«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Казақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Базарларды, жануарларды өндіру, дайындау (сою) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспарларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы№ 660 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2684 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.Ә. Тоқсеитова) бір апта ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын және оны заңнамада бекітілген тәртіп бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Күрішбаев