Телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтердiң осы түрлерiн ұсынудың технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгі себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар саласындағы, сондай-ақ телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгі құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсыну ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 7 шілдедегі N 214-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3761. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 17 мамырдағы № 164-НҚ Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.05.17 № 164-НҚ Бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабының 3) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтердiң осы түрлерiн ұсынудың технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар саласындағы, сондай-ақ телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсыну ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Телекоммуникация және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (Е.Ш. Әлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгiленген тәртiппен ресми жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, "Қазақтелеком" және "Транстелеком", "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының назарына жеткiзсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Ақпараттандыру және байланыс
      агенттігінің төрағасы
      2005 жылғы 21 шілде

Қазақстан Республикасы Табиғи   
монополияларды реттеу агенттiгi  
төрағасының 2005 жылғы      
7 шілдеде N 214-ОД бұйрығымен   
бекiтiлген            

Телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi
қоспағанда, қызметтердiң осы түрлерiн ұсынудың
технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар саласындағы, сондай-ақ телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы
телекоммуникация желiсiне қосуға технологиялық жағынан
байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi
құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға
беру саласындағы реттелетiн қызметтерге (тауарларға,
жұмыстарға) қол жеткiзудiң тең жағдайларын
ұсыну ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтердiң осы түрлерiн ұсынудың технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникация саласындағы, сондай-ақ телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсыну ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi.
      Ереже табиғи монополиялар субъектiсi (бұдан әрi - Субъект) телекоммуникациялар саласындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) (бұдан әрi - телекоммуникациялар қызметтерi) тұтынушылардың тең қол жеткiзуiн қамтамасыз етудiң жалпы қағидаттары мен тәртiбiн айқындайды.

      2. Телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне қол жеткiзуге тең жағдайлар барлық тұтынушылардың осы қызметтерге кемсiтпеушілiксiз қол жеткiзуiн бiлдiредi.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      байланыс операторы - Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен байланыс қызметтерiн ұсынуға арналған лицензияны алған жеке немесе заңды тұлға;
      тұтынушы - Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген байланыс операторының телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн пайдаланатын байланыс операторы;
      телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтердiң осы түрлерiн ұсынудың технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кездегi телекоммуникациялардың қызметтерi, және телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi қызметтер;
      уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган немесе белгiленген құзыретiнiң шегiнде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Ереже телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтарды ескере отырып ұсыну жағдайына қолданылмайды.

  2. Телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн
қызметтерiне қол жеткiзуге тең жағдайлар берудiң жалпы қағидаттары

      5. Телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне қол жеткiзудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып жүзеге асырылады:
      1) осы Ереженiң 3-бөлiмiнде айқындалған талаптар сақталған жағдайда барлық тұтынушылар үшiн көрсетiлетiн қызметтерге тең қол жетiмдiлiк;
      2) барлық тұтынушыларға қатысты бiрыңғай тарифтiк саясат жүргiзу;
      3) ақпараттық ашықтық:
      телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң тiзбесi;
      телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң тарифтерi;
      телекоммуникациялар желілеріне қосылатын стандартты нүктелерi мен қосу талаптарының тiзбесi.

  3. Телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн
қызметтерiне тең қол жеткiзудi ұйымдастыру тәртiбi

      6. Барлық тұтынушыларға қосу жөнiнде тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, Субъектi тұтынушының жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде соңғысына қосудың стандартты нүктелерi туралы жарияланған мәлiметтерге сәйкес қосудың әрбiр нақты жағдайына арналған техникалық талапты айқындайтын қосуға техникалық жағдай жасайды.
      Тұтынушы қосу жөнiндегi оның барлық талаптарын орындағаннан кейiн Субъектi қосуға арналған шартқа қол қоюдан бас тарта алмайды.

      7. Субъектi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен бекiтетiн қосуға арналған үлгi шартына сәйкес тұтынушылармен шарт жасасады.

      8. Барлық тұтынушыларға телефон трафигiн (жергiлiктi, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыс операторларынан/на) өткiзу жөнiнде тең жағдайлар берудi қамтамасыз ету мақсатында Субъектi:
      1) желiлердi қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдарының кешенiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда ғана және тәртiппен ажыратып тастайды;
      2) өзiнiң желiсiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген стандарттар мен нормаларға сәйкес пайдаланады. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электрбайланыс-телекоммуникациялар секторы одағының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен нөмiрлерi мен кодтары, теру қағидаттары өзгерген жағдайда барлық тұтынушыларды бiр мезгiлде хабардар етедi.

      9. Жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосуға технологиялық байланысты кәбiлдiк арналар мен өзге де негiзгi құралдарды жалға беру немесе пайдалану жөнiндегi қызметтерге тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында, Субъект Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шартына сәйкес, әрбiр тұтынушылармен олардың жазбаша өтiнiмi бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрiне немесе жиынтықты түрлерiне шарт жасасуға мiндеттi.

      10. Телекоммуникациялардың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi үшiн ақы төлеу уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден аспауға тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады