Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 269 бұйрығына (№ 5044 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (1404) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережесінде:
74-тармақта «мақсатында» деген сөзден кейін «электр энергиясын сатып алу-сату, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
77-тармақта:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Жүйелік оператор баланс үйлесімсіздігін физикалық реттеуді жүзеге асыру мақсатында сатып алынатын-сатылатын электр энергиясының көлемдерін, сондай-ақ Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтынудың болжамдық теңгерімдерінің негізінде қуатты реттеу бойынша сатып алынатын қызметтердің көлемдері мен құрылымын айқындайды және электр энергиясын сатып алу-сатуды және қуатты реттеу бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады»;
2) тармақшасында «қызметтерді» деген сөзден кейін «және электр энергиясын сатып алу-сатуға» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасын мен көмір өнеркәсібін дамыту департаменті (Ж.К. Бөкенбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы А. Рау
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің төрағасы
Н. Алдабергенов
2010 жылғы 19 тамыз