Астана қаласы әкімдігінің жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 26-10-825қ Қаулысы. Астана қалалық Әділет департаментінде 2005 жылғы 29 қарашада N 420 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 26-73/қ қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 29.04.2011 № 26-73/қ қаулысымен.

      "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында, Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

        1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 3-1-1533қ "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Астана қаласының аумағында жер қойнауының кең таралған пайдалы қазбаларын пайдалану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрамына мыналар енгізілсін:
      "Бұқаев Тұрсынхан Айтқазыұлы   - "Астана қаласының Сәулет
                                       және қала құрылысы
                                       департаменті" мемлекеттік
                                       мекемесі директорының
                                       бірінші орынбасары", комиссия
                                       мүшесі ретінде;

      "Ахметова Әсем Балабекқызы      - "Астана қаласының Кәсіпкерлік
                                       және өнеркәсіп департаменті"
                                       мемлекеттік мекемесінің
                                       өнеркәсіпті лицензиялау
                                       бөлімінің жетекші маманы,
                                       комиссия секретары"

      мына:

      "Толымбек Дамир Нұрғалиұлы     - Экономика, сауда және
                                       кәсіпкерлік департаменті
                                       директорының орынбасары,
                                       комиссия төрағасының
                                       орынбасары";

      "Іргебаев Мұрат Спанқұлұлы     - Табиғатты қорғау
                                       бағдарламаларын іске асыру
                                       бойынша басқармасы бастығының
                                       орынбасары";

      "Іскендіров Жұмабай Жұмаділұлы - Астана қаласының Төтенше
                                       жағдайлар жөніндегі
                                       басқарманың бастығы"

      жолдар мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "Толымбек Дамир Нұрғалиұлы    - "Астана қаласының Кәсіпкерлік
                                      және өнеркәсіп департаменті"
                                      мемлекеттік мекемесі
                                      директорының орынбасары,
                                      комиссия төрағасының
                                      орынбасары";

      "Іргебаев Мұрат Спанқұлұлы    - "Астана қаласының Табиғи
                                      ресурстар және табиғатты
                                      пайдалануды реттеу басқармасы"
                                      мемлекеттік мекемесі
                                      бастығының орынбасары";

      "Іскендіров Жұмабай           - "Астана қаласының Төтенше
      Жұмаділұлы                      жағдайлар жөніндегі
                                      департаменті" мемлекеттік
                                      мекемесінің бастығы";

      көрсетілген комиссияның құрамынан Мұқашев Қанат Хамитұлы, Ыбырайым Дәурен шығарылсын.

      2. Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына енгізілген өзгерістер Астана қаласының мәслихатымен бекітілуге ұсынылсын.

      3. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 3-1-1692қ "Астана қаласының аумағында жер қойнауының кең таралған пайдалы қазбаларын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы ережені және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсын әзірлеу және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 6 тамызда N 349 болып тіркелген; 2004 жылғы 28 қазандағы N 146 "Астана хабары"; 2004 жылғы 7 қазандағы N 141 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған)  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының  преамбуласындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына" сөздері "Қазақстан Республикасының Заңына" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) аталған қаулымен бекітілген Астана қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы  ережеде :
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына" сөздері "Қазақстан Республикасының Заңына" сөздерімен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "Экономика, сауда және кәсіпкерлік" сөздері "Кәсіпкерлік және өнеркәсіп" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) аталған қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсын әзірлеу және ұйымдастыру жөніндегі  нұсқаулығында :
      1-тармақтағы "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы Жарлық) Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына" сөздері "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Заңына" сөздерімен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Экономика, сауда және кәсіпкерлік" сөздері "Кәсіпкерлік және өнеркәсіп" сөздерімен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы және бұдан әрі мәтіндегі "Жер қойнауы туралы Жарлығының" сөздері "Заңының" сөзімен ауыстырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.

       Әкім

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлімінің меңгерушісі

      "Астана қаласының Кәсіпкерлік
      және өнеркәсіп департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады