Об утверждении Правил по запрещению ввоза, а также производства, применения и реализации на территории Республики Казахстан продукции, предназначенной для использования и применения населением, а также в хозяйственной деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2004 года N 218. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2267

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.12.2009 N 2267 (порядок введения в действие см. п. 3).

      В целях охраны здоровья граждан Республики Казахстан и реализации Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2002 года "О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила по запрещению ввоза, а также производству, применению и реализации на территории Республики Казахстан продукции, предназначенной для использования и применения населением, а также в хозяйственной деятельности.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 24 февраля 2004 года N 218

Правила по запрещению ввоза, а также производству,
применению и реализации на территории Республики
Казахстан продукции, предназначенной для использования
и применения населением, а также в хозяйственной деятельности

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2002 года "О санитарно- эпидемиологическом благополучии населения" и устанавливают порядок запрещения ввоза, а также производства, применения и реализации на территории Республики Казахстан продукции, предназначенной для использования и применения населением, а также в хозяйственной деятельности (далее - продукция).
      2. С целью охраны здоровья граждан и территории Республики Казахстан от заноса и распространения инфекционных, карантинных и паразитарных заболеваний в ходе проведения санитарно-карантинного контроля на Государственной границе Республики Казахстан и текущего санитарно-эпидемиологического надзора должностные лица, осуществляющие государственный санитарно-эпидемиологический надзор, проводят в установленном порядке осмотр ввозимой, производимой, применяющейся и реализуемой на территории Республики Казахстан продукции.

2. Порядок запрещения ввоза, производства,
применения и реализации продукции, предназначенной
для использования населением

      3. Продукция при ввозе, производстве, реализации и применении должна быть безопасной, соответствовать требованиям действующего законодательства в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения и иметь соответствующую нормативно-техническую документацию. Z070301
      Безопасность продукции подтверждается наличием санитарно-эпидемиологического заключения (гигиенического сертификата), выдаваемого должностными лицами санитарно- эпидемиологической службы.
      4. Не допускается к ввозу, применению и реализации на территории Республики Казахстан продукция, предназначенная для использования и применения населением, а также в хозяйственной деятельности при:
      1) несоответствии ее нормативно-технической документации и санитарно-эпидемиологическим требованиям;
      2) отсутствии документов, удостоверяющих ее безопасность;
      3) отсутствии государственной регистрации отдельных видов продукции и веществ, оказывающих вредное воздействие на здоровье человека;
      4) выявлении фальсифицированной продукции;
      5) истекшем сроке годности и (или) хранения или сроке годности, истекающем в течение двух месяцев (кроме скоропортящейся продукции);
      6) признании ее опасной для здоровья и среды обитания населения;
      7) создании угрозы возникновения и распространения инфекционных заболеваний или массовых неинфекционных заболеваний и отравлений.
      5. Производство продукции, предназначенной для использования, применения населением и в хозяйственной деятельности, запрещается при:
      1) несоответствии объектов и технологии производства санитарно-эпидемиологическим требованиям;
      2) отсутствии необходимого для соблюдения технологического процесса производства продукции производственного и технологического оборудования, аппаратуры, инвентаря;
      3) отсутствии нормативно-технической документации на продукцию при постановке ее на производство;
      4) отсутствии государственной регистрации на впервые внедряемые в производство и ранее не использовавшиеся вещества и изготовляемые на их основе материалы и препараты, представляющие потенциальную опасность для населения;
      5) отсутствии санитарно-эпидемиологического заключения на производство новой продукции и замену отдельных ингридиентов выпускаемой продукции;
      6) использовании запрещенных пищевых добавок, ингредиентов и сырья;
      7) создании угрозы возникновения и распространения инфекционных заболеваний или массовых неинфекционных заболеваний и отравлений.
      6. При выявлении нарушений, перечисленных в пунктах 4 и 5 настоящих Правил, должностные лица, осуществляющие государственный санитарно-эпидемиологический надзор, запрещают ввоз, производство, применение или реализацию продукции на территорию Республики Казахстан с указанием причины в акте санитарно-эпидемиологического обследования и готовят материалы для принятия соответствующих мер.
      7. При наличии объективных эпидемиологических показаний должностные лица, осуществляющие государственный санитарно- эпидемиологический надзор, направляют в установленном порядке образцы продукции на санитарно-эпидемиологическую экспертизу.
      8. Продукция, признанная по результатам санитарно- эпидемиологической экспертизы опасной либо создающей угрозу возникновения и распространения инфекционных заболеваний или массовых неинфекционных заболеваний и отравлений, подлежит в установленном   законодательством порядке уничтожению, утилизации или переработке, а ввозимая - вывозу за пределы Республики Казахстан.
      9. Должностные лица, осуществляющие санитарно-карантинный контроль в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан, мероприятия по запрещению ввоза продукции проводят скоординированно и во взаимодействии с подразделениями органов пограничного, таможенного, транспортного, ветеринарного и фитосанитарного контроля.

Халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ онда өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу жөніндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 ақпандағы N 218 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2267 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2267 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ онда өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу жөнiндегі ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінің       
2004 жылғы 24 ақпандағы
N 218 қаулысымен    
бекiтiлген       

Халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ онда өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу жөнiндегi ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрленген және халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi (бұдан әрi - өнім) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ онда өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар санитарлық-карантиндiк бақылауды және ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргiзудің барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын және аумағын жұқпалы, карантиндiк және паразиттік аурулардың әкелiнуi мен таралуынан сақтау мақсатында белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, өндiрiлетiн, қолданылатын және сатып алынатын өнiмдердi қарауды жүргiзедi.

2. Халықтың пайдалануына арналған өнiмдi әкелуге, өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу тәртiбi

      3. Өнiм әкелу, өндiру, сату және қолдану кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қауіпсiз және тиiстi нормативтiк- техникалық құжаттамасы болуы тиiс. Z070301
      Өнiмнiң қауіпсiздігi санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары беретiн санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының (гигиеналық сертификаттың) болуымен расталады.
      4. Халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметте пайдалануына және қолдануына арналған өнiмдi мынадай кезде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, қолдануға және сатуға рұқсат етiлмейдi:
      1) оның нормативтiк-техникалық құжаттамасына және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмегенде;
      2) оның қауiпсiздiгін куәландыратын құжаттар болмағанда;
      3) адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiнiң мемлекеттiк тiркелуi болмағанда;
      4) өнiмнiң жалғандығы анықталғанда;
      5) жарамдылық және (немесе) сақтау мерзiмi өтiп кеткенде немесе екi ай ішінде өтетiн жарамдылық мерзiмi болғанда (тез бұзылатын өнiмнен басқа);
      6) оны халықтың денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасы үшiн қауiптi деп танығанда;
      7) жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы және таралу қаупi төнгенде.
      5. Халықтың және шаруашылық қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi өндiруге мынадай кезде тыйым салынады:
      1) өндiрiс объектiсi мен технологиясының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкессiздiгi;
      2) өнiмдердi өндiрудiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қажеттi өндiрiстiк және технологиялық жабдық, аппаратура, мүкәммал болмағанда;
      3) өнiмдi өндiруге қойған кезде оның-нормативтiк-техникалық құжаттамасы болмағанда;
      4) халық үшiн ықтимал қауiп төндiретiн, өндiрiске алғашқы рет енгiзiлетiн және бұрын пайдаланылмаған заттар мен олардың негiзiнде дайындалған материалдар мен препараттардың мемлекеттiк тiркеуi болмағанда;
      5) жаңа өнiм өндiрiсте және шығарылатын өнiмнiң жекелеген ингредиенттерiн ауыстыруға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болмағанда;
      6) тыйым салынған тамақ қоспаларын, ингредиенттер мен шикiзаттарды пайдаланғанда;
      7) жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы және таралу қаупi төнгенде.
      6. Осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында санамаланған бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсiндегi себептердi көрсете отырып, өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндiруге, қолдануға немесе сатып алуға тыйым салады және тиiстi шараларды қабылдау үшiн материалдар дайындайды.
      7. Объективтi эпидемиологиялық айғақтар болған кезде мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар белгiленген тәртiппен өнiмнің үлгiлерiн санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға жiбередi.
      8. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесi бойынша қауiптi деп танылған немесе жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың туындау және таралу қауiпін төндiретiн өнiм заңнамада белгiленген тәртiппен жоюға, кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге, ал әкелінгенi - Қазақстан Республикасынан тыс әкетугe жатады.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өнiмдi әкелуге тыйым салу жөнiндегi iс-шаралар жүргiзудi үйлесiмдi әрi шекаралық, кедендік, көліктiк, ветеринариялық және фитосанитарлық бақылау органдарының бөлiмшелерiмен өзара iс-әрекетте жүргiзедi.