"Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 26 шілде N 458


      "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Z970131_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық-сараптамалық комиссиялар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың жанынан қоғамдық негізде құрылатын мамандандырылған консультациялық-кеңесші органдар.".
      2. 5-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық-сараптамалық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.".
      3. 6-бапта:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.";
      2) мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

     "1-1. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық 
бағдарламалары мынадай ережелерді қамтиды:
     шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
     кәсіпкерлік қызметке халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын 
тартуға бағытталған шаралар;
     шағын кәсiпкерліктi қолдау мен қорғаудың инфрақұрылымын қалыптастыру 
жөнiндегi шаралар;
     шағын кәсiпкерлiкке кредит-қаржылық және мүлiктiк қолдау көрсетiп, 
оны қорғау жөнiндегi шаралар;
     шағын кәсiпкерлiктiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi 
ұсыныстар;
     шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау 
жөнiндегi шаралар;


      шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, дамытуға және қорғауға бағытталған мемлекеттiк саясатты iске асыруға байланысты басқа да мәселелер.
      1-2. Экономиканың басым салаларын дамытудың өнеркәсiптік (салалық) бағдарламаларында:
      саланың негiзгi өнеркәсiп орындары инфрақұрылымының объектiлерi ретiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - өнеркәсiп орындарын дамытуды ынталандыру;
      операциялардың бiр бөлiгiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң орындауын көздейтiн саланың негiзгi кәсiпорындарының өндiрiстiк- технологиялық процестерiн әзiрлеу;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн - өнеркәсiп орындарын саланың iрi өнеркәсiп орындарына инвестицияланатын қаражат шеңберiнде қаржыландыру жөнiндегi шаралар көзделедi.";
      3) 2-тармақта:
      "Ұйымдар" деген сөз "Мүдделi ведомстволар, қоғамдық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және аймақтық" деген сөздердiң алдынан ", салалық" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.".
      4. 7-бапта:
      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексеруді жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi заңдарды бұзуға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабардар етедi.";
      2) 2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссиялар сауда-өнеркәсiп палаталарымен бiрлесе отырып:" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Ұйымдар - табиғи монополистер саладағы бәсекенi дамыту стратегиясын қалыптастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, өндiрiс саласына шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн интеграциялау мәселелерi көзделетiн салалық бағдарламалар әзiрлейдi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тиiмдiлiгi аз iрi өндiрiстердi олардың негiзiнде шағын кәсiпорындар құра отырып бөлшектеудi жүзеге асырады.".
      5. Мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссиялар
      1. Қоғамдық-сараптамалық комиссиялар мен сауда-өнеркәсiп палаталары қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары:
      осы Заңды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      атқарушы өкiмет органдарында шешiмдер қабылдаған кезде кәсiпкерлердiң мүдделерiне өкiлдiк ету, заңды құқықтарын қорғау және олардың пiкiрлерiн ескерiп отыру;
      кәсіпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң сындарлы бастамаларын қолдау, экономикалық жағынан дамыған мемлекет құру және Республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру iсiнде әрбiр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк айқындамасын насихаттау;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк қызмет мәселелерi бойынша қаулылары мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын бастамашылықпен әзiрлеу және қоғамдық сараптамадан өткiзу;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiнде нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
      2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссияның құрамы қоғамдық бiрлестiктердiң, сауда-өнеркәсiп палаталарының, шағын бизнес одақтары мен қауымдастықтарының, шағын кәсiпкерлiктi қолдау құрылымдарының өкiлдерiнен, ғалымдардан, жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы кәсiпкерлерден құралады.
      3. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық-сараптамалық комиссиялар туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.".
      6. 8-бапта:
      1-тармақта "Ақмола" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 2-тармақта:
      "Ақмола" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қоғамдық ұйымдар" деген сөздердiң алдынан "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - өндiрушiлердiң ұсыныстарын қалыптастыру заңдармен белгiленген тәртiппен өтiнiмдер негiзiнде жүргiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен өтiнiмдер қабылдау конкурс өткiзу басталғанға дейiн 10 күн бұрын тоқтатылады.".
      7. 9-бапта
      1) 2-тармақтағы "2 процентi" деген сөздер "0,5 процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақта "Өндiрiспен" деген сөзден кейiн "және кадрларды оқытумен" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 4-тармақта:
      "Өндiрiстiк қызметпен" деген сөздерден кейiн "және кадрларды оқытумен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жердi пайдалану (жердi иелену) актiсiн бергенi үшiн ақы алмастан және" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 5-тармақта "Өндiрiспен" деген сөз "Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Сауда-саттық (делдалдық) қызметiн қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн коммуналдық меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiледi.
      8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiне Заңда белгiленген тәртiппен жалға немесе сенiм бiлдiрiлген басқаруға берiлген объектiлерге, сауда-саттық (делдалдық) қызметiн қоспағанда, оларда көздемеген талаптарды орындаған жағдайда осындай шарт жасалған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн меншiк құқығын тегiн алады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеттерi жүзеге асырады.
      9. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердiң меншiк иесi құқығының құжаттарын ресiмдеу заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледі.".
      8. 13-бап "жөнiндегi мемлекеттік," деген сөздерден кейiн "салалық" деген сөзбен толықтырылсын.
      9. 15-бапта:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ортақ мүдделердi және әрбiр шағын бизнес субъектiсiнiң мүдделерiн бiлдiру мен қорғау, шағын кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн мейлiнше қолайлы жағдайларды, адал бәсекелестiктi қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен салалық, салааралық, аумақтық белгiлерi бойынша сауда-өнеркәсiп палаталарын, қоғамдық бiрлестiктер құруға құқылы.";
      2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау жөнiндегi қауымдастықтар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау жөнiндегi қауымдастықтардың кәсiпкерлiк қызметке негiзсiз араласу фактiлерiне жол бермеу мақсатында:
      нормативтiк құқықтық актiлердiң кәсiпкерлiк құрылымдардың қызметiне ықпалына тәуелсiз құқықтық сараптама жүргiзуге;
      құқық қорғау және бақылау органдарына кәсiпкерлердің құқықтарын бұзуға кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы материалдар енгiзуге;
      кәсіпкерлікті қорғау саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамытуды қамтамасыз етуге;
      мемлекеттік органдарға қарау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі актілерінің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына себепші болатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңдарда көзделген құқықтары бұзылған жағдайда олардың мүдделерін көздеп талап қоюға, Қазақстан Республикасында көзделген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қысым жасаған мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне сот органдарына шағымдануға;
      заң жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысуға құқығы бар.";
      3) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастықтардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне кепілдіктер:
      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарының қауымдастықтардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының заңды қызметін жүзеге асыруына тікелей немесе жанама түрде кедергі жасауға құқығы жоқ;
      мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастықтардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының өтініштеріне заңдарда белгіленген мерзімде жазбаша жауап қайтаруға міндетті;
      кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастықтардың қызметіне заңсыз араласуға жол берген не ондай қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіруші адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады;
      қауымдастықтардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының құқықтарды қорғау жөнінде көрсететін заң қызметтері, қауымдастықтардан, сауда-өнеркәсіп палаталарынан заң көмегін, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заң көмегін көрсетуге қатысты өзге де ақпарат сұраған кәсіпкерлердің мүдделерін көздеп жасалған іс-әрекеттің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер адвокаттық құпияға теңестіріледі және заңдардың нормаларына сәйкес қорғалуға тиіс.";
      4) 4-тармақта "Ақмола" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.
      10. 16-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Мемлекеттік бақылау органдарының тексеру жүргізетін қызметкерлері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олар қатаң есептілік бланкілеріне ресімделген арнайы нұсқаманы көрсеткен жағдайда ғана тексеруді жүзеге асыруға міндетті.
      5. Мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері тексеру жүргізген кезде Келушілерді тіркеу кітабына тексерудің жүргізілу фактісі туралы қызметін, тегін, тексерудің мақсаттары мен нәтижелерін көрсетіп белгі соғуға міндетті.
      6. Лауазымды адамдардың еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын іс-әрекеттері лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.
      7. Мемлекеттік органдардың не олардың лауазымды адамдарының Қазақстан

Республикасының заңдарына қайшы келетін, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған 
нұсқауларын орындау нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген 
зиянның оның ішінде қолдан шығарып алынған пайданың орынын осы органдар 
толтыруға тиіс.
     8. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңға 
негізделмеген кәсіпкерлік қызметті шектейтін тыйым салуы жарамсыз болып 
табылады және орындалмауға тиіс.".
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті
     
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Омарбекова А.Т. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады