"Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 586 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 368 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 25 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5800 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 104 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.02.20 № 104 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 586 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5415 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 18 ақпан, N 25 (1622) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесінде:
      4-тармақта "жылдың 30 тамызынан" деген сөздер "жылдың 30 қазанынан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызметті дамыту департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2009 жылғы 29 тамыздан күшіне енеді.

      Министр                                              Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады