"Телекоммуникациялар көрсететін әмбебап қызметтерді қоспағанда, қызметтердің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар саласындағы, сондай-ақ телекоммуникациялар желілерін ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кабельдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) кол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 7 шілдедегі № 214-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 17 мамырдағы № 164-НҚ Бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Телекоммуникациялар көрсететін әмбебап қызметтерді қоспағанда, қызметтердің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар желілерін ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кабельдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) кол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 7 шілдедегі № 214-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 29 шілде № 3761 нөмірімен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 1 ақпанда № 16 (822) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен келісілгеннен кейін:
      1) бір апта ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және бұрын жарияланған ресми баспасөз басылымына хабарландырсын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                    Н. Алдабергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады