ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАР ЕСЕБІНЕН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАНСТАН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының энергетика және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген 1997 жыл 13 тамыз N 99 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 15 ақпан N 464 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 89 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 28.03.2013 № 89 бұйрығымен.

                         1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
      1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңы талаптарына (47, 49, 51, 55, 58, 63-баптар) сәйкестендіріп жасалды. Z100291 қараңыз
      1.2. Ереже пайдалы қазбалар қорларын кәсіпорындар есебінен шығарудың бірыңғай тәртібін тағайындайды және Қазақстан Республикасы аумағында жер қойнауын пайдаланушыларға, олардың меншік нысандарына тәуелсіз, пайдалы қазбалар өндіру үшін (бұдан әрі өндіруші кәсіпорындар болып аталады) кәсіпорындарды жобалау, құрылыс салу, қайта құру, пайдалану, консервациялау және тарату жұмыстарын жүргізушілердің барлығының міндетті түрде орындауына жатады.
      1.3. Өндіруші кәсіпорындардың есепке алған пайдалы қазбалар қорларына әрі Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (ҚЖМК) немесе аумақтық комиссиялар (ҚЖМК) бекіткен, әрі кейініректегі геология барлау және кенорындарын қазу жұмыстары нәтижесіндегі министрліктер мен ведомстволықтардың қорлар жөніндегі Орталық комиссияларының (ҚЖОК) шешімі бойынша оралымды түрде есепке қойылған қорлар да жатады.
      1.4. Есептен шығаруға өндіруші кәсіпорындардың санаттағы баланстық және баланстан тыс негізгі, жолай және қосарлас шоғырланған (қатты, сұйық, газтәріздес) пайдалы қазбалар қорлары жатады (мұнайгаз өндіруші кәсіпорындар бойынша оның ішінде айырып алынатын мұнайдың, бостан газдың, мұнайда еріген газдың және конденсаттың қорлары) және олардың ішіндегі өнеркәсіптік маңызы бар бөліктер (компоненттер), сондай-ақ өндірістік, оның ішінде мұнайлы суларда бар басқа да бағалы бөліктер жатады:
      а) өндірілгендері және тұтынушыларға өңдеуге жіберілгендері (жерасты суларын қоспағанда);
      б) өндіру үдерісінде жоғалтылғандары, оның ішінде қопарылғандары және қопарылмаған күйінде жер қойнауында қалдырылғандары, жер қойнауынан босатып алып, таужыныстары үйінділеріне жіберілгендері, сондай-ақ тасымалдағанда, тиегенде, түсіргенде және сақтаған жерлерде жоғалтылғандары (жерасты суларын қоспағанда):
      в) жаңа тағайындалған кондицияларға сәйкеспеген жағдайларда өзінің өнеркәсіптік маңызын жоғалтқандары (мұнай, мұнайгазконденсат, газ және битум кенорындары үшін - тиесілі пайдалы қазбаларды жер қойнауынан айырып алудың жаңа тағайындалған еселеуішіне - коэффициентіне), шикізат сапасына қойылған мемлекеттік, салалық стандарттар мен техникалық шарттар талаптарына сай келмегендері;
      г) гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және басқа табиғи жағдайлардың күрделену салдарынан пайда болған техникалық-экономикалық себептер тұрғысынан өндіруге тиімсіздері;
      д) келесі кезеңдерде жүргізілген геологиябарлау және кенорындарындағы қазба жұмыстары нәтижесінде расталмағандары;
      е) пайдалы қазбалары өндіруге арналған лицензия күшінің тоқтауына немесе оның кері шақырып алынуына байланысты.
      1.5. Пайдалы қазбалардың баланстық қорлары 1.4. - нүктесіндегі: а, б, е - нүктешіктерінде көрсетілген себептер бойынша кәсіпорын есебінен толығынан шығарылады. Бірақ оған өндіріліп, арнайы үйінділерде сақталып тұрған пайдалы қазбалар қорлары жатпайды; олар ерекше есепте болуы тиіс.
      1.6. Баланстық қорларды 1.4. - нүктесінің в, г, д - нүктешіктерінде көрсетілген себептер бойынша есептен шығару әрі кәсіпорын санатынан толығынан алып тастау жолымен әрі оларды баланстан тыс қорларға аудару жолымен де жүргізіледі (жерасты сулары үшін - баланстық немесе баланстан тыс болуы олардың көздеген мақсаттарының өзгеруіне қарай).
      1.7. Өздері үшін жұмыс жүргізіліп жатқан жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалар мен кәсіпорындардың оң қорытындылары бар болса, ҚЖМК-ның шешімі бойынша, егер кондицияларды қайта қарау қажет болмаса, минералды шикізат өндіру немесе өңдеу технологиясын қайта қараудан, шикізат сапасына қойылған мемлекеттік, салалық стандарттардың және техникалық шарттар талабының қорларды бекіткенде қабылдағанға қарағанда өзгеруінен туындаған кәсіпорындардың пайдалы қазбаларды өндіруін ұлғайтуға, құрылыс салуға, қайта құруға жобалау жүргізгенде қорларды есептен шығаруға немесе баланстық қорларды баланстан тыс аударуға жол беріледі.
 
                   2. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕНОРЫНДАРЫН
              ӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЛАРЫН
                       ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ
 
      2.1. Өндірілген (жер қойнауынан шығарылған) пайдалы қазбалардың, жерасты суларынан басқа, баланстық (оның ішінде айырып алынатын мұнайдың, бостан газдың, мұнайда еріген газдың және конденсаттың қорлары) және баланстан тыс қорларын тағайындалған мерзімдерде, жылына бір реттен кем емес, геологиялық-маркшейдерлік құжаттамаларда тіркелген деректер негізінде есептен шығаруды пайдалы қазбаларды өндіруші кәсіпорын жүргізеді.
      Одан әрі жүргізілген геологиябарлау және кенорнындағы қазба жұмыстары нәтижесінде табылып, пайдалы қазбалардың өндірілген қорлары тағайындалған тәртіппен олардың өсірілгені рәсімделгеннен кейін, есептен шығарылады.
      2.2. Өндіру үдерісінде жоғалтылған пайдалы қазбалардың, жерасты суларынан басқа, баланстық (оның ішінде айырып алынатын мұнайдың, бостан газдың, мұнайда еріген газдың және конденсаттың қорлары) және баланстан тыс қорларды есептен шығару, жылына бір реттен кем емес, әрбір ойық бірлігі бойынша (блок, лава, кертпеш және с.с.), өндіру кезіндегі пайдалы қазбаларды жоғалтуды және есепке алу салалық ереже талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      Өндіру барысында жоғалтуларды тікелей анықтау мүмкін болмаса, ал ойық бірлігін толық қазып алу есеп беру жылы соңына дейін бітпеген жағдайларда, жоғалтылған, есептен шығаруға жататын қорлардың саны, келісімді шарт мөлшерінде, осы ойық бірлігіне тән жоғалту және одан өндірілген пайдалы қазбалар санына сәйкес нормативін ескере отырып белгіленеді.
      Пайдалы қазбалардың осы ойық бірлігі бойынша есептен шығаруға жататын үзілді-кесілді жоғалтылған қорлардың саны ол толығынан қазылып біткен соң айқындалады.
      Жалпышахталық кенбағандар санатында тұрған пайдалы қазбалар қорларын жоғалтуға жатқызу және есептен шығару бағандардағы қорларды горизонт, телім жабылғаннан кейін немесе кәсіпорын тоқтағаннан кейін алу мүмкіндігі болмайтындықтан жүргізіледі және бұл жағдайда есептен шығарудың қажеттілігі техникалық-экономикалық есептеулермен дәлелденеді. Оған дейін пайдалы қазбалар қорлары өндіруші кәсіпорын санатында, жер қойнауында уақытша консервацияланған ретінде тұра беруі тиіс.
      Пайдалы қазбалар қорларын жоғалтуға жатқызу және есептен шығару олардың жартылай алынуы, іргелес қабаттарын (шоғырларын, желілерін және с.с.) астынан кеулеу (үстінен кеулеу) салдарынан немесе оларды әрі қарай өндіріп алу мүмкіндігінен айырылуға соқтыратын басқа да жағдайлар себептерінен болғандығы әрбір кезде техникалық-экономикалық есептеулермен негізделіп отыруы қажет.
      Пайдалы қазбаларды өндіру үдерісінде жоғалтылған баланстық және баланстан тыс қорларды есептен шығаруды тағайындалған есеп беру нысандары бойынша өндіруші кәсіпорын жүргізеді.
      Жоғалтылған пайдалы қазбалар қорларын есептен шығаруға келісім беруді жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары жүргізеді.
      2.3. Өнеркәсіптік маңызы жоқ пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару:
      а) жаңадан бекітілген кондицияларға сәйкеспейтін қорларды есептен шығаруды (мұнай, мұнайгаз, газдыконденсаттық, мұнайгаздыконденсаттық, газдық және битумдық кенорындар үшін - айырып алу еселеуішін қайта қарау салдарынан, жерасты сулары үшін - кондицияларға, мемлекеттік, салалық стандарттар талаптарына сәйкеспейтіндіктен) жаңа кондициялар (айырып алу еселеуішін) және пайдалы қазбалар қорларын бекіту жөніндегі ҚЖМК шешімі негізінде өндіруші кәсіпорын жүргізеді;
      б) техникалық-экономикалық себептер бойынша өндіруге тиімсіз деп танылған қорларды - өнеркәсіптік маңызы жоқ пайдалы қазбалар қорларын кәсіпорын есебінен шығару тиімділігі жөніндегі ТЭН-ді (ТЭО-ны) қараған ҚЖМК-ның шешімі бойынша жүргізіледі.
      Тұтынушылардың жоқтығы салдарынан өзі басып жатқан және өз ішіне кіріп тұрған тау жыныстарындағы пайдалы қазбалардың баланстық қорларын есептен шығаруды өндіруші кәсіпорын осындай есептен шығарудың қажеттілігі жөнінде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың (ықтимал тұтынушылардың) қорытындылары негізінде, жыл сайын нақтылы қазып алынған мөлшерде жүргізіп отырады.
      Кенорындардың неғұрлым бай телімдерінен немесе небір қолайлы тау-кен- геологиялық ахуалдардан таңдап алып қазба жүргізу, сондай-ақ өндіру технологиясын, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз түрде орындауды бұзу, жер қойнауын қорғау ережелері мен тәртіптерін сақтамау салдарынан өзінің өнеркәсіптік маңызын жоғалтқан баланстық қорлар кәсіпорын есебінен тек қана оларды нормадан тыс жоғалтуларға жатқызу және айып салу шараларын қолдану арқылы шығарылады.
      2.4. Пайдалы қазбалардың баланстық (оның ішінде айырып алынатын мұнайдың, бостан газдың, мұнайда еріген газдың және конденсаттың қорлары) және баланстан тыс қорлары, одан әрі жүргізілген геологиябарлау және кенорнының кен бөлігі (горный отвод) шегіндегі қазба жұмыстары нәтижесінде расталмаса, онда оларды есептен шығаруды ҚЖМК шешімі негізінде өндіруші кәсіпорын жүргізеді.
      2.5. Лицензияның күші тоқтауына байланысты пайдалы қазбалардың баланстық және баланстан тыс қорларын есептен шығаруды тағайындалған тәртіппен өндіруші кәсіпорын жүргізеді.
      2.6. Пайдалы қазбалардың баланстық (оның ішінде айырып алынатын мұнайдың, бостан газдың, мұнайда еріген газдың және конденсаттың қорлары) және баланстан тыс қорлары 2.3; 2.4; 2.5 - нүктелерінде көрсетілген себептер бойынша тек қана жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармасының келісімінен кейін жүргізіледі.
      2.7. Өзінің өндірістік маңызын жоғалтқан және одан әрі жүргізілген геологиябарлау және кенорнындағы кен бөлігі шегіндегі қазба жұмыстары нәтижесінде расталмаған пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару мәселесін қарау үшін өндіруші кәсіпорын ҚЖМК-ға мынадай материалдар жолдайды:
      а) ҚЖМК бекіткен нұсқалардағы сынамалық деректер мен қорларды оралымды түрде қайта санау мәліметтері бар нұсқаларда жеке-жеке пайдалы қазбалар қорларын есептен шығаруды негіздейтін және тиесілі геологиялық- маркшейдерлік құжаттама қосылған жазбаша түсініктеме;
      б) өзінің өнеркәсіптік маңызын жоғалтқан қорларды есептен шығарудың орындылығын дәлелдейтін ТЭН;
      в) жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармасының жобаланған есептен шығарудың (шаруашылық-ауыз суы жерасты сулары үшін-су ресурстары және денсаулық қорғау жөніндегі мемлекеттік басқарушы органдардың қорытындысы) негізділігі және орындылығы туралы қорытындысы;
      г) жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқару органдарымен келісілген пайдалы қазбалар қорларын есептен шығаруға арналған актінің жобасы.
      Жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармасы пайдалы қазбалардың қорларын есептен шығаруға арналған материалдарын алған күннен бастап, 15 күннен асырмай, қарап шығады.
      Пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару акті ҚЖМК-да бекітіледі және пайдалы қазбаларды өндіруші кәсіпорынға, тиесілі салалық министрлікке, жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармасына, Қазақстан Геоминінің "Қазмемжерқойнауы" минералдық ресурстарының Бас басқармасына жіберіледі.
      Актіге келісім беруден немесе пайдалы қазбалар қорын есептен шығаруды бекітуден бас тартқан жағдайда ол ұйым (бас тартқан) осы аталған мекемелерге түгел екі айлық мерзім ішінде бас тартудың себебі жөнінде Хабарлама береді.
      Қазақстан Республикасының Геоминінің "Қазмемжерқойнауы" минералдық ресурстарының Бас басқармасы мемлекеттік баланстағы пайдалы қазбалар қорларын есептен шығаруды осы Ережеге қатаң түрде сәйкес жасалып қаралған материалдар негізінде жүргізеді.
      2.8. Пайдалы қазбалар қорларының есептен шығарылуы туралы мәселе біржола шешілгенше статистикалық есеп беруге жобаланған өзгерістерге байланысты қорлар жөнінде мәлімет енгізуге тыйым салынады.
      2.9. Есептен шығарылған немесе шығарылуы жобаланған баланстағы қордың біржолғы яки бәрін қосқандағы өнеркәсіптік маңызы жоғалғаны салдарынан және одан әрі жүргізілген геологиябарлау және кенорнын қазу жұмыстары нәтижесінде (кен бөлігі шегінде) расталмаған саны ҚЖМК (ҚЖОК) бекіткен мөлшерден 20 % асып кетсе (мұнай мен газ үшін, оның ішінде айырып алынатыны да бар), онда олар қайта саналып, ҚЖМК-да қайтадан бекітілуге жатады.
      Бұл жағдайларда ҚЖМК-ға ұсынылатын қорларды қайта санау материалдарына қосымша, осы материалдарды қарағандығы туралы, қорлар жөніндегі аумақтық комиссиясының (ҚЖМК) қорытындысы беріледі.
      2.10. Есептен шығарылған баланстық (оның ішінде айырып алынатын мұнайдың, бостан газдың, мұнайда еріген газдың және конденсаттың қорлары) және баланстан тыс пайдалы қазбалар қорлары туралы мәліметтер: саны және орналасқан жері санаттағы әрбір элементі бойынша (қабат, жерлі, линза, шоғыр, кенді дене, горизонт, блок лава, камера, кенбаған, телім және с.с.) есептеуіш геологиялық-маркшейдерлік құжаттамада, сондай-ақ пайдалы қазбалар қорларын есептен шығаруды тіркейтін арнайы кітапта (2-қосымша) жеке-жеке жазылуы тиіс.
      2.11. Өзінің өнеркәсіптік маңызын жоғалтқандықтан немесе одан әрі жүргізілген геологиябарлау және кенорнын қазу жұмыстары нәтижесінде расталмағандықтан қорлары есептен шығарылуға жобаланған телімдерге апаратын жол ретінде пайдалануға болатын тау-кен қазбаларын, аталған қорлардың тағдыры шешілгенше, жауып тастауға тыйым салынады. Ондай тау-кен қазбаларын жауып тастаған шақта олардың кендік қорлары нормадан тыс жоғалтулар қатарына жатқызылуы тиіс.
      2.12. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Қорлар жөніндегі аумақтық комиссиясы (ҚЖМК) туралы 1994 жылғы 3-наурыздағы Ережеге сәйкес шешіммен бекітілген пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару ҚЖАК-тың құзыры болып табылады.
 
             3. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЛАРЫН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАР

 

         ЕСЕБІНЕН ШЫҒАРУДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ


     3.1. Осы Ережеде тағайындалған пайдалы қазбалардың баланстық және

баланстан тыс қорларын есептен шығару тәртібін сақтау жауапкершілігі жер

қойнауын пайдаланушыларға жүктеледі.

     3.2. Осы Ережедегі пайдалы қазбалардың қорларын кәсіпорындар есебінен

шығарудың дұрыстығына және дер кезділігіне, себептерден тәуелсіз,

Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен

оның органдары бақылау жүргізеді.


                                                                 1-Қосымша


     КЕЛІСІЛДІ:                                             БЕКІТЕМІН:

_________________________                            ______________________

(Жер қойнауын қорғау және                                (ҚЖМК Төрағасы)

пайдалану аумақтық басқар.

масының басшысы)


"___"___________ 199 __ ж.                       "___"___________ 199 __ ж.



                        Пайдалы қазбалар қорларын

                        есептен шығаруға арналған


                                   АКТ


__________________________________ ________________________________ бойынша

   (пайдалы қазбаның аталуы)              (кенорнының аталуы)


___________________________________________________________________________

             (кенорнын қазып алушы кәсіпорынның аталуы және


___________________________________________________________________________

                    оның бағынатын жоғарғы органы)

     Біз, төменде қол қойғандар, бас инженер ______________________________

                                                 (кәсіпорнының аталуы)


___________________________________________________________________________

                         (фамилиясы, аты-жөні)


бас геолог ________________________________________________________________

                         (фамилиясы, аты-жөні)


бас маркшейдер ____________________________________________________________

                         (фамилиясы, аты-жөні)


осы актіні жасадық "___"_____________ 199 _ ж. ____________________________

                                                   (кәсіпорынның аталуы)

есебінен шығаруға жатады: баланстық (баланстан тыс) қорлар:


___________________________________________________________________________

     (кенорындарының, пайдалы қазбалардың аталуы және олардағы бағалы


___________________________________________________________________________

       компоненттердің үлес қатынасы, әрбірі жеке-жеке көрсетіледі)


___________________________________________________________________________


___________________________________________________________________________


___________________________________________________________________________


мынадай себептер бойынша: _________________________________________________


___________________________________________________________________________


___________________________________________________________________________


Қорытынды ____________________________________________ N ____  ____________

              (кенорнын барлаған ұйымның аталуы)                  (күні)


Есептен шығарылатын (баланстан тысқары ауыстырылатын) қорлар ______________


_______________________________ есепке алынды _____________________________

  (пайдалы қазбаның аталуы)                       (телімнің, горизонттың,


___________________________________________________________________________

       блоктың, лаваның, кертпештің және қорлардың орналасқан жерін


___________________________________________________________________________

                      дәлелдейтін басқа белгілер)

Есептен шығаруға дейін санаттағы баланстық (шығарып алынатын) қорлар жатқан


                               2

кеңістік көлемі _____________ м , оның орташа қалыпты қалыңдығы ________ м,


                                      3

аумақтық салмағы _________________ т/м , пайдалы компоненттердің үлесі ____


___________________________________________________________________________


___________________________________________________________________________

                                   3

                        (%, г/т, г/м  және с.с.)


және олардың саны _________________________________________________________

                      (пайдалы қазбалар және бағалы компоненттер саны)


___________________________________________________________________________


Есептен шығарудан кейін қалған баланстық (ажыратып алынатын), баланстан тыс

                              2

нақтылы қорлар _____________ м  кеңістікте жатады, орташа қалыпты қалыңдығы

                                   3

__________ м, аумақтық салмағы  т/м , бағалы компоненттердің үлесі ________


___________________________________________________________________________


___________________________________________________________________________

                                  3

                      (%, г/т, г/м  және с.с.)


және олардың саны _________________________________________________________

                       (пайдалы қазбалар және бағалы компоненттер саны)


___________________________________________________________________________


ҚЖМК (ҚЖАК) бекіткен қорларға проценттік қатынастағы қорлардың кенорны

бойынша есептен шығарылатын немесе шығарылып қойған жалпы саны


___________________________________________________________________________



БАС ИНЖЕНЕР        _______________________


БАС ГЕОЛОГ         _______________________


БАС МАРКШЕЙДЕР     _______________________

                         (қолдары)



                                                                 2-қосымша


          Пайдалы қазбалар қорларын есептен шығаруды тіркейтін

                                 КІТАП


Пайдалы қазбалар қорларын есептен шығаруды тіркеуге алу ___________ бойынша


Өндіріліп жатқан кенорны бойынша __________________________________________

                                 (пайдалы қазбаларды өндіруші кәсіпорынның,


___________________________________________________________________________

                    (министрліктің, ведомоствоның аталуы)

_________________________________________________________________________

|NN |Жазу | Есептен    |Пайдалы қазба. |Өлшем| Есептен шығарылған қорлар  |

|р/р|енгі.| шығарылуға |лардың негізгі.| бір.|Мұнай,газ, конденсаттар үшін|

|   |зіл. |  жататын   |лері мен қосақ.| лік.|бөлшектің астында - есептен |

|   |ген  |  қорлар    |тарының және   |тері |шығарылған айырып алынатын  |

|   |күн  |            |олардың арасын.|     |қорлардың саны              |

|   |     |            |дағы компонент.|     |____________________________|

|   |     |            |тердің аталуы  |     |      |   |   |Есептен шыға.|

|   |     |            |               |     |А+В+С | A | B |рылған қорлар|

|   |     |            |               |     |     1|   |   |ішінен баланс|

|   |     |            |               |     |      |   |   |тан тыс ауда.|

|   |     |            |               |     |      |   |   |рылды        |

|___|_____|____________|_______________|_____|______|___|___|_____________|

| 1 |  2  |      3     |       4       |  5  |   6  | 7 |          8      |

|___|_____|____________|_______________|_____|______|___|_________________|

| 1 |     | Өндірілген |1.             |

|   |     |және тұтыну.|2.             |

|   |     |және тұтыну.|3.             |

|   |     |шыларға және|4.             |

|   |     |өңдеуге жі. |және с.с.      |

|   |     |берілген    |               |

|___|_____|____________|_______________|

| 2 |     |Өндіру үде. |               |

|   |     |рісінде жо. |               |

|   |     |ғалтылған:  |               |

|   |     |а) қатты    |1.             |

|   |     |  пайдалы   |2.             |

|   |     |  қазбалар  |3.             |

|   |     |            |және с.с.      |

|   |     |б) сұйық жә.|1.             |

|   |     |не газ тәріз|2.             |

|   |     |дес пайдалы |3.             |

|   |     |қазбалар    |және с.с.      |

|___|_____|____________|_______________|    

| 3 |     |Өнеркәсіптік|               |

|   |     |маңызын жо. |               |

|   |     |ғалтқандар, |               |

|   |     |оның ішінде:|               |

|   |     |а) жаңа та. |1.             |

|   |     |ғайындалған |2.             |

|   |     |кондициялар.|3.             |

|   |     |ға сәйкес   |4.             |

|   |     |еместері    |және с.с.      |

|   |     |б) Техника. |1.             |

|   |     |лық-экономи.|2.             |

|   |     |калық себеп.|3.             |

|   |     |термен өнді.|4.             |

|   |     |руге орын.  |               |

|   |     |сыздары     |және с.с.      |

|___|_____|____________|_______________|

| 4 |     |Расталмаған.|1.             |

|   |     |дары        |2.             |

|   |     |            |3.             |

|   |     |            |және с.с.      |

|___|_____|____________|_______________|

| 5 |     |Басқа кәсіп.|1.             |

|   |     |орнының пай.|2.             |

|   |     |далануына   |3.             |

|   |     |берілгендері|және с.с.      |

|___|_____|____________|_______________|

| 6 |     |ҚЖМК-да     |               |

|   |     |(ҚЖАК)      |1.             |

|   |     |қайта бекіту|2.             |

|   |     |нәтижесінде |3.             |

|   |     |есептен шы. |4.             |

|   |     |ғарылғандары|және с.с.      |

|___|_____|____________|_______________|

|   |     |   Бәрін    |               |

|   |     |  қосқанда  |1.             |

|   |     |            |2.             |

|   |     |  199 __ ж. |3.             |

|   |     |  бойынша   |4.             |

|   |     |            |және с.с.      |

|___|_____|____________|_______________|



______________________________________

  Есептен шығаруды  |  Жер қойнауын   |

  кім бекіткен (бас | қорғау және     |

  инж., бас геолог, | пайдалану аймақ.|

  бас маркш. қолда. | тық басқармасы. |

  ры), жоғары орган.| ның келісімі,   |

  ның шешімі N және | құжат N және    |

       күні         |     күні        |

                    |                 |

                    |                 |

                    |                 |

                    |                 |

____________________|_________________|

         9          |       10        |

____________________|_________________|


     ОСЫ КІТАПТА ___________ ПАРАҚ НӨМІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ТІГІЛДІ


     "___"__________________ 199 __ ж.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады