заем алушы мен Банк арасында осы мақсаттар үшiн келiсiлген неғұрлым кеш мерзiмде Заем алушы есеп дайындап, оны Банкке ұсынады, онда Жобаны орындауға, алғашқы нәтижелерге, оны iске асырудан алынған табыстар мен оған кеткен шығындарға, заем және заемның мақсатқа жетуi туралы осы Келiсiм жөнiндегi тиiстi мiндеттемелердi Банк пен Заем алушының орындауына қатысты Банк негiздi түрде талап ететiн нақтылау дәрежесiндегi сұрақ топтары енгiзілген".
      1.02 бөлiм. Егер сөйлем құрамында өзгедей талап етiлмесе, Жалпы талаптарда және осы Келiсiмге берiлген алғысөзде белгiленген, осы құжаттарда бекiтiлген терминдердiң маңызы бар.
      (а) "Жыл сайынғы жұмыс бағдарламасы" Заем алушы бекiткен нақты жылға арналған жұмыс бағдарламалары мен бюджеттердi және осы келiсiмнiң 3.01 (b)(i)(А) бөлiмiне сәйкес қатысушы облыстардың әрқайсысын және осы Келiсiмге 5-қосымшаның В(2) бөлiгiн білдiредi.
      (b) "АҚ" Заем алушының әкiмшілiк бiрлiгi болып табылатын Алматы облысын бiлдiредi, сондай-ақ оның құқылы мұрагерiн немесе құқылы мұрагерлерiн қамтиды.
      (с) Денсаулық сақтау комитетi Заем алушының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгінiң құрылымындағы Денсаулық сақтау комитетiн бiлдiредi, сондай-ақ оның құқылы мұрагерiн немесе құқылы мұрагерлерiн қамтиды.
      (d) "ШҚО" Заем алушының әкiмшiлiк бiрлiгi болып табылатын Шығыс Қазақстан облысын бiлдiредi, сондай-ақ оның құқығы мұрагерiн немесе құқылы мұрагерлерiн қамтиды.
      (е) "ДБСМ" Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiн бiлдiредi, сондай-ақ оның құқылы мұрагерiн немесе құқылы мұрагерлерiн қамтиды.
      (f) "Қаржыминi" Заем алушының Қаржы министрлiгiн немесе оның құқықтық мұрагерiн бiлдiредi.
      (g) "Қатысушы облыстар" және "Қатысушы облыс" бiрге алғанда да, жеке алғанда да АҚ және ШҚО-на қатысты.
      (h) "ЖIТ" осы Келiсiмге 5-қосымшаның А бөлiгiндегi 2 параграфта айтылған Заем алушының жобаны iске асыру тобын бiлдiредi.
      (і) "ЖIБ" осы Келiсiмнiң 5.01 (b) параграфында айтылған Заем алушының жобаны Банкпен келiсе отырып кезек-кезеңiмен енгiзiлген тузетулерiмен қоса iске асыру жөнiндегi Басшылықты бiлдiредi.
      (j) "Жобаны басқару туралы есеп" осы Келiсiмнiң 4.02 параграфына сәйкес есептi білдiредi.
      (k) "Жобаны дайындауға берiлетiн аванс" Банк пен Заем алушының арасындағы 1998 жылғы 21 желтоқсандағы және 1999 жылғы 5 қаңтардағы хат алмасуларға сәйкес Банктiң Заем алушыға ұсынған жобасын дайындауға арналған авансты бiлдiредi.
      (l) "ЖIАТ" осы Келiсiмнiң 5-қосымшасындағы 2 параграфта айтылған жобаны жүзеге асыру жөнiндегi аймақтық топтарды бiлдiредi.
      (m) "Арнаулы шот" осы Келiсiмнiң 2.0 (b) бөлiмiнде көрсетiлген шотты бiлдiредi.
                                  II бап

Заем

      2.01-бөлiм. Банк Заем алушыға Заем туралы Келiсiмде баяндалған немесе көрсетiлген талаптармен қырық екi миллион бес жүз мың долларға тең (42 500 000 АҚШ доллары) сомада заем беруге келiсiп отыр.
      2.02-бөлiм. (а) осы Келiсiмнiң 2-қосымшасына сәйкес Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi және Заем қаражаты есебiнен қаржыландыруға жататын Заем қаражатының Заем шотынан осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының ережелерiне сәйкес келтiрілген шығыстарды жабу үшiн (немесе, келтiрiлуi мүмкiн шығыстарды жабу үшiн Банктiң келiсiмiмен) тауарлар сатып алуға және жөндеу жұмыстарын жүргiзуге және ақылға қонымды баға бойынша қызмет көрсетуге байланысты алынуы мүмкiн.
      (b) Жобаның А, Б, В және Г бөлiмдерiнiң мақсаты үшiн Заем алушы доллармен жеке арнайы депозиттiк шот аша алады және ұстай алады (Банктi қанағаттандыратын, сот тәртiбiмен тұтқындауды, қосуды қоса алғанда, тұтқындаудан, қосудан тиiстi түрде қорғауды қамтитын шарттар бойынша қандай да бiр коммерциялық банктегi арнайы шот). Арнайы шотқа салым және одан төлем жасау осы Келiсiмнiң 6-қосымшасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      (с) Заем туралы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн бiрден Банк Заем алушының атынан Заем алушыға жобаны әзiрлеуге берiлген аванстың алынған және өтелмеген белгiлi бiр күндегi негiзгi сомасын, сондай-ақ осы авансқа есептелген өтелмеген кез келген соманы өтеу үшiн Заем шотынан тиiстi соманы алады және өзiне төлейдi. Жобаны әзiрлеуге арналған аванстың рұқсат етiлген сомасы мен алынбаған қалдығы кейiн жойылады.
      2.03-бөлiм. Осы Заем бойынша несие желiсi жабылатын күн 2003 жылдың 31 желтоқсаны немесе Банктiң белгiлеуi мүмкiн неғұрлым кейiнгi мерзiм болып табылады. Мұндай неғұрлым кейiнгi мерзiм туралы Банк Заем алушыға дереу хабарлайды.
      2.04-бөлiм. Заем алушы Банкке заем сомасына жылына бiр процент (1%) ставкасы бойынша алымды Заем туралы Келiсiм күшiне енген күнi немесе осы күннен кейiн көп кешiктiрмей төлейдi. Банк Заем алушының атынан заем шотынан аталған барлық соманы алады және өзiне төлейдi.
      2.05-бөлiм. Заем алушы мiндеттемесi үшiн Банкке заем қаражаты оқтын-оқтын алынғаннан кейiн қалған Заемның негiзгi сомасына төрттен үш процент (1%-тен 3/4) жылдық ставка бойынша төлейдi.
      2.06-бөлiм. (а) Заем алушы заемның оқтын-оқтын алынатын және өтелмеген негiзгi сомасына өсiм есептелетiн әрбiр Кезең үшiн ЛИБОР қосылған ЛИБОР-дың жалпы спредi базалық ставкасына тең болатын ставка бойынша өсiм төлейдi.
      (b) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн:
      (i) "Өсiм есептеу кезеңi" осы Келiсiмнiң күнiнен басталатын және осы күн iшiне кiретiн, бiрақ өсiм төленген бiрiншi күн iшiне кiрмейтiн бастапқы кезең дегендi, ал бастапқы кезең аяқталғаннан кейiн өсiм төленетiн күннен басталатын және осы күн iшiне кiретiн, бiрақ өсiм төленетiн келесi күн iшiне кiрмейтiн барлық кезеңдер дегендi бiлдiредi.
      (ii) "Өсiм төленетiн күн" осы Келiсiмнiң 2.07-бөлiмiнде көрсетiлген кез келген күндi бiлдiредi.
      (iii) "ЛИБОР базалық ставкасы" өсiм есептелетiн әрбiр Кезең үшiн Банктiң жылдық жиынтық түрiндегi негiзделген айқындамасына сәйкес Лондон банкаралық депозиттер рыногында алты айлық моновалюталық депозиттерге мұндай Өсiм есептеу кезеңiнiң бiрiншi күнiндегi құны бойынша (немесе Өсiм есептеудiң бiрiншi кезеңi болған жағдайда мұндай Өсiм есептеу кезеңiнiң бiрiншi күнiне немесе дәл соның алдындағы күнге сәйкес келетiн Өсiм төлеу күнiндегi құны бойынша) ұсыныстың ставкасы дегендi бiлдiредi.
      (iv) "ЛИБОР-дың жалпы спридi" Өсiм есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн Банктiң негiздi айқындамасына сәйкес жылдық жиынтық түрінде: (А) бiр проценттiң төрттен үшiн (1%-тен 3/4); (В) мұндай Кезеңге орташа өлшенген маржа ставкаларының үстiне (немесе төмен) процент есептеудiң минусiн (немесе плюсiн), Лондон банкаралық рыногындағы ұсыныстарды немесе Банктiң өтелмеген қарызына қатысты алты айлық депозиттерге басқадай бағдарламалық ставкаларға немесе Банк ұсынған моновалюталық заемдарды қаржыландыру үшiн Банк бөлген олардың бөлiктерiн немесе осы Заемды қоса алғандағы олардың бөлiктерiн бiлдiредi.
      (с) Банк Заем алушыны әрбiр Кезеңге олар айқындалғаннан кейiн көп кешiкпей проценттер есептеу үшiн ЛИБОР-дың базалық ставкасы туралы және ЛИБОР-дың жалпы спредi туралы хабардар етедi.
      (d) Егер 2.06-бөлiмде айтылған есептiк ставкалардың айқындалуына әсер ететiн рыноктық саясаттағы өзгерiстер кез келген уақытта жарыққа шықса, Банк заем алушылардың мүддесiндегiлер тұтас деп белгiлейдi және Банктiң заемдарға осы бөлiмде айтылмаған басқа есептiк ставкаларын қабылдағаны жөн, Банк осы Заемға есептiк ставкаларды айқындау үшiн Заем алушыны жаңа есептiк базаларды енгiзгенге дейiн алты (6) айдан кешiктiрмей базасын өзгерте алады. Мұндай база егер мұндай енгiзуге қатысты қарсылығы туралы Заем алушы осы кезеңнiң iшiнде хабардар етпесе, ондай жағдайда хабардар ету кезеңi бiткен кезде күшiне енедi; Заем алушының қарсылығының бар екенi туралы Банктi дер кезiнде хабардар еткен кезде осы Заемға өзгерiстер қабылданбайды.
      2.07-бөлiм. Проценттер мен өзге де төленбеген алымдар жарты жылда бiр рет әрбiр жылдың 15 сәуiрi мен 15 қазанында төленедi.
      2.08-бөлiм. Заем алушы Заемның негiзгi сомасын осы Келiсiмнiң 3-қосымшасында ұсынылған өтеу кестесiне сәйкес қайтарады.
                                  III бап

Жобаның орындалуы

      3.01-бөлім. (а) Заем алушы осы Келісімнің 2-қосымшасында айқындалған Жобаның мақсаттарын өзінің қуаттайтындығы туралы мәлімдейді, осы мақсатта Жобаның В және Г бөліктері Денсаулық сақтау комитеті арқылы, А бөлігі ШҚО және Б бөлігі АҚ арқылы тиісті ықыласпен және тиімділікпен, сондай-ақ тиісті инженерлік, экологиялық, қаржылық және әкімшілік тәжірибеге сәйкес орындалады және Жобаны орындау үшін талап етілетін қажетті мерзімде ақшалай және өзге де қаражат, қызмет көрсетулер мен басқа ресурстар ұсынады.
      (b) осы бөлімнің (а) тармағының ережелерімен шектелмей-ақ және Заем алушы мен Банк өзге де келісімдерге қол жеткізген жағдайларды қоспағанда Заем алушы:
      (і) (А) Жобаны орындау мақсатында жыл сайынғы жұмыс бағдарламасын бекітеді және Қатысушы салаларда Банк қанағаттандыратын рәсімдер мен осы Келісімнің 5-қосымшасындағы Б бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жыл сайынғы жұмыс бағдарламасын бекітуді қамтамасыз етеді;
      (В) Жобаның А және Б бөліктерін орындау мақсатында тиісті Қатысушы аймақтарда тиісті жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын орындау үшін талап етілетін ақшалай және өзге де қаражат, қызмет көрсетулер мен басқа ресурстар ұсынады;
      (іі) Жоба осы Келісімнің 5-қосымшасында баяндалған жобаны іске асыру Бағдарламасына сәйкес орындалады.
      3.02-бөлім. Егер Банкпен өзгедей келісілмейтін болса, Жобаны іске асыруға қажетті және Заем қаражаттарынан қаржыландыруға жататын тауарлар сатып алу мен консультанттар жалдау осы Келісімнің 4-қосымшасындағы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      3.03-бөлім. 9.08-бөлімнің Жалпы талаптарының мақсатында, бірақ олармен шектелместен Заем алушы:
      (а) Банкке қолайлы принциптерге сәйкес Жобаның одан арғы қызметінің жоспарын дайындайды және оны Банкке несие желісін жабу Күнінен, егер Банкпен неғұрлым кеш мерзім келісілмесе, кемінде алты (6) ай бұрын ұсынады;
      (b) Банкке Заем алушымен жоғарыда көрсетілген жоспар бойынша пікір алмасу тәжірибесін ұсынады.
                                  IV бап

Қаржылық ережелер

      4.01-бөлiм. (а) Заем алушы Жобаны орындауға арналған қызметiн, ресурстары мен шығыстарын барабар бейнелеп көрсететiн Заем алушының департаменттерiнiң немесе агенттiктерiнiң есептiк құжаттамалары мен шоттарын жүргiзудi және Банкке қолайлы нұсқада қаржылық ведомостар дайындауды қоса, қаржылық бақылау жүйесiн белгiлейдi және қолдайды.
      (b) Заем алушы:
      (i) осы бөлiмнiң (а) тармағында айтылған құжаттар мен шоттарға әрбiр қаржылық жылға арналған Арнайы шот бойынша есептiк құжаттаманы қоса, Банкке қолайлы, аудиттiң принциптерiне сәйкес және Банкке қолайлы тәуелсiз аудиторлар қолданатындарға тиiстi дәрежеде аудиторлық тексеру жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      (ii) Банкке мүмкiндiгiнше, аудит жүргiзiлген жыл үшiн (А) қаржылық жылы аяқталғаннан кейiн алты (6) айдан кешiктiрмей осы параграфтың (а) тармағында айтылған қаржылық құжаттардың нотариал растаған көшiрмесiн және (В) мұндай құжаттар, есептiк жазбалар мен шоттар, сондай-ақ аталған аудиторлар жүргiзген осындай аудиторлық тексеру туралы есеп және Банк негiздi түрде сұрататын нақтылау дәрежесi бойынша ұсынады;
      (iii) Банк негiздi түрде оқтын-оқтын сұрататын жоғарыда айтылған есептiк құжаттамалар, шоттар мен аудиторлық тексерулерге қатысты өзге да ақпараттарды Банкке ұсынады.
      (с) Барлық шығыстар бойынша шығыс ведомостарының негiзiнде заем Шотынан қаражат алуды жүргiзудi жүзеге асыру үшiн Заем алушы:
      (i) осы бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес шығыстар бейнеленген есептiк құжаттамалар мен жеке шоттар жүргiзуге және оларды жүргізудi қамтамасыз етуге;
      (ii) Банк қаржылық жыл үшiн аудиторлық есептi алғаннан кейiн заем Шотынан қаражатты соңғы алу жүргізiлген кезде мұндай шығыстарды растайтын барлық есептiк құжаттамаларды (контрактiлердi, тапсырыстарды, шот-фактураларды, түбiршектердi, шоттарды және басқаларды) ең болмаса бiр жыл сақтауға;
      (iii) Банктiң өкілдеріне мұндай құжаттамаларды тексеруге мүмкіндік беруге;
      (iv) Осы бөлімнің (b) тармағында көрсетілген жыл сайынғы аудиторлық тексеруге есептік құжаттарды енгізуді қамтамасыз етуге міндетті. Аудит туралы есепте аталған аудиторлардың осы қаржылық жыл ішінде рәсімдер мен оларды дайындау кезінде қолданылған ішкі бақылау әдістерін ескере отырып аталған қаражатты алу үшін негіз болатын шығыс ведомостары туралы жекелеген қорытындысы баяндалуға тиіс.
      4.02-бөлім. Заем алушы Банкке қолайлы принциптерге сәйкес жобаны басқару туралы есепті дайындайды және әрбір тоқсан аяқталғаннан кейін 45 күннен кешіктірмей Банкке жібереді, онда:
      (а) (і) жоба қаражатының нақты көздері және оларды жиынтықты және есепті мерзімге пайдалану, сондай-ақ қаражаттың жоспарланған көздері мен оларды кейінгі кезең ішінде осы есепті кезең біткеннен кейінгі алты айда Жоба мақсатына пайдалану көрсетіледі, сондай-ақ (іі) есепті кезең ішінде заем қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарды жеке көрсету және сол шығындарды кейінгі алты ай ішінде заем қаражатынан қаржыландыру есебінен жүргізу ұсынылады;
      (b) (і) жобаны жүзеге асырудың жиынтықты және есепті мерзімге қатысты барысы баяндалады және (іі) жоспарланған тапсырмалар мен нақты қол жеткендер арасындағы айырмашылықтар сылтауы бойынша түсініктемелер беріледі;
      (с) жоба бойынша есепті кезең аяқталған сәтте сатып алу қызметі мен заем қаражатынан қаржыландырылатын келісімшарттар бойынша шығындардың жай-күйі баяндалады.
                                  V бап



                 3аем туралы Келiсiмнiң күшiне енетiн күнi;
                       Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату
      5.01-бөлiм. 12.01 (с) Жалпы талаптар бөлiмнiң мақсаттары үшiн Заем туралы осы Келiсiмдi күшiне енгiзу қосымша шарт ретiнде мынадай оқиғалар жөнiнде:
      (а) Денсаулық сақтау комитетiнiң Банкке жобаны басқару мәселелерiндегi ЖIТ-на техникалық көмек көрсету туралы, Банктi қанағаттандыратын нысан бойынша және маңызы бар жиынтық бағалау есебiн ұсынуы жөнiнде;
      (b) Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Банктi қанағаттандыратын жобаны жүзеге асыру жөнiндегi Басшылықты бекiтуi жөнiнде;
      (с) Денсаулық сақтау комитетiнiң Банкке 1999 жылға арналған жыл сайынғы жұмыс бағдарламасының жобасын ұсынуы жөнiнде уағдаласады.
      5.02-бөлiм. Осымен 12.04 Жалпы талаптар бөлiмiнiң мақсаттары үшiн осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап тоқсан (90) күн мерзiмi белгiлендi.
                                 VI бап



                  Заем алушының өкілдері; мекен-жайлары

     6.01-бөлім. Заем алушының Қаржы министрі 11.03 Жалпы талаптар 
бөлімнің мақсаттары үшін Заем алушының өкілі болып белгіленеді.
     6.02-бөлім. 11.01 Жалпы талаптар бөлімнің мақсаттары үшін мынадай 
мекен-жайлар белгіленеді:
     Заем алушылар үшін:
     Қаржы министрлігі
     Республика даңғылы, 60-үй
     473000 Астана, Қазақстан Республикасы
     Телекс: 264126 (FILIN)
     
     Банк үшін:
     International Bank for
     Reconstruction and Development
     1818 H Strееt, N.W.
     Wаshingtоn, D.С. 20433
     United States of America
     
     Телеграф:                          Телекс:
     INTBSFRAD                    248423 (MCI) немесе
     Wаshingtоn, D.С.                 64145 (MCI)
     
     Өздерінің тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері арқылы 
іс-қимыл жасайтын Тараптардың осыны куәландыру үшін осы Келісімге 
Қазақстан Республикасының Астана қаласында жоғарыда көрсетілген күні 
және жылы, қолдары қойылды.

     Қазақстан Республикасы үшін
     Уәкілетті өкіл
     
     Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі үшін
     Еуропа мен Орталық Азия аймағының вице-президенті


                                 1-Қосымша

Заем қаражаттарын алу

      1. Төмендегі кестеде Заем қаражаттарынан қаржыландыруға жататын

шығыстар статьясы, әрбір статья бойынша Заем қаражаттарын бөлудің және 
әрбір статья бойынша Заем қаражаттарынан қаржыландыруға жататын 
шығыстардың үлестері процентпен айқындалған:
     
 __________________________________________________________________________
|                      |Заем қаражатын бөлу|       Заем қаражаттарынан     
|                      |   (долларымен     |      қаржыландыруға жататын   
|                      |   көрсетілген)    |       шығыстардың үлестері    
|______________________|___________________|_______________________________
|(І) жөндеу-құрылыс    |                   |               90%             
|жұмыстары             |                   |                               
|______________________|___________________|_______________________________
|(а) Жобаның А         |                   |                               
|бөлігінің шегінде     |                   |                               
|______________________|___________________|_______________________________
|(b) Жобаның Б         |          3 750 000|                               
|бөлігінің шегінде     |                   |                               
|______________________|___________________|_______________________________
|(с) Жобаның В         |          3 750 000|                               
|бөлігінің шегінде     |                   |                               
|______________________|___________________|_______________________________
|                      |            600 000|                               
|______________________|___________________|_______________________________
|(2) Консультанттардың |          4 150 000|              100%             
|қызмет көрсетуі       |                   |                               
|______________________|___________________|_______________________________
|(3) Оқу               |          3 600 000|              100%             
|______________________|___________________|_______________________________
|(4) Жариялау          |          1 200 000|              100%             
|______________________|___________________|_______________________________
|(5) Тауарлар          |                   |еліміз ішінде сатып алынған    
|______________________|___________________|басқа тауарларға арналған шет  
|(а) Жобаның А         |          5 900 000|ел валютасындағы 100% шығыстар,
|бөлігінің шегінде     |                   |жергілікті валютадағы          
|______________________|___________________|(франко-зауыт бағасы) 100%     
|(b) Жобаның Б         |          5 800 000|шығыстар және жергілікті       
|бөлігінің шегінде     |                   |валютадағы 85% шығыстар        
|______________________|___________________|                               
|(с) Жобаның В және Г  |          7 300 000|                               
|бөлігінің шегінде     |                   |                               
|______________________|___________________|_______________________________
|(6) Қосымша           |          1 200 000|              100%             
|операциялық шығындар  |                   |                               
|______________________|___________________|_______________________________
|(7) жобаны дайындауға |            620 000|осы Келісімнің 2.02 (с) парагр.
|арналған авансты өтеу |                   |сәйкес тиісті сома             
|______________________|___________________|_______________________________
|(8) алым              |            425 000|осы Келісімнің 2.04 парагр.    
|                      |                   |сәйкес тиісті сома             
|______________________|___________________|_______________________________
|(9) Бөлінбеген        |          4 205 000|                               
|қалдықтар             |                   |                               
|______________________|___________________|_______________________________
|Жиынты:               |         42 500 000|                               
|______________________|___________________|_______________________________
     
     2. Осы қосымшаның мақсаттары үшін:


      (а) "шет ел валютасындағы шығыстар" термині Заем алушының елінен басқа, Заем алушының елінен басқа кез келген елдің аумағынан беріп тұратын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға арналған кез келген елдің валютасындағы шығыстарды білдіреді;
      (b) "жергілікті валютадағы шығыстары" термині Заем алушының аумағынан беріп тұратын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға арналған Заем алушының валютасындағы шығыстарды білдіреді;
      (с) "қосымша операциялық шығын" термині Жобаны іске асырумен және үйлестірумен, басқарумен және мониторингпен айналысатын, офистік керек-жарақтарды, көлік құралдарын пайдалануды, іссапарды және қадағалауға кеткен шығыстарды, консультанттарға төленетін төлемдерді қоса, бірақ Заем алушының мемлекеттік қызметшілерінің жалақысын қоспай, ұйымдар жұмсайтын Жобаны іске асыруға арналған қосымша шығыстарды білдіреді;
      (d) "жариялау" термині оқу материалдарын, туберкулезді емдеу үшін байқауға арналған нысандарды, салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері жөніндегі баспа материалдарын, сондай-ақ материалдарды басуға байланысты шығындар мен бұқаралық ақпарат құралдарына жұмсалған шығыстарды білдіреді;
      3. Жоғарыдағы 1-тармақтағы ережелерге қарамастан, шоттан қаражаттар алу осы Келісімге қол қойылған күнге дейін жүргізілген шығыстарды шотқа төлеуді жүзеге асыру үшін жүргізілмеуге тиіс.
      4. Банк заемның Шотынан қаражаттар алу Банк талаптарға сәйкес шығыстар туралы Заем алушыны хабардар ете отырып, (а) құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған, келісімшарт бойынша құны бір келісімшарт үшін кем дегенде 200000 АҚШ долларына тең долларлық баламында, (b) келісімшарттар бойынша тауарларды сатып алу әрқайсысы кем дегенде 200000 долларының долларлық баламында, (с) консалтингтік фирмалар үшін келісімшарттар бойынша қызмет көрсету әрқайсысы кем дегенде 100000 доллар тұратын долларлық баламында және жекелеген консультанттар үшін 50000 АҚШ доллары, (d) семинарлар, тағылымдамалар мен оқу сапарлары әрқайсысы кем дегенде 10000 долларының долларлық баламында және (е) қосымша операциялық шығыстарға арналған шығыстарды төлеу мақсатында ведомостар негізінде жүргізілуін талап ете алады.

                               2-Қосымша
                         Жобаның сипаттамасы
      Жоба Бағдарламаның бiр бөлiгi болып табылады және (а) ұлттық деңгейдегi денсаулық сақтау жүйесiнiң жаңартылуы мен сапасы және тиiмділігiн арттыру негiзiнде; сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының деңгейiнде (b) (i) халыққа медициналық қызмет көрсетудiң бiрiккен реформасын жүргiзу, (ii) медициналық қызмет көрсетудiң бастапқы буындарының сапасы мен экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру, (ііі) халыққа медициналық қызмет көрсетудi басқару және қаржыландыру мәселелерiндегі медициналық мекемелердiң әлеуетiн жетiлдiру негiзiнде денсаулық сақтау жүйесiнiң тұрақты түрде iлгерi даму жетiстiктерiне көмек көрсетуге бағытталған.
      Жоба төменде келтiрiлген бiрнеше бөлiктерден тұрады, жоғарыда баяндалған мақсаттарға жету үшiн оның мазмұны Заем алушы мен Банк арасындағы келiсiмшарттарға қарай оқтын-оқтын өзгерiп тұруы мүмкiн:
      А бөлiгі: ШҚО бойынша компоненттер:
      (1) Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК): (а) жалпы практикада дәрiгерлердi даярлауды, сондай-ақ қызмет көрсетудi ұсынатын мекемелердi жаңартуды, жалпы практикада дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн үздiксiз арттыруды, емдеудiң жаңа технологияларын тәжiрибеге енгiзудi және пациенттердiң емiн жүргiзудi, алғашқы медициналық жәрдем орталықтарында қызмет iстейтiн медицина қызметкерлерiн, медбикелердi, лаборанттар мен фельдшерлердi қоса қамтитын оқуларды кеңейтудi; (b) жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргiзу арқылы алғашқы медициналық мекемелердi жаңартуды, дәрі-дәрмектiк заттармен қамтамасыз етудi, медициналық және лабораториялық жабдықтарды, көлiк құралдарын, және байланыс құралдарын берудi, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн дамыту мен жетiлдiрудi көздейтiн бағдарламаларды iске асыруға көмек көрсету негiзiнде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жүйесiн дамыту.
      (2) Қаржыландырудың және халыққа медициналық қызмет көрсетуді басқарудың әдістерін жетілдіру. Қаржыландырудың және техникалық көмек, оқыту, компьютерлер және басқарудың ақпараттық жүйесiн белгілеу мақсатында қажеттi тиiстi құралдар беру негiзiнде бiрiншi және екiншi буындарды басқарудың әдiстерiн жетiлдiру.
      (3) Аурухана мекемелерi мен мекемелердi жөндеу тораптарын ұтымды ету. (а) өздерiнiң орналасқан жерлерi бойынша ауруханаларды нығайту бағдарламасына енгiзiлмеген аудандық ауруханаларды жөндеу және оларға құрал-жабдықтар беруге; (b) ауруханаларды нығайтудың әртүрлi нұсқаларын дайындау және сараптама жүргізуге; (с) ауруханаларды нығайту жөнiндегi iс-шараларды басқаруға; (d) бiрiктiрiлген функцияларды орындайтын ауруханалардың үй-жайларын жаңартуға көмек көрсету негiзiнде аурухана мекемелерi мен оларды жөндеу тораптарын ұтымды ету жөнiндегi нақты шараларды орындау.
      Б бөлiгі: АҚ бойынша компоненттер
      (1) Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК): (а) жалпы практикада дәрiгерлердi даярлауды, сондай-ақ қызмет көрсетудi ұсынатын мекемелердi жаңартуды, жалпы практикада дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн үздiксiз арттыруды, емдеудiң жаңа технологияларын тәжiрибеге енгiзудi және пациенттердiң емiн жүргiзудi, алғашқы медициналық жәрдем орталықтарында қызмет iстейтiн медицина қызметкерлерiн, медбикелердi, лаборанттар мен фельдшерлердi қоса қамтитын оқуларды кеңейтудi; (b) жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргiзу арқылы алғашқы медициналық мекемелердi жаңартуды, дәрі-дәрмектiк заттармен қамтамасыз етудi, медициналық және лабораториялық жабдықтар, көлiк құралдарын, және байланыс құралдарын берудi, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн дамыту және жетiлдiрудi көздейтiн бағдарламаларды iске асыруға көмек көрсету негiзiнде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жүйесiн дамыту.
      (2) Қаржыландырудың және халыққа медициналық қызмет көрсетудi басқарудың әдiстерiн жетiлдіру. Қаржыландырудың және техникалық көмек, оқыту, компьютерлер және басқарудың ақпараттық жүйесiн белгiлеу мақсатында қажеттi тиiстi құралдар беру негiзiнде бiрiншi және екiншi буындарды басқарудың әдiстерiн жетiлдiру.
      (3) Аурухана мекемелерi мен мекемелердi жөндеу тораптарын ұтымды ету. (а) өздерiнiң орналасқан жерлерi бойынша ауруханаларды нығайту бағдарламасына енгiзiлмеген аудандық ауруханаларды жөндеу және оларға құрал-жабдықтар беруге; (b) ауруханаларды нығайтудың әртүрлi нұсқаларын дайындау және сараптама жүргiзуге; (с) ауруханаларды нығайту жөнiндегi iс-шараларды басқаруға; (d) бiрiктiрiлген функцияларды орындайтын ауруханалардың үй-жайларын жаңартуға көмек көрсету негiзiнде аурухана мекемелерi мен оларды жөндеу тораптарын ұтымды ету жөнiндегi нақты шараларды орындау.
      В бөлiгi: Ұлттық компоненттер
      1. Туберкулездi бақылау. Диагностика әдiстерiн жетiлдiру және БДҰ ұсынған жүйе бойынша туберкулездi емдеу үшiн дәрi-дәрмектiк заттар, лабораториялық құрал-жабдықтар көлiкке, техникалық көмекке және оқуға шығыс қаражаттарын беру арқылы ұлттық деңгейде қолдау.
      2. Жалпы практикада дәрiгерлер даярлау, Жоғары медициналық оқү орындары мен жалпы практикада дәрiгерлер даярлаудағы бiлiктілігін арттыру институттарын қолдау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргiзу арқылы оқу орталықтарын құруға көмек көрсету және медициналық, компьютерлiк және офистiк құрал-жабдықтар, сондай-ақ көлiк құралдарын беру.
      3. Салауатты өмір салтын насихаттау: (а) Салауатты өмiр салтын ынталандыру жөнiндегi ұлттық iс-қимыл бағдарламасын әзiрлеу, жариялау және тарату; (b) салауатты өмiр салтының көрсеткiштерi бойынша үлкен адамдар мен балаларға базалық және кейiннен тексеру жүргiзу; (с) денсаулық сақтаудың қызметкерлерi мен мамандарының халықты ақпараттандыру саласында кәсiби дамуы; (d) халықтың медициналық-санитарлық ағартушылығын күшейту және салауатты өмiр салтын насихаттау үшiн баспасөз және бұқаралық құралдарды кеңiнен пайдалану; (е) техникалық көмек, оқу, жариялау, компьютерлiк және офистiк құрал-жабдықтар беру арқылы темекi бұйымдары мен алкоголдiк ішімдiктердi тұтынуды қысқарту жөнiндегi республикалық iс-қимыл жоспарларын әзiрлеу және оны орындау.
      4. Денсаулық сақтау саласындағы саясат және оны бағалау. (а) Денсаулық сақтау, денсаулық сақтауды дамыту жөнiндегi облыстық бағдарламалар салаларындағы ұлттық саясатты талдау және бағалау, елiмiздiң әртүрлi облыстарында ұсынымдарды таратуға көмек көрсету, сондай-ақ бүкiл ел бойынша реформаларды кеңейту туралы ұсыныстар дайындау; (b) денсаулық сақтаудың облыстық департаменттерi мен медициналық мекемелерiнiң өкiлдерiн Жобаның тиiмдiлiгiн айқындауға арналған көрсеткiштерiн талдау және өлшеу мәселелерi бойынша оқыту; (с) Қазақстанда медициналық ақпарат жүйелерiн кеңейту және медицинаны фактi негiзiнде пайдалану; (d) iрiктеп алынған мекемелерге медицина тақырыбы бойынша жаңа әдебиеттер мен материалдарды беру; (е) емдеудiң жаңа кестесiн бағалауға және бекiтуге сәйкес тұжырымдаманы әзiрлеу үшiн техникалық көмек көрсету.

     Г бөлiгі.
     Жобаны, ЖIТ және ЖIАТ институционалдық нығайтуды шет ел және 
жергiлiктi консультанттардың, сыртқы аудиттердi жүргiзетiн 
консультанттарды қоса, көрсеткен қызметiне төлем жасауды қаржыландыру 
арқылы, сондай-ақ компьютерлiк және офистiк құрал-жабдықтарды, көлiк 
құралдарын беру және қосымша операциялық шығындар бөлiгiн қаржыландыру 
арқылы басқаруға қолдау көрсету.
 
                               *  *  *
     Жоба 2003 жылғы 30 маусымда аяқталады деп болжануда.
     
                              3-Қосымша
                         Заемды өтеу кестесі
 __________________________________________________________________________
|Заемды өтеу күні                | Заемның негізгі бөлігін өтеу (доллармен 
|                                |көрсетілген)
<*>
                          
|________________________________|_________________________________________
|2004 жылғы 15 қазан             |                                  920 000
|________________________________|_________________________________________
|2005 жылғы 15 сәуір             |                                  945 000
|________________________________|_________________________________________
|2005 жылғы 15 қазан             |                                  970 000
|________________________________|_________________________________________
|2006 жылғы 15 сәуір             |                                1 000 000
|________________________________|_________________________________________
|2006 жылғы 15 қазан             |                                1 025 000
|________________________________|_________________________________________
|2007 жылғы 15 сәуір             |                                1 055 000
|________________________________|_________________________________________
|2007 жылғы 15 қазан             |                                1 085 000
|________________________________|_________________________________________
|2008 жылғы 15 сәуір             |                                1 115 000
|________________________________|_________________________________________
|2008 жылғы 15 қазан             |                                1 150 000
|________________________________|_________________________________________
|2009 жылғы 15 сәуір             |                                1 180 000
|________________________________|_________________________________________
|2009 жылғы 15 қазан             |                                1 215 000
|________________________________|_________________________________________
|2010 жылғы 15 сәуір             |                                1 250 000
|________________________________|_________________________________________
|2010 жылғы 15 қазан             |                                1 285 000
|________________________________|_________________________________________
|2011 жылғы 15 сәуір             |                                1 320 000
|________________________________|_________________________________________
|2011 жылғы 15 қазан             |                                1 355 000
|________________________________|_________________________________________
|2012 жылғы 15 сәуір             |                                1 395 000
|________________________________|_________________________________________
|2012 жылғы 15 қазан             |                                1 435 000
|________________________________|_________________________________________
|2013 жылғы 15 сәуір             |                                1 475 000
|________________________________|_________________________________________
|2013 жылғы 15 қазан             |                                1 515 000
|________________________________|_________________________________________
|2014 жылғы 15 сәуір             |                                1 560 000
|________________________________|_________________________________________
|2014 жылғы 15 қазан             |                                1 605 000
|________________________________|_________________________________________
|2015 жылғы 15 сәуір             |                                1 650 000
|________________________________|_________________________________________
|2015 жылғы 15 қазан             |                                1 695 000
|________________________________|_________________________________________
|2016 жылғы 15 сәуір             |                                1 745 000
|________________________________|_________________________________________
|2016 жылғы 15 қазан             |                                1 795 000
|________________________________|_________________________________________
|2017 жылғы 15 сәуір             |                                1 845 000
|________________________________|_________________________________________
|2017 жылғы 15 қазан             |                                1 895 000
|________________________________|_________________________________________
|2018 жылғы 15 сәуір             |                                1 950 000
|________________________________|_________________________________________
|2018 жылғы 15 қазан             |                                2 005 000
|________________________________|_________________________________________
|2019 жылғы 15 сәуір             |                                2 065 000
|________________________________|_________________________________________
 
<*>
 -  Осы бағанадағы сандар заемды өтеу есебінен, 4.04 (d) Жалпы         
        талаптар бөліміндегі ұсыныстарды қоспағанда, төлеуге жататын       
        доллармен алынған соманы білдіреді.               


                                4-Қосымша



              Консультанттарды сатып алу және көрсететiн қызметтерi

      1-бөлiм. Тауарларды сатып алу және мердiгерлiк жұмыстар

      А бөлiгi: Жалпы анықтама
      Тауарларды сатып алу және мердiгерлiк жұмыстар I "Басшылық. ХҚДБ заемдары және МАР несиелерi бойынша сатып алу" 1995 жылы Банк жариялаған және 1996 жылы қаңтар мен тамызда, сондай-ақ 1997 жылы қыркүйекте және 1999 жылы қаңтарда қайта пысықталған (Басшылық) 1-бөлiмнiң рәсiмдерiне сәйкес және бұл қабылданған жерде, осы бөлiмнiң төменде келтiрiлген ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      В бөлiгi:
      1. Осы Қосымшаның С бөлiгінiң ережелерiн қоспағанда, тауарлар сатып алу Басшылықта және 1-Қосымшаның 5-параграфында, бұл да сонда, айтылған II бөлiмде көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес, тағайындалған келiсiмшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы В бөлiгiнiң 1-параграфының ережелерiне сәйкес жасалған контрактілерге сәйкес сатып алынған тауарларға мынадай ережелер қолданылады:

      Отандық өндiрiстiң тауарларын жоғары бағалау

      Басшылықтың 2.54 және 2.55 параграфтарында және Басшылықтың 2-қосымшасындағы ережелер Заем алушының аумағында жасалған тауарларға қолданылады.
      С бөлiгi: Сатып алудың өзге де рәсiмдерi
      1. Ұлттық конкурстық саудаластық
      Егер осы Қосымшаның 5-параграфында өзгедей көзделмесе, бiр келiсiмшарт үшiн есептiк құны кем дегенде 1 000 000 АҚШ долларының долларлық баламынан кем және жиынтығы 4 310 000 доллардан аспайтын құрылыс жұмыстарындағы мердiгерлiк Басшылықта көрсетiлген 3.3 және 3.4-параграфтарға сәйкес тағайындалған келiсiм-шарттар бойынша жасалады.
      2. Еркiн саудадағы халықаралық сатып алулар
      Егер осы Ереженің 3 және 4-параграфтарында өзгедей көзделмесе, бір келісім-шарт үшін есептік құны кем дегенде 200000 АҚШ долларының долларлық баламынан кем және жиынтығы 2610000 доллардан аспайтын тауарлар Басшылықта көрсетілген 3.5 және 3.6-параграфтарға сәйкес тағайындалған келісімшарттар бойынша жасалады.
      3. Еркін саудадағы ұлттық сатып алулар
      Егер осы Ереженің 4-параграфында өзгедей көзделмесе, бір келісім-шарт үшін есептік құны кем дегенде 75000 АҚШ долларының долларлық баламынан кем және жиынтығы 1130000 доллардан аспайтын тауарлар Басшылықта көрсетілген 3.5 және 3.6-параграфтарға сәйкес тағайындалған келісім-шарттар бойынша жасалады.
      4. БҰҰ бөлімшелерінен сатып алу
      Еркін сатудағы медициналық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ туберкулездің мониторингі үшін стандартты нысанды Басшылықта көрсетілген 3.9-параграфының ережелеріне сәйкес ЮНИСЕФ-тен сатып ала алады.
      5. Шағын жұмыстарға арналған мердігерлік қорытындысы
      Бір келісімшарт үшін есептік құны 200000 АҚШ долларының долларлық баламынан төмен және жиынтығы 5650000 доллардан аспайтын тіркелген баға бойынша аккордтық төлемді көздейтін келісімшарт негізінде жасалады. Мұндай келісімшарттар жазбаша шақыруға жауап ретінде біліктілігін арттырушы 3 (үш) жергілікті мердігерліктен түскен ұсынылған бағаны салыстыру негізінде жасалады. Шақыруда жұмыстың сипаттамасы, арнаулы ерекшеліктері, күтілген жұмысты аяқтау мерзімі, Банкке қолайлы келісімшарт нысанын қоса, сондай-ақ мұның қай жерде мүмкін болатынын көрсететін тиісті сызбалар баяндалуға тиіс. Келісімшартта неғұрлым аз баға ұсынған мердігерлікті және келісімшартты табысты орындау үшін кімде қажетті тәжірибе мен ресурстар бар, сол жеңіп шығады делінген.
      D бөлігі: Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді тексеруі
      1. Сатып алуды жоспарлау
      Басшылықта көрсетiлгендерге 1-қосымшаның 1-параграфындағы ережелерге сәйкес Жоба үшiн ұсынылған сатып алу жоспары сауда-саттыққа қатысуда қандай да болмасын шақыруды таратқанға дейiн тексеру және бекiту үшiн Банкке ұсынылуға тиiс. Жұмысқа және тауарларды сатып алуға арналған мердiгерлiктiң қорытындысы Банк бекiткен сатып алу жоспарына сәйкес және жоғарыда 1-параграфта айтылғандарға сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      2. Алдын-ала тексеру
      (а) осы Қосымшаның В.1, С.1, С.2 және С.2 бөлiктерiнде көзделген тәртiпке сәйкес жасалған барлық келiсiм-шарттарға қатысты әр келiсiмшарт үшiн 200000 доллардың долларлық баламынан кем емес сомаға Басшылықта көрсетiлген 1-қосымшаның 2 және 3-параграфтарында белгiленген тәртiп қолданылады.
      (b) осы Қосымшаның С.1 бөлiгiнде көзделген тәртiпке сәйкес жасалған құрылыс жұмыстарының мердiгерлiгiне арналған әрбiр облыс үшiн алғашқы екi келiсiм-шартқа қатысты және осы Қосымшаның С.5 бөлiгiнде көзделген тәртiпке сәйкес жасалған құрылыс жұмыстарының мердiгерлiгiне арналған әрбiр қатысушы облыстар үшiн алғашқы екi келiсiмшартқа қатысты немесе Банк талап ететiн осындай келiсiмшарттардың кез келген басқа санға Басшылықта көрсетiлген 1-қосымшаның 2 және 3-параграфтарында көзделген тәртiп қолданылады.
      3. Қорытынды тексеру
      Осы бөлiктiң 2-параграфы қолданылмайтын келiсiмшартқа қатысты, Басшылықта көрсетiлген 1-қосымшаның 4-параграфтарында белгiленген тәртiп қолданылады.
      II Бөлiм. Консультанттарды жалдау
      А бөлiгi: Жалпы анықтама
      Консультанттарды жалдау 1997 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта оралған (Консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылық) Алғысөздерi мен "Банктiң Заем алушыларының консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылығы" IV бөлiмiнiң ережелерiне және осы Келiсiмнiң II бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      В бөлiгi: Консультанттарды оларды жұмыс сапасы мен құнын ескере отырып таңдау
      1. Егер осы бөлiмнiң С бөлiгiнiң ережелерiнде өзгедей көзделмесе, консультациялық қызмет көрсету Консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылықтың II Бөлiмiнiң, басшылықта көрсетiлген 1-қосымшаның 3-параграфының ережелерiне және олардың жұмыс сапасы мен құнына қарай консультанттарды таңдауға қолданылатын басшылықта айтылғанға 2-қосымша және осындағы 3.13-3.18-параграфтардың ережелерiне сәйкес жасалған келiсiмшарттар бойынша сатып алынады.
      2. Консультанттарды таңдауға қолданылатын келесi тәртiп алдыңғы параграфта көзделген тәртiпке сәйкес қызмет көрсетуге арналған келiсiмшарт жасалады.
      С бөлiгi: Консультанттарды таңдаудың өзге рәсiмдері
      1. Неғұрлым аз баға бойынша қызмет көрсетудi таңдау
      Аудит жүргiзу жөнiнде қызмет көрсетудiң есептiк құны 200000 АҚШ долларының долларлық баламынан кем болса, Консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылықтың 3.1-3.6-параграфтарының ережелерiне сәйкес жасалған келiсiмшарттар бойынша сатып алынуы мүмкiн.
      2. Жеке консультанттар
      Консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылықта көрсетiлген 5.1-параграфта көрсетiлген тиiстi талаптарға сай тапсырмаларды орындауға қызмет көрсету Консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылықта көрсетiлген 5.1-5.3-параграфтарының ережелерiне сәйкес жеке консультанттармен жасалған келiсiмшарттарға сәйкес сатып алынады.
      D бөлiгi. Банктiң консультанттарды таңдау процестерiн қарау тәртібі
      1. Консультанттарды таңдауды жоспарлау
      Консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылықта көрсетiлген 1-қосымшаның 1-параграфындағы ережелерге сәйкес Жоба үшiн ұсынылған консультанттарды таңдау жоспары консультанттар ұсыныстар беруге шақыру алғанға дейiн тексеру және бекiту үшiн Банкке ұсынылуға тиiс. Барлық консультациялық қызметтi таңдау Банк бекiткен консультанттарды таңдау жоспарына сәйкес және жоғарыда 1-параграфта айтылғандарға сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      2. Алдын-ала тексеру
      (а) жалдау жөнiндегi келiсiм-шарттардың әрқайсысына консалтингтiк фирмалардың есептiк құны 100000 доллардың және одан жоғары долларлық баламға Консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылықта айтылғанға 1-қосымшаның 1, 2 және 5-параграфтарында (2(а) параграфының үшiншi тармақшасын қоспағанда) белгiленген ереже қолданылады.
      (b) жалдау жөніндегі келісімшарттардың әрқайсысына консалтингтік фирмалардың есептік құны 100000 доллардың және одан жоғары, бірақ 200000 доллардың долларлық баламға Консультанттарды пайдалану жөніндегі Басшылықта айтылғанға 1-қосымшасының 1, 2 және 5-параграфтарында (2 (а) параграфының үшінші тармақшасын қоспағанда) белгіленген ереже қолданылады.
      (с) есептік құны 50000 доллардың және одан жоғары долларлық баламға жеке консультанттарды жалдау жөніндегі келісім-шарттардың әрқайсысына қатысты Банкке консультанттардың біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, оның өкілеттігі мен міндеттерінің аясы, сондай-ақ жалдау талаптары ұсынылуға тиіс. Келісімшарт бекітілгенде айтылғандарды алған жағдайда ғана жасалады.
      4. Қорытынды тексеру
      Осы бөліктің 2-параграфының ережесі қолданылмайтын барлық келісімшарттарға қатысты, Консультанттарды пайдалану жөніндегі Басшылықта айтылғанға 1-қосымшаның 4-параграфында көрсетілген тәртіп қолданылады.
                                 5-Қосымша

Iске асыру бағдарламасы

      А бөлiгi:
      1. Заем алушы,
      (а) мониторинг және тұрақты бағалау жүргiзуге қажеттi шаралар мен рәсiмдердi Банк пен Заем алушы арасында Жобаны орындауға келiсiлген көрсеткiштерiнiң тiзбесiне және оның мақсаттарына жетуiне сәйкес әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады.
      (b) Банк үшiн қолайлы техникалық тапсырмаларға сәйкес осы бөлiмнiң (а) параграфына сәйкес орындалатын бақылау-бағалау iс-шараларының нәтижелерi қорытылуға тиiстi есептi дайындайды және оны шамамен 2001 жылғы 30 қыркүйекте Банкке жiбередi, есеп дайындалатын күннiң алдындағы кезең iшiнде жобаны орындауға қатысты, сондай-ақ келесi есептi кезеңге ұсынылған Жобаны тиiмдi түрде жүзеге асыруды және қойылған мақсаттарға жетудi қамтамасыз ету шаралары баяндалуға тиiс.
      (с) егер Банктен 2001 жылғы 31 желтоқсанға немесе неғұрлым кеш мерзiмге тиiстi сұрату түссе, осы Бөлiмнiң (b) параграфында айтылған есептi Банкпен бiрлесiп қарайды, содан кейiн Жобаны тиiмдi түрде жүзеге асыруды және қойылған мақсаттарға жетудi қамтамасыз ету үшiн жоғарыда аталған есептiң қорытындылары мен ұсынымдары және Банктiң пiкiрi негiзiнде талап етiлетiн шараларды қабылдайды.
      2. Заем алушы қатысушы облыстарды Жобаны iске асыру тобын (ЖIТ), жобаны iске асырудың аймақтық тобын (ЖIАТ) және техникалық бағалау бөлiмiн (ТББ) құрады және оларды ЖIТ, ЖIАТ және ТББ осындай нысанда және Банктi қанағаттандыратын кадрлар құрамының, қаражаттың, материалдық-техникалық базалар мен өзге де ресурстардың болуы жағдайында тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ете отырып, Жоба аяқталғанша сақтайды.
      3. Заем алушы: (а) ЖIТ-тi басқаратын қызметкер Денсаулық сақтау төрағасының орынбасарын есеп беретiн болады және Жобаның iс-шараларын, бухгалтерлiк есептi, аудиттi, сатып алуды, төлем жасауды, жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларының жиынтық жобалары мен бюджеттердi дайындауды қоса, жалпы үйлестiруге, сондай-ақ Жобаны орындаудың барысы туралы кезеңдiк және жылдық есептер дайындауға жауап беретiн (b) ЖIАТ-ын қатысушы облыстардың аймақтық үйлестiрушілерi, есеп беретiн жергiлiктi атқарушы өкiмет басқаруға тиiс.
      4. Заем алушы қатысушы облыстармен және Банкпен консультация кезiнде А.2 бөлiктi және Б.2 Жобаның қатысушы облыстардың әрқайсысы бойынша iске асырудың келiсiлген стратегиялық жоспарын дайындайды және 1999 жылғы 15 шiлдеге Банкке жiбередi. Бұл ретте Қатысушы облыстар орындайтын Жобаны iске асырудың әрбiр жылына нақты iс-шаралар жiберiлуге тиiс.
      Б бөлiгi. Жыл сайынғы жұмыс бағдарламалары
      5. (а) 2000 жылдан бастап әрбiр күнтiзбелiк жылға жыл сайынғы жұмыс бағдарламасына дайындық қатысушы облыстар мен Денсаулық сақтау комитетi Жобаның А, Б, В, Г бөлiктерiн орындауға қатысады, мынадай тәртiп қолданылады:
      (i) жыл сайын қатысушы облыстар 1 маусымға келесi жылға арнап Жобаның А және Б бөлiктерi бойынша осы Қосымшаның Б бөлiгiндегi (b) параграфында көрсетiлген талаптар енгiзiлуге тиiстi жыл сайынғы жұмыс бағдарламасын дайындайды, сондай-ақ мұндай жұмыс бағдарламалары тиiстi қатысушы облыстардың әкiмдерiне жiберiледi;
      (ii) жыл сайын қатысушы облыстар 15 маусымға Жобаның А және Б бөлiктерi бойынша ұсынылған жыл сайынғы жұмыс бағдарламасының талаптарын келiседi және жыл сайынғы жұмыс бағдарламасын жiбередi;
      (iii) жыл сайын ЖIТ 15 шiлдеге Жобаның В және Г бөлiктерi бойынша келесi жылға осы Қосымшаның Б бөлiгіндегi (b) параграфында көрсетiлген талаптар енгiзiлуге тиiстi жыл сайынғы жұмыс бағдарламасын дайындайды және барлық ұсынылған, жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын, қатысушы облыстар әзiрлеген бағдарламаларды бiрiктiрiп жинақтайды және оларды қарау және түсiндiру үшiн Денсаулық сақтау комитетiне және Банкке жiбередi;
      (iv) жыл сайын 15 тамызда Денсаулық сақтау комитетi ұсынылған жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын қарау және Банктiң қарауы және Банкте мұндай ұсынылған жыл сайынғы жұмыс бағдарламалары бойынша қарсылығының болмауы негiзiнде, сондай-ақ қатысушы облыстардың мұның алдындағы жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын орындауды ескере отырып, жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын ресми түрде бекiтедi және қатысушы облыстар мұндай жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын ресми бекiтудi қамтамасыз етедi.
      (b) Барлық жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларына қатысушы облыстар мен Денсаулық сақтау комитетi Жобаның А, Б, В және Г бөлiктерiн iске асыру үшiн қажеттi және тиiстi талаптар енгiзуге тиiс, сондай-ақ бұдан басқаларына:
      (i) жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларының мақсаттарына;
      (ii) айтылған мақсаттарға жету үшiн жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларының шеңберiнде орындалуға тиiстi iс-шараларына;
      (iii) жыл iшiнде жөндеуге жататын мекемелер (саны және сипаттамасы) және ұтымды ету шараларына;
      (iv) жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларды оңалтуға жататын медициналық мекемелерге, жыл ішінде сатып алуға жататын құрал-жабдықтарға және керек-жараққа бөле отырып, орындау үшін қажетті шығын сметасын қоса бюджетке;
      (v) бұдан басқа да, құрылыс жұмыстарын орындау үшін қатысушы аймақтар енгізген қаражаттар туралы, Заем алушының осы заем шеңберінде ұсынылатын қаражатты қоса, қаражаттары туралы ақпарат қамтылатын жыл сайынғы жұмыс бағдарламалары шеңберінде орындалатын іс-шараларға арналған қаржы жоспарына;
      (vi) оқу сапарларына және тағылымнамаға қатысу жолымен даярлықтан өтетін қызметкерлерді таңдау өлшемі мен санына, сондай-ақ осындай іс-шаралар шығынының сметасына қатысты талаптар.
      6. Заем алушы жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын орындайды және Банктің қанағаттануына жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын тиісті Қатысушы облыстардың орындауын қамтамасыз етеді.
                                  6-Қосымша

Арнайы шот

      1. Осы Қосымшаның контекстiнде
      (а) "Қолайлы баптар" терминi осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-параграфындағы кестеде көрсетiлген (1), (2), (3), (4), (5) және (6) баптарын бiлдiредi;
      (b) "Қолайлы шығыстар" терминi Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi және осы Келiсiмнiң 1-Қосымшасының ережелерiне сәйкес Қолайлы баптарға оқтын-оқтын бөлiнетiн Заем қаражаттарынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi ойға қонымды баға бойынша сатып алуға жұмсалған шығыстарды бiлдiредi;
      (с) "Рұқсат етiлген қаражат" терминi Заем шотынан алынатын 1000000 АҚШ долларының баламындағы соманы бiлдiредi және осы Қосымшаның 3(а) тармағына сәйкес Арнайы шотқа депозитке салынады, бiрақ егер Банк өзгедей келiспеген жағдайда, Рұқсат етiлген қаражат Заем шотынан алынған қаражаттың жалпы сомасы әзiрше баламасы 500000 долларға дейiнгi доллар баламының сомасынан артпауға тиiс, Жалпы талаптардың 5.02-параграфына сәйкес Банк өзiне қабылдаған барлық төленбеген арнайы міндеттемелермен қоса жиынтығы 4000000 АҚШ долларының баламына тең немесе асып түседi.
      2. Арнайы шоттан төлем жасау осы Қосымшаның талаптарына сай тек қолайлы шығыстарды жабу үшiн жүргiзiледi.
      3. Банкке қолайлы куәлiктер бергеннен кейiн, Рұқсат етiлген қаражаттарды алуға және Арнайы шотты толықтыру мақсатында одан кейiн де қаражаттар алуға сәйкес тиістi дәрежеде Арнайы шот ашу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      (а) Рұқсат етілген қаражаттарды алу үшiн Заем алушы Банкке Арнайы шотқа депозит немесе депозиттер салуды жүргізуге арналған сұрату немесе сұратулар ұсынады, оның жиынтық сомасы Рұқсат етiлген сомадан аспайды. Банк осындай сұратудың немесе сұратулардың негiзiнде Заем алушының атынан Заем шотынан қаражат алуды жүргiзедi және Заем алушы сұратқан сомада Арнайы шотқа депозитке салады.
      (b) (i) Арнайы шотты толықтыру үшiн Заем алушы Банк белгiлеген аралық уақытпен Арнайы шотқа қаражат аудару үшiн Банкке сұратулар ұсынады;
      (ii) айтылған әрбiр сұратуды алғанға дейiн немесе осындай сұратуды алған бойда Заем алушы осы Қосымшаның 4-параграфында Арнайы шотты қаражатпен толықтыруға сәйкес төлемдi немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн көзделген құжаттарды және өзге де куәлiктi Банкке ұсынады. Әрбiр осындай сұратудың негiзiнде Банк Заем алушы атынан Заем шотынан Заем алушы сұратқан соманы алуды жүргiзедi және оны Арнайы шотқа есептейдi. Мұндай сұратылған соманың негiздiлiгiн Қолайлы шығыстарды төлеу үшiн Арнайы шоттан осы соманы алу туралы куәландыратын аталған қаржылық және басқа құжаттар растайды. Банктiң Заем шотынан көрсетiлген депозиттердi алуы Қолайлы санаттар шеңберiнде және тиiстi баламдық сомаларда жүргiзiледi, ол ұсынылған қаржылық және басқа құжаттар расталады.
      4. Арнайы шоттан Заем алушы төлем жасаған әрбiр төлем бойынша Заем алушы Банк талап еткен мерзiмде ойға қонымды негiзде құжат пен басқа куәлiктi Банкке ұсынады, мұндай төлем тек қана Қолайлы шығыстар үшiн жүзеге асырылады.
      5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелерiне қарамастан, Банктен Арнайы шотқа депозиттер аударуды талап етпейдi:
      (а) егер кез келген уақытта бұдан әрi барлық қаражат алу Заем шотынан, бұл Жалпы талаптардың V бабында және осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (а) параграфында көзделгендей, тiкелей Заем алушы арқылы жүзеге асырылуға тиiс екендiгiн айқындаса;
      (b) егер осы Келiсiмнiң 4.01-бөлiмiнде (b) (ii) көрсетiлген уақыттың бiр бөлiгi iшiнде Банкке аталған Бөлiмге сәйкес есептiк жазбалар мен шоттардың аудитi туралы Арнайы шотқа қатысты қандай да бiр есептерден ұсынылуға жататын өтiнiштер жiберiлмесе;
      (с) егер Банк кез келген уақытта өзiнiң Заем алушының 6.02 Жалпы талаптар Бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Заем шотынан қаражат алуға деген құқығын тұтастай немесе iшiнара тоқтату ниетiнiң бар екенi туралы Заем алушыны хабардар етсе; немесе
      (d) егер 6.02 Жалпы талаптар Бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық төленбеген арнайы мiндеттемелерiнiң сомасын шегере отырып, Арнайы шот үшiн Қолайлы баптар арасында бөлiнген алынбаған заем қаражатының жалпы сомасы Рұқсат етiлген қаражат сомасынан екi есе артады. Заем шотынан мұндай алудан кейiн Қолайлы баптарды қаржыландыруға арналған алынбаған соманың қалдығы Заем алушыны арнайы хабардар етуде Банк көрсеткен рәсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады. Одан кейiнгi осындай алулар хабардар етiлген күнгi Арнайы шоттағы бар салымдар сомасына Банктiң қанағаттануына қарай содан кейiн жүргiзiледi және олар Қолайлы шығыстарды жабу үшiн пайдаланылатын болады.
      6. (а) Егер Банк қандай да бір мерзімге (і) Арнайы шот қаражатынан кез келген төлем шығыстарды жабу үшін осы Қосымшаның 2-тармағының талаптарына сай келмейтін сомада жұмсалған болса, немесе (ii) Банкке ұсынылған құжаттамаларға негізделмесе, Заем алушы Банктен хабар алысымен (A) кешіктірмей Банк сұрату салатындай қосымша дәлел ұсынуға тиіс; немесе (B) арнайы шотқа жеткілікті дәлел болып табылмайтын немесе қолайлы төлемдер санатына кірмейтін мұндай төлем сомасына тең соманы, немесе оның бір бөлігін енгізуге тиіс (немесе Банктің сұратуы бойынша Банкке төлеуге тиіс). Егер Банкпен өзгедей келісілмесе, Банк тарабынан Арнайы шотқа Заем алушы дәлел ұсынғанша немесе салым салғанша немесе нақты жағдайларға қарай қаражатты төлегенше одан әрі ешқандай салым салынбайды.
      (b) Егер Банк қандай да бір мерзімге Арнайы шотта қандай да бір

қалған сома Қолайлы шығыстарды одан әрі жабу үшін пайдаланылмайды, Заем 
алушы Банктен хабар алысымен осы қалған соманы Банкке төлейді.
     (c) Заем алушы Банктен хабар алысымен Банкке Арнайы шоттағы 
қаражаттың барлық сомасын немесе соманың бір бөлігін төлейді.
     (d) осы Қосымшаның 6 (а), (b) және (с) тармақтарына сәйкес жүзеге 
асырылған Банкке қаражат қайтару осы Келісімнің тиісті ережелеріне, Жалпы 
талаптарды қоса, сәйкес алдағы уақытта алу немесе жою үшін Заем шотына 
аударылады.                
     
     Оқығандар: 
         Қасымбеков Б.А.
         Нарбаев Е.Ә.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады