Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2011 жылғы 04 тамыздағы № 279 бұйрығы.

       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларында қамау түріндегі жазаларды орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 64 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6129 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 11 (2010 жылғы 12 шілдедегі), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2010 ж. № 8, 378 бет.);
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 341 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6745 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 ақпандағы № 46-47 (26449) жарияланған) 1-тармағының 12) тармақшасы.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы                           Д. Құсдәулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады