"Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1/153 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 5/160 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысына түсіндірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтарын Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің еңсере алмауына байланысты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1/153 қаулысының күші жойылсын.
      2. 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1/153 қаулысымен күші жойылған, Маңғыстау облысының тиісті сайлау комиссияларының Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сайлауды әзірлеу мен өткізу мәселелері жөніндегі шешімдері күшінде қалады деп есептелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
      5. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы осы қаулыны сайлаушылардың, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
      6. Орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                  Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                    Б. Мелдешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады