Астана қаласының аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 26-73/қ қаулысы

       "Жер қойнауын және қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымша сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия құрамы Астана қаласының мәслихатына бекітуге енгізілсін. (1-қосымша РҚАО-ға түспеген)
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласының аумағандағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін. (2-қосымша РҚАО-ға түспеген)
      3. "Астана қаласының аумағандағы кең таралған пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия туралы және Жер қойнауын пайдаланудың құқығын алуға инвестициялық бағдарламасының конкурсын ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 3-1-1692қ қаулысының және Астана қаласы әкімдігінің жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 26-10-825қ қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.

      Әкім                                       И.Тасмағамбетов 

      Әкімнің орынбасары                         Қ.Т. Сұлтанбеков
      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлімінің меңгерушісі                      Д.Б. Досқұлов  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады