Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 104 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № 221 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4802 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 24 тамызда № 130 (1333) жарияланған);
      2) "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 586 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5415 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2009 жылғы 18 ақпанда № 25 (1622) жарияланған);
      3) "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 586 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 368 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5800 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылғы № 12 жарияланған "Заң газеті" 2009 жылғы 23 қазан, № 162 (1585); ""Юридическая газета" газеті 2009 жылғы 23 қазан, № 162 (1759).
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) бір апталық мерзімде осы бұйрық күшіне енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұйрықтың көшірмесін жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады