Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1/153 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 қаңтарда № 7368 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 5/160 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2012.01.11 № 5/160 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2011 жылғы 17 желтоқсандағы № 197 және «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 215 Жарлықтарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысына түсіндірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай режимінің қолданылуына байланысты 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткізілмейді.
      2. Жаңаөзен қаласында құрылған округтер бойынша сайланатын Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының мәслихаттары депутаттарының және Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың күші жойылғаннан кейін тағайындалсын және өткізілсін.
      3. Маңғыстау облысының тиісті сайлау комиссияларының осы қаулының 1 және 2-тармақтарында аталған сайлауларды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысы, бұл мәселелер бойынша бұрын қабылданған шешімдердің күшін жоя отырып, тоқтатылсын.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
      5. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы осы қаулыны Жаңаөзен қаласы сайлаушыларының, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
      6. Орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С.Мелдешовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                   Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                    Б. Мелдешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады