Астана қаласы аумағында кең тараған пайдалы қазбалары бар жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережені және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсын әзірлеу және ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 3-1-1692қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 қыркүйекте N 349 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 26-73/қ қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 29.04.2011 № 26-73/қ қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес, Астана қаласы аумағында кең тараған пайдалы қазбалары бар жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсын әзірлеу және ұйымдастыру үдерісін реттеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Преамбулаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы  N 26-10-825қ Қаулысымен.
      1. Астана қаласы аумағында кең тараған пайдалы қазбалары бар жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін (1-қосымша).
      2. Қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсын әзірлеу және оны ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін (2-қосымша).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.

       Астана қаласының әкімі

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      Қаржы департаментінің директоры

      Әкім аппараты құжаттамалық
      сараптама бөлімі меңгерушісінің
      міндетін атқарушы

      Экономика, сауда және кәсіпкерлік
      департаментінің директоры

Астана қаласы әкімдігінің 
2004 жылғы 1 қыркүйектегі 
N 3-1-1692қ қаулысына   
1-қосымша         

  Астана қаласының аумағында жер қойнауының жалпыға
таралған пайдалы қазбаларын пайдалану мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
Ережесі

      Осы Астана қаласының аумағында жер қойнауының жалпыға таралған пайдалы қазбаларын пайдалану (бұдан әрі - ЖПҚ) мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) жер қойнауының жалпыға таралған пайдалы қазбаларын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия жұмыстарының тәртібін айқындайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласының аумағында жер қойнауының ЖПҚ пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес Астана қаласының аумағында ЖПҚ қатысты бөлігіндегі жер қойнауын оңтайлы пайдалану мақсатында Астана қаласының әкімдігімен құрылған алқалы орган болып табылады. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы  N 26-10-825қ Қаулысымен.

      2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комиссияның дербес және сандық құрамы Қазақстан Республикасы Астана қаласының Мәслихатымен бекітіледі.

  2. Комиссияның міндеттері мен қызметтері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері ЖПҚ көздерін игеру бойынша ең артықшылықты инвестициялық бағдарламаларды іріктеу болып табылады.

      5. Комиссияның өз қызметі саласындағы функциялары:
      1) заңнамаларға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәсілін айқындау;
      2) жер қойнауының ЖПҚ пайдалану құқығын беретін ұсыныстарды уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
      3) жер қойнауының ЖПҚ пайдалану құқығын беруге ұсынылған ұсыныстарды қарау және бағалау;
      4) Қазақстан Республикасында жер қойнауының ЖПҚ пайдалану құқығын берудің тәртіптерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау;
      5) Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылған өзге де қызметтер болып табылады.

  3. Комиссияның өкілеттігі

      6. Комиссия заңнамаларға сәйкес мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) ЖПҚ өніміне арналған жер қойнауын пайдаланушыларды таңдау мақсатымен конкурс өткізуді ұйымдастырады;
      2) конкурс қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігіне конкурс жеңімпаздарына жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде ұсыныс енгізеді;
      3) келісім-шарт жасасқан кезде аймақтағы халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер ұйымдастырады;
      4) Астана қаласының әкімдігіне тікелей келіссөздердің қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде ұсыныс енгізеді;
      5) Астана қаласының әкімдігіне жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шартты ұзарту туралы ұсыныс енгізеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның жұмыс органы Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті болып табылады. <*>
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы  N 26-10-825қ Қаулысымен.

      8. Комиссияның Жұмыс органы Комиссия мәжілісінің күн тәртіптерін дайындайды, Комиссия мүшелерін шақыруды қамтамасыз етеді, конкурстарды өткізуді хабарлайды, Комиссия мәжілісіне қарастыруға қажетті құжаттарды дайындайды, Комиссияның шешімдері мен қорытындыларының жобаларын дайындайды және т.б.

      9. Комиссияның хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды, дауыс беру құқығына ие болмайды және жұмыс органы қызметкерлерінің арасынан тағайындалады.

  5. Комиссия жұмысының тәртібі

      10. Комиссияны төраға басқарады.

      11. Комиссияның мәжілісі қажеттілігі бойынша өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісінен кем емес адам қатысқанда құқықтық болып табылады.

      12. Комиссия Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес жеке көзі бойынша жер қойнауының ЖПҚ пайдаланушыны анықтау тәсілін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалардың байқауын өткізу жолымен немесе тікелей келіссөздер жүргізу жолымен айқындайды.
      Жер қойнауын пайдаланушыны анықтаудың тәсілін айқындаудың негізгі ЖПҚ пайдаланылмай жатқан көздерінің бар екендігі туралы Жұмыс органының ақпараты, не болмаса ЖПҚ көздерін өңдеуді көздейтін ұйымдардың ақпараты болуы мүмкін.

  Инвестициялық бағдарламалардың конкурсын
өткізуді ұйымдастыру

      13. Жұмыс органы ЖПҚ пайдаланылмай жатқан көздерінің бар болуы, не болмаса ЖПҚ көздерін өңдеуді көздейтін ұйымдардың жазбаша өтініштері болған кезде жер қойнауын пайдаланушыны таңдау тәсілін анықтауға Комиссияны шақыруды ұйымдастырады.

      14. Комиссия инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткізу жолымен жер қойнауын пайдаланушыны анықтау тәсілін таңдау кезінде Жұмыс органымен ұсынылған байқауды (ақпараттық хабардың мәтіні, жер қойнауының учаскесін, геологиялық ақпараттардың пакетін жазып суреттеу және т.б.) өткізу жөніндегі материалдарды қарайды және бекітеді, конкурсқа қатысушылардың ұсынысымен конвертті ашудың күні мен уақытын анықтайды.

      15. Қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссия мәжілісінде хатшы жер қойнауының ЖПҚ пайдалану құқығын алуға үміткерлердің конкурстық ұсыныстарының пакетін төрағаға және мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелеріне бір-бір данадан таратады. Комиссия мүшелері жер қойнауының ЖПҚ пайдалану құқығын алуға үміткерлердің конкурстық ұсыныстарымен алынған пакетті өз беттерінше ашады.

      16. Мәжілісте болмаған Комиссия мүшесіне Комиссия хатшысы мәжіліс өткеннен кейінгі үш күндік мерзімде, ал болмаған жағдайында (іссапар, еңбек демалысы және басқа) келгеннен кейінгі үш күндік мерзімде оған байқаулық ұсыныстардың конвертін, сондай-ақ осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысандағы журналға келесі тіркелумен дауыс беру парағын береді.

      17. Комиссия хатшысы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурс ұсыныстары пакеттерін ашудың хаттамасын рәсімдейді. Конкурс ұсыныстарының пакеттерін ашу хаттамасына мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелерінің және төрағасының қолы қойылады.

      18. Конкурстың алынған ұсыныстары оқылғаннан кейін төраға мен Комиссия мүшелері қатысушылар өтініштерінің конверттерін ашқан сәттен бастап он күннен көп емес мерзімде осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда жер қойнауын пайдаланудың қаралған объектілері бойынша дауыс беру парақтарын толтырады. Жер қойнауы (блоктар) учаскелерінің атауымен дауыс беру парағы Жұмыс органымен жасалады және конкурс ұсыныстарымен пакеттер ашылған соң барлық Комиссия мүшелеріне таратылады. Комиссия мүшелерімен толтырылған және қол қойылған дауыс беру парақтары инвестициялық бағдарламалар байқауының конкурс қорытындысын жүргізетін Комиссияның мәжілісінде қарау үшін Комиссияның хатшысына беріледі және журналда (осы Ережесіне 1-қосымша) тіркеледі.

      19. Конкурс жеңімпазы туралы соңғы шешім дауыс беру парақтарының негізінде мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелерімен қабылданады. Комиссия жер қойнауын пайдаланудың қаралған объектілері бойынша конкурс жеңімпазын анықтау жөніндегі Комиссияның мәжілісі аяқталған соң хатшысы осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланудың құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалардың байқауларын өткізу жөніндегі Комиссия мәжілісінің хаттамасын рәсімдейді. Хаттамаға мәжіліске қатысушы барлық Комиссия мүшелері мен төрағасы қол қояды.
      Комиссия мәжілісіне қатысып отырған Комиссия мүшесі талқылаудың нәтижесі бойынша осы Комиссия мәжілісінде басқа дауыс беру парағын, оны тіркеуге сәйкес ұсынып өз пікірін өзгертуге құқылы.

      20. Комиссия шешімі оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және міндетті сипаттама алады.

      21. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болғанда Төраға дауысы шешуші болып табылады.

      22. Егер конкурсқа қатысушымен дауыстардың жартысынан көбісі алынбаса, дауыстардың көп санын алған екі өтініш иесіне қайта дауыс беру жүргізіледі.

      23. Егер екіден көп өтініш иелері бірдей дауыс санын алса, байқаудың соңғы жеңімпазын анықтау мақсатында конкурс жеңімпаздарының "қысқа" (аралық) тізімі жасалады.

      24. Қаралатын объектілердің қандай да бір жедел шешімін қабылдау қажет болған жағдайда Комиссия дауыс беру парағын толтырумен және тиісті хаттамаларды рәсімдеу жолымен конкурс ұсыныстарымен конверттерді ашқан соң конкурстың жеңімпазы туралы шешімді қабылдауға құқылы.

      25. Конкурс нәтижесі бойынша комиссия Астана қаласының әкімдігіне жер қойнауының ЖПҚ пайдалану құқығын беруге арналған шартты жасасу туралы ұсыныстар жасайды.

  Тікелей келіссөздердің жүргізуін ұйымдастыру

      26. Комиссия тікелей келіссөздер жүргізу жолымен жер қойнауының ЖПҚ пайдаланудың құқығын беру тәсілін таңдау туралы шешімді қабылдайтын жағдайда жер қойнауының ЖПҚ пайдаланудың құқығын алуға өтінушілерге тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімдер ұсыну туралы хабарламаны жібереді.

      27. Комиссия өтінушіге хабарламаны жіберген кезде Комиссия қарауына өтініммен бірге хабарламада ұсынылуы қажет ақпаратты көрсетеді.

      28. Комиссия өтінімді және қажетті ақпараттарды алғаннан кейін өтініш берілген күннен бастап үш ай ішінде берілген өтінімге тікелей келіссөздер жүргізу немесе тікелей келіссөздер жүргізуден бас тарту жөнінде шешім қабылдауы туралы жауап беруге міндетті.

      29. Комиссия тікелей келіссөздерді жүргізудің нәтижесі бойынша Астана қаласының әкімдігіне жер қойнауының ЖПҚ пайдаланушылардың құқығын беруге арналған шарт жасасу туралы ұсыныс жасайды.

  6. Жалпыға таралған пайдалы қазбалардың
өнімдеріне арналған келісім-шарттарды
ұзарту бойынша дауыс беру

      30. ЖПҚ өнімдеріне арналған келісім-шартты ұзарту жөніндегі Комиссияның мүшелері дауыс беруі ашық тәсілмен өткізіледі.

      31. Жұмыс органы Комиссияның объективті шешім қабылдауына қажетті барлық деректер мен құжаттарды ұсынуға міндетті.

      32. Комиссия дауыс беру қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігіне келісім-шартты ұзарту жөнінде ұсыныс енгізеді.

  7. Қорытынды ережелер

      33. Төраға мен Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Комиссиямен қабылданған шешімдерге қарсы дауыс беру жағдайларынан басқа Комиссиямен қабылданатын шешімдерге жауапкершілікке алады.

Жер қойнауын пайдалану    
мәселелері жөніндегі     
ведомствоаралық комиссияның 
ережесіне 1-қосымша     

Конкурс ұсыныстары мен мәжілістен қалыс қалған
комиссия мүшелеріне берілетін дауыс беру парақтарын
тіркеу, және комиссия мүшелерімен толтырылған
дауыс беру парақтарын өткізуді тіркеу
Журналы

__________________________________________________________________
р/с|Жер қойнауын|Конкурстық|Комиссия |Конкурстық |Дауыс   |Толты.
N | пайдалану  | ұсыныс   |мүшесінің|ұсыныс ал. |беру    |рылған
   |объектісінің| берген   |аты-жөні |ған комис. |парағын |дауыс
   |   атауы    | өтінуші  |         |сия мүшесі.|алған   |беру
   |            |          |         |нің қолы   |комиссия|парағын
   |            |          |         |           |мүшесі. |алған
   |            |          |         |           |нің қолы|комиссия
   |            |          |         |           |        |хатшысы.
   |            |          |         |           |        |ның қолы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану    
мәселелері жөніндегі     
ведомствоаралық комиссияның 
ережесіне 2-қосымша     

Жер қойнауының жалпыға таралған пайдалы қазбалар
пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық
ұсыныстары бар пакеттерді ашудың
Хаттамасы

Астана қаласы                               200__ жылғы "__" _____

Конкурстық комиссия
(комиссия мүшесінің аты-жөні, қызметі)
(комиссия мүшесінің аты-жөні, қызметі)
(комиссия мүшесінің аты-жөні, қызметі)
(комиссия мүшесінің аты-жөні, қызметі)
құрамындағы конкурстық ұсыныстармен пакеттерді ашудың тәртібін өткізді.

      I. Конкурстық ұсыныстар мынадай өтінушілермен берілді:
__________________________________________________________________
1 Объекті бойынша _______________________________________________
                   (жер қойнауын пайдалану объектілерінің атауы)
1) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
2) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
3) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
2. Объекті бойынша _______________________________________________
                    (жер қойнауын пайдалану объектілерінің атауы)
1) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
2) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
3) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
3. Объекті бойынша _______________________________________________
                    (жер қойнауын пайдалану объектілерінің атауы)
1) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
2) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
3) _______________________________________________________________
              (өтінушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)

      ІІ. Қатысқан комиссия мүшелерінен алынған конкурстық ұсыныстар мен дауыс беру парақтары.

      ІІІ. Қалыс қалған комиссия мүшелері үшін І тармақта көрсетілген конкурстық ұсыныстары бар пакеттер
__________________________________________________________________
     (Қалыс қалған комиссия мүшелерінің аты-жөні, қызметі)
комиссия хатшысына берілді.

      Төраға _________________
      Комиссия мүшелері: _________________

Жер қойнауын пайдалану    
мәселелері жөніндегі     
ведомствоаралық комиссияның 
ережесіне 3-қосымша     

Дауыс беру парағы

__________________________________________________________________
р/с|Жер қойнауы (блок) учаскесінің атауы, |Конкурсқа қатысушының-
N |жер қойнауын пайдалану құқығының түрі,|  жеңімпаздың атауы
   |                 ЖПҚ түрі             |
__________________________________________________________________
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
__________________________________________________________________

______________            ____________________________________
(қолы, күні)              (конкурстық комиссиясының аты-жөні)

      Комиссия мүшесі, өз дауысын беретін өтінушінің атауын, конкурсқа қатысушысы-жеңімпазының атауын сызбаға өз қолымен енгізеді.

Жер қойнауын пайдалану    
мәселелері жөніндегі     
ведомствоаралық комиссияның 
ережесіне 4-қосымша     

Жер қойнауының жалпыға таралған пайдалы қазбалар
пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық
бағдарламалар конкурстарының нәтижелерін өткізу
жөніндегі комиссия мәжілісінің
Хаттамасы

Астана қаласы                          №N ____ 200__жылғы "___"
_____________

Қатысқандар:
____________________________
(Комиссия мүшелері, аты-жөні)
____________________________
____________________________

Күн тәртібі:

      1. Жер қойнауының жалпыға таралған пайдалы қазбалар пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурстың жеңімпазын анықтау.
      2. Конкурсқа қойылған жер қойнауының пайдалану объектілері бойынша ұсынылған конкурстық ұсыныстары (материалдар қоса беріледі) бойынша комиссия мүшелерінің дауыс берулерін қарау, талқылау және қорытындысының негізінде комиссия шешім қабылдады:

      1. Объектілер бойынша Астана қаласының аумағындағы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар байқауының жеңімпазын анықтау:
      1) _________________________________________________________
__________________________________________________________________
                           (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                          (жеңімпаздың атауы)

Жеңімпаздың конкурстық ұсынысы қоса беріледі.
      2) _________________________________________________________
__________________________________________________________________
                           (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                           (жеңімпаздың атауы)

Жеңімпаздың конкурстық ұсынысы қоса беріледі.
      3) _________________________________________________________
__________________________________________________________________
                           (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                           (жеңімпаздың атауы)

      2. Экономика, сауда және кәсіпкерлік департаменті конкурс қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Астана қаласының әкімдігі
__________________________________________________________________
       (барлау, өндіру, бірлесіп барлау және жалпы таралған
                 пайдалы қазбаларды өндіру)
___тармақта ____тармақшада айқындалған конкурстың жеңімпазымен шарт жасасу бойынша ұсыныстар енгізсін.
      4. Объектілер бойынша конкурс жеңімпаздарының аралық тізімін анықтау:
1)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                     (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
          (аралық жеңімпаздардың атауы ("қысқаша" тізім)

2)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                      (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
         (аралық жеңімпаздардың атауы ("қысқаша" тізім)

      5. ___тармақта ____тармақшада айқындалған конкурстың аралық жеңімпазынан конкурс ұсынысына қатысты қосымша ақпарат сұрау.
      6. ___тармақта ____тармақшада мазмұндалған объектілер бойынша конкурстың соңғы жеңімпаздарын комиссия мәжілісінің 200__ жылғы "___" _____ анықтау.
      7. Мынадай объектілер бойынша конкурсты болмаған деп тану:
1) _______________________________________________________________
                        (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                          (негіздері)
2) _______________________________________________________________
                        (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                          (негіздері)

      8. Конкурстың мынадай объектілері алынсын:
1) _______________________________________________________________
                        (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                          (негіздері)
2) _______________________________________________________________
                        (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                          (негіздері)

      9. Қайта конкурс мынадай объектілер бойынша тағайындалсын:
__________________________________________________________________
                        (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                          (негіздері)

      10. Комиссия мыналардан сұрауды шешті:
__________________________________________________________________
                       (өтінушінің атауы)
қосымша ______________        объектісі бойынша __________________
           (ақпарат)                            (объектінің атауы)

      Төраға
      Комиссия мүшелері:

Астана қаласы әкімдігінің 
2004 жылғы 1 қыркүйектегі 
N 3-1-1692қ қаулысына   
2-қосымша         

Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға
инвестициялық бағдарламалар конкурсын
әзірлеу және ұйымдастыру жөніндегі
Нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібін бекіту туралы"  қаулысына (бұдан әрі - Тәртіп) және жер қойнауын пайдалану саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге құқықтарын (бұдан әрі - Жер қойнауын пайдалану құқығы) қоса алғанда, Астана қаласы аумағында кең тараған пайдалы қазбалары бар жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуге әзірлену және ұйымдастыру жөніндегі Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі - Құзыретті орган) іс-әрекетін саралайды. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы  N 26-10-825қ Қаулысымен.

      2. Осы Нұсқаулықта жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған ұғымдар қолданылады.

  2-тарау. Конкурс туралы жариялау және конкурсқа қатысуға Өтінімдерді және Конкурстық ұсыныстарды қабылдау

      3. Құзыретті орган уәкілетті атқарушы орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (бұдан әрі - Жұмыс органы) арқылы Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың ашық Конкурсын жариялау туралы құлақтандыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы  N 26-10-825қ Қаулысымен.

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсын жариялау туралы құлақтандыруда жер пайдалану құқығын беру көзделген жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасына сілтемелер мазмұндалады

      5. Құлақтандыруда:
      1) инвестициялық бағдарламалар Конкурсын өткізудің уақыты мен өтетін жері;
      2) конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің мерзімі;
      3) конкурстың негізгі шарттары;
      4) инвестициялық бағдарламалар Конкурсына қатысу құқығына жарна мөлшері (ақы төлеу сомасының мөлшері 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштерді құрайды, банктік деректемелері: алушы - Астана қаласы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Астана қаласының Қазынашылық комитетінде КЖК 003145185, БСК 19501070, СТН 620300015625);
      5) Геологиялық ақпараттары бар пакет құны (ақы төлеу сомасының мөлшері және банктік деректемелер);
      6) қол қойылған бонустың ең төменгі мөлшерлері анықталады.

      6. Құлақтандыруда конкурсты өткізудің шарттары туралы өзге де ақпарат көрсетілуі мүмкін.

  3-тарау. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына
қатысуға арналған өтінімдерге қойылатын талаптар
және оларды беру және қарастыру шарттары Инвестициялық бағдарламалар конкурсына
қатысу өтінімдеріне қойылатын талаптар

      7. Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсына қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі - Өтінім) Заңының 41-3 баптарының және Тәртіптің 10-тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс. <*>
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы  N 26-10-825қ Қаулысымен.

      8. Өтінім осы нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда ресімделеді және онда өтінім берілетін орынның (жер қойнауы учаскесінің) орналасқан жері, сондай-ақ мына мәліметтер көрсетілуі тиіс:
      1) өтінім берушінің атауы;
      2) заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, негізгі қызмет орнының мекен-жайы;
      3) мемлекеттік тиесілілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
      4) заңды тұлға және өтінім беретін тұлғалардың басшылары немесе иелері туралы мәліметтер;
      5) кәсіпорынның қаржылық жағдайы, жұмысты қаржыландыру көздері;
      6) өтінім берушінің немесе болжалды мердігердің техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері (жұмыстарды өткізуге ниет білдіру туралы шарт қосымшасымен).

      9. Өтінім Жұмыс органына мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

      10. Өтінімге міндетті түрде мына құжаттар қоса беріледі:
      1) конкурсқа қатысуға жарнаны төлегені туралы құжат көшірмесі;
      2) шаруашылық етуші субъектіні тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
      3) өтінім берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктерін куәландыратын құжаттар.

      11. Конкурсқа қатысуға арналған Өтінімге қоса берілетін өтінім берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы мәліметтер нысаны осы нұсқаулықтың 2-қосымшасында берілген.

      12. Өтінімі бар пакетке өтінім берушінің бірінші басшысымен расталған құжаттар тізімдемесі салынады.

      13. Жеңімпаздардың өтінімдерін қоспағанда, Конкурсқа қатысқандардың Өтінімдер материалдары Жұмыс органында 5 жыл бойы сақталады.

      14. Жеңімпаздардың өтінімдері Жұмыс органында Шарттың сақталуының барлық мерзімінде сақталады.

  Инвестициялық бағдарламалар Конкурсына қатысуға
арналған өтінімдерді беру және қарастыру шарттары

      15. Өтінім беруші Жұмыс органына Конкурс туралы құлақтандыруда анықталған мерзімде Өтінімнің түпнұсқасын береді.

      16. Өтінім беруші Өтінімді Жұмыс органына пошта арқылы немесе Жұмыс органының кеңсесіне жіберуге құқылы.

      17. Өтінім беру мерзімі өтіп кеткен соң Жұмыс органына түскен өтінімдер қарастырылмайды және конкурсқа қатыспайды.

      18. Жұмыс органына түскен өтінімдер кеңседе тіркеледі және тіркелген күні Жұмыс органының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.

      19. Өтінім берушімен конкурсқа қатысуға жарна төленбеген өтінімдер қарастыруға қабылданбайды.

      20. Жұмыс органы жер қойнауы туралы Жарлықтың 41-6 баптарымен және Тәртіптің 13-тармағымен қарастырылатын негіздер болған жағдайда Конкурсқа қатысуға арналған Өтінімдерді қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      21. Жұмыс органы Өтінім түскен күннен бастап бір ай мерзімде өтінім берушіні Конкурсқа қатысуға Өтінімдер қабылдау туралы ресми хабардар етеді.

  4-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға
арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар,
оларды беру және қарастыру шарттары Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған
конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар

      22. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға Конкурстық ұсыныс (бұдан әрі - Конкурстық ұсыныс) өтінім берушімен құлақтандыруда Жұмыс органымен анықталған мерзімде конкурстық ұсыныстарды құрастыру үшін қажетті геологиялық ақпаратты алғаннан кейін беріледі.

      23. Конкурстық ұсыныстар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

      24. Барлауға арналған Конкурстық ұсыныстарда міндетті түрде:
      1) өтінім берушінің соңғы 3 жылдағы қызметі туралы ақпарат;
      2) өтінім берушінің қаржылық мүмкіндіктері туралы банктік анықтама;
      3) жұмыс бағдарламасын және оларды жүзеге асыруға арналған шығындарды қоса алғанда барлау жүргізу шарттары туралы өтінім берушінiң ниеті;
      4) келісім аумағындағы жерлерді шұрайландыру және қалпына келтіруді қоса алғанда қоршаған ортаны қорғауға қатысты өтінім берушінің ниеті;
      5) барлауды қаржыландыру көздері (жеке немесе қарыз қаражаттары);
      6) геологиялық ақпарат алу шарттары мазмұндалуы тиіс.

      25. Өндіруге арналған Конкурстық ұсынысқа қосымша:
      1) өндіруді ұсынатын пайдалы қазбалар көлемін қосқандағы кен орындарын әзірлеу жоспары;
      2) өндіруді бастаудың және оның экономикалық және техникалық мүмкін болар деңгейіне жетудің күтілетін мерзімі;
      3) пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты шығындар мен оларды өткізуден түскен болжамдарды есептеу;
      4) жергілікті және республикалық бюджетке болжалған ақша түсімдері және келісім аумағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына капиталды салымдар қосымша мазмұндалуы қажет.

      26. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған конкурстық ұсыныста барлауға және өндіруге арналған конкурстық ұсыныстарда көрсетілген барлық тармақтар болуы тиіс.

      27. Конкурстық ұсыныста өтінім берушінің конкурсты өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты Тәртіп шарттарымен таныстырылғандығы туралы жазбаша расталуы тиіс.

      28. Конкурстық ұсыныстары бар пакетке жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталған құжаттардың тізімдемесі салынады.

  Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған
конкурстық ұсыныстарды беру және тіркеу

      29. Өтінім беруші Жұмыс органымен белгіленген мерзімде Жұмыс органына осы Нұсқаулықтың 23-28 және 30-38 тармақтарында баяндалған талаптарға сәйкес рәсімделген Конкурстық ұсыныстарды ұсынады.

      30. Өтінім беруші Конкурсқа Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасын және нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

      31. Конкурстық ұсыныстың ұсынуға қажетті көшірмелер саны Жұмыс органымен Конкурстық ұсынысты ұсыну қажеттілігі туралы өтінім берушінің құлақтандыруы болған жағдайда анықталады. Өтінімдердің түпнұсқасы мен барлық көшірмелері мәтіндерінің сәйкестігіне өтінім беруші жауапкершілік алады.

      32. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы "Түпнұсқа" жазуы бар жеке мөрленген пакетте ұсынылады. Конкурстық ұсыныстың көшірмелері "Көшірме" жазуы бар мөрленген пакетте ұсынылады.

      33. Өтінім беруші Конкурстық ұсыныстардың түпнұсқа мен көшірмелері бар пакеттерге пакетке салынған құжаттардың тізімдемесі салынады.

      34. Өтінім беруші Жұмыс органына Конкурстық ұсынысты пошта арқылы немесе Жұмыс органының кеңсесіне тікелей ұсынуға құқылы.

      35. Пакетте міндетті түрде мынадай ақпарат болуы тиіс:
      1) Конкурс атауы;
      2) жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы;
      3) жер қойнауын пайдалану түрінің атауы;
      4) өтінім берушінің атауы және деректемелері;
      5) "Ашуға болмайды. Конкурстық комиссияда қарау үшін" жазбасы.

      36. Конкурстық ұсыныс түпнұсқасы мен көшірмелері бар пакеттер Өтінім берушінің қолымен, ал заңды тұлғалар үшін Өтінім берушінің ресми мөрімен куәландырылуы қажет.

      37. Конкурстық ұсыныстар Жұмыс органының кеңсесінде тіркеу күні мен нөмірі мөрі бар пакеттерде, ашылмаған күйде тіркеледі.

      38. Жұмыс органының кеңсесіне Жұмыс органымен анықталған мерзім өткеннен кейін түскен Конкурстық ұсыныстар қарауға қабылданбайды.

      39. Жұмыс органының кеңсесі тіркелген пакеттерді ашпай, Жұмыс органының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады.

      40. Жұмыс органының құрылымдық бөлімшесі конкурстық ұсыныстарды осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу журналына оларды алған күні тіркейді. Конкурстық ұсыныстары бар пакеттерде Өтінім берушінің келтірілген мәліметтері журналда көрсетіледі.

      41. Жұмыс органының құрылымдық бөлімшесі Конкурстық ұсыныстары бар тіркелген пакеттерді және тіркеу журналын Конкурстық комиссиясының хатшысына (бұдан әрі - Хатшы) оларды Конкурстық комиссияның отырысында қарастырғанға дейін жауапты сақтауға тапсырады.

      42. Комиссияның отырысынан кейін жеңімпаздың Конкурстық ұсынысын қоспағанда Конкурстық ұсыныстардың түпнұсқасы мен Конкурстық ұсыныстардың нотариалды куәландырылған көшірмелерінің бір данасы Жұмыс органында 5 жыл ішінде сақталады.

      43. Жеңімпаздардың Конкурстық ұсыныстарының түпнұсқалары Өтініммен бірге Жұмыс органында Шарттың барлық іс-әрекетін ету мерзімінде сақталады.

  5-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға
арналған жабық конкурс өткізуді ұйымдастыру

      44. Инвестициялық бағдарламалардың жабық конкурсында ұсынылатын жер қойнауы учаскелерінің (блоктарының) тізімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітіледі.

      45. Жабық конкурсты өткізу шарттары барлық әлеуетті қатысушылардың назарына жеткізіледі.

      46. Жабық конкурс қатысушыларының Өтінімдері мен Конкурстық ұсыныстарын қабылдау, тіркеу және ресімдеу ашық конкурсқа қатысуға арналған Өтінімдер мен Конкурстық ұсыныстар тәрізді жүзеге асырылады.

      47. Жабық конкурстың өтінімдерін қарастыру және бағалау, ұсыныстарын қарастыру және бұдан арғы конкурстық тәртіптері ашық конкурс тәртіптеріне ұқсас.

Жер қойнауын пайдалану    
құқығын алуға инвестициялық 
бағдарламалар конкурсын   
әзірлеу және ұйымдастыру  
жөніндегі Нұсқаулыққа   
1-қосымша          

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға өтінім.

      1. Өтінім берушінің атауы.

      2. Өтінім берушінің мекен-жайы.

      3. Мемлекеттік тиесілілігі
      (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін)

      4. Заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері мен өтінім берушінің атынан өкілдік ететін адамдар туралы деректер

      Бірінші басшы __________________ М.О.
                       (қолы, күні)

Жер қойнауын пайдалану    
құқығын алуға инвестициялық 
бағдарламалар конкурсын   
әзірлеу және ұйымдастыру  
жөніндегі Нұсқаулыққа   
2-қосымша          

Өтінім берушінің техникалық, басқарушылық,
ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері
туралы анықтамалар беру нысаны.

      1. Өтінім берушінің техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтерде геологиялық барлау немесе өндіру жұмыстарын жүргізу үшін техниканың қолда болуы туралы кәсіпорын басшысымен расталған және мөрмен басылған бірлік саны көрсетілген ақпараттың немесе осындай техниканы иеленуші ұйымдармен жұмыс жүргізу ниеті туралы шарт болуы тиіс.
__________________________________________________________________
   |Құрал-жабдықтар атауы, шығарылған|        Бірлік саны
р/с|    жылы, техникалық жағдайы     |
__________________________________________________________________

      2. Басқарушылық мүмкіндіктері туралы мәліметтерде конкурсқа қатысушы-кәсіпорын басшылары туралы ақпарат, олардың білімі және жұмыс өтілі болуы тиіс:
__________________________________________________________________
р/с |        Тегі, аты-жөні     |    Лауазымы   |   Жұмыс өтілі
__________________________________________________________________

      3. Ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы мәліметтерде геологиялық барлау немесе өндіру жұмыстарын жүргізу үшін өндірістерде мамандардың болуы немесе алған білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіліп, зертханалық базаның немесе зертханалық жұмыстарды өткізу ниеті туралы шарт болуы тиіс.
__________________________________________________________________
р/с |     Тегі, аты-жөні      |    Лауазымы    |   Жұмыс өтілі
__________________________________________________________________

      4. Қаржылық мүмкіндіктері туралы мәліметтерде мынадай ақпараттар болуы тиіс:
      1) өтінім берушінің бухгалтерлік балансы;
      2) шығындар және табыстар туралы есеп;
      3) өтінім берушінің кредиторлық берешектері мен салық органынан бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешектерінің бар болуын немесе жоқтығын растайтын құжаттар;
      4) банк алдында мерзімі өткен берешектердің бар болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
      5) соңғы есептік жылғы өтінім берушінің қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды.

Жер қойнауын пайдалану    
құқығын алуға инвестициялық 
бағдарламалар конкурсын   
әзірлеу және ұйымдастыру  
жөніндегі Нұсқаулыққа   
3-қосымша          

Құзыретті органға түскен конкурстық
ұсыныстарды тіркеу журналы

__________________________________________________________________
р/с|Өтініш берушінің| Кен орнының, жер қойнауы  | Кеңсеге түскен
   |      атауы     |учаскесінің (блоктың) атауы|күні және тіркеу N
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады