"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды ден танылсын:
1) "Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау жөніндегі есепті жасау мен табыс ету ережесін, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру шеңберінде көзделетін ақпаратты ұсыну мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 165 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3361 болып тіркелген);
2) "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 13 қарашадағы N 171 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4466 болып тіркелген, "Юридическая газетаның" 2006 жылғы желтоқсандағы N 215(1195) санында жарияданған).
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов