Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.12.14 N 432 Бұйрығымен.
Сапа саласында конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібінің талаптарын жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының "Сапа саласында конкурстар өткізудің кейбір Ережелерін бекіту туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде N 1526 тіркелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық атқару және өзге органдарының бюллетенінде 2001 жылғы, N 27, 457-бабында жарияланған) 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128 бұйрығына төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстанның үздік тауарлары" Республикалық конкурсына ұсынылған өнімдерді сараптап бағалау ісін ұйымдастыру және жүргізу ережелерінің:
Барлық мәтін бойынша "экономика" сөзі "индустрия" сөзімен ауыстырылсын;
9 тармақ мына редакцияда жазылсын:
"9. Екінші кезең - сәуір айынан бастап маусымды қоса алғанға дейінгі аралықта өтеді.
Кезеңнің қамтитын мәселелері:
Аймақтық сараптау комиссиясының конкурсқа қатысушылардан өнімдер бойынша қажетті материалдарды қабылдауы;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің Мемлекеттік бақылау басқармасының инспекторларын қатыстыру арқылы Аймақтық сараптау комиссиясы конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өнімдерді сынақтан өткізген және талдау жасаған жұмыстарды іріктеу;
Конкурсқа қатысушылардың өндірістерін қазіргі технологияны қолдануы, еңбек жағдайы, сапа жүйесін қолданысқа ендіруі және оларды Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттауы, (республикадағы, сондай-ақ шет мемлекеттердегі) тұтынушылардың сын-пікірлері, Қазақстан нарығына және экспортына қатысу үлесі бойынша тексеру";
10 тармақ бірінші абзацтағы "тамыз" сөзі "қыркүйек" сөзімен ауыстырылсын;
11 тармақ мына редакцияда жазылсын:
"11. Төртінші кезең - қорытындылаушы.
Қыркүйектен қарашаға дейін жүргізіледі және мына мәселелерді қамтиды:
Конкурстық комиссияның аймақтық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттарының, Республикалық конкурсқа қатысушылардың тізімін бекітуі;
"Қазақстанның үздік тауарлары" көрмесін өткізу бойынша ақпарат-жарнама жұмыстары;
"Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсын Әлемдік сапа күні аясында жүргізу;
конкурсқа қатысушылар ұсынған тауарларды сараптап бағалау және көрме жеңімпаздарына "Қазақстанның үздік тауарлары" деген ат беру; Республикалық конкурс жеңімпаздарының тізімін "Мемстандарт жаңалықтары" журналына жариялау;
"Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсы лауреаттарының каталогын шығару";
12 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын;
13 тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Әр номинацияда көрермендер көзайымы жүлдесі белгіленеді.";
17 тармақтың 1 тармақшасындағы:
бірінші ұсыныс мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аймақтық сараптау топтың құрамын құрастыру барысында оны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті облыстармен қалалардың әкімшілігімен келіседі";
мынадай 21 және 22 тармақтармен толықтырылсын:
"21. Егер бір номинация аясында өнімнің бір түрі бойынша ең кемі екі үміткер қатысса конкурс өтті деп есептеледі.
22. Конкурсқа үстем жағдайға ие және шетелдік заңды тұлғалардың өнімдері және сауда белгілерін шығаратын рынок субъектілері жіберілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің аккредиттеу, сертификаттау және сапаны басқару бөлімі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
индустрия және сауда министрлігінің
Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі
комитетінің Төрағасы