Мемлекеттік қызметтің өзіндік құнын есептеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а 2011 жылғы 8 қарашадағы № 353 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қарашада № 7319 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 130 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 02.05.2013 № 130 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы Ереженің 10-тармағының 113) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтің өзіндік құнын есептеу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрінің    
міндетін атқарушының       
2011 жылғы 8 қарашадағы     
№ 353 бұйрығымен бекітілген   

Мемлекеттік қызметтің өзіндік құнын есептеу қағидасы

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметтің өзіндік құнын есептеу бойынша қағидасы (бұдан әрі - Қағида) орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - ОМО) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО), мемлекеттік заңды тұлғалармен (бұдан әрі - МЗТ) бірлесіп көрсететін мемлекеттік қызметтің өзіндік құнының құрамына енетін шығындарды құрастырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.
      2. Мемлекеттік қызметтің өзіндік құны рұқсат беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) және ақпараттық сипаттағы әрбір мемлекеттік қызмет үшін есептеледі.
      3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі.
      2) мемлекеттік қызметтер тізілімі - бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алушыларды, олардың көрсетілуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылып отыратын тізбесін және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтік құқықтық акт.
      3) мемлекеттік қызметтің өзіндік құны - бюджеттік бағдарламаның құнын есептегенде мемлекеттік қызметтің құнын анықтау үшін қолданылатын құрамды бөлігі болып табылатын негізгі көрсеткіш.
      4) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.

2. Мемлекеттік қызметтің құнын есептеу және шығындар құрамы

      4. Мемлекеттік қызмет құнының көрсеткіші мемлекеттік қызметті көрсетуге тікелей қатысатын ОМО және (немесе) ЖАО, МЗТ
қызметкерлерінің санын ОМО және (немесе) ЖАО, МЗТ қызметкерінің бір
сағатының құнына және мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмсалатын уақыт
бірлігіне көбейту арқылы есептеледі.
      Бұл ретте, мынадай формула қолданылады:

     

      мұндағы:
      С - мемлекеттік қызметтің өзіндік құны, теңге;
      к - мемлекеттік қызметті көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлер саны, адам;
      Е - қызметкердің бір сағатының құны, теңге/сағат/адам.;
      t - мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмсалатын нақты уақыт бірлігінің саны, сағат.
      Сонымен қатар, егер көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып келсе және мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік қызметке бекітілген стандартта белгіленген мерзімде көрсетілген болса мемлекеттік қызметті қайтадан көрсетудің уақытын қосу жолымен (соңғы нәтижесіне дейін) мемлекеттік қызметтің өзіндік құны мынадай түрде есептеледі:

      

      мұндағы:
      С - мемлекеттік қызметтің өзіндік құны, теңге;
      к - мемлекеттік қызметті көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлер саны, адам;
      Е - қызметкердің бір сағатының құны, теңге/сағат/адам.;
      I - мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмсалатын нақты уақыт бірлігінің саны, сағат;
      tқайта көрсету - мемлекеттік қызметті қайта көрсету үшін жұмсалған уақыт бірлігінің саны, сағат.
      5. ОМО және (немесе) ЖАО, МЗТ қызметкерінің бір сағатының құны бір қызметкерге жұмсалатын қаржылық жылдағы шығындардың орташа сомасын қаржылық жылдағы жұмыс сағатының санына бөлу арқылы есептеледі.
      Сонымен қатар, мынадай формула қолданылады:

      

      мұндағы:
      E - қызметкердің бір сағатының құны, теңге/сағат/адам;
      S - бір қызметкерге жұмсалатын қаржылық жылдағы шығындардың орташа сомасы, теңге/сағат;
      r - қаржылық жылдағы жұмыс сағатының толық саны, сағат.

      6. Бір қызметкерге жұмсалатын қаржылық жылдағы шығындардың орташа сомасы ОМО және (немесе) ЖАО, МЗТ қызметкерлері шығындарының толық сомасын ОМО және (немесе) ЖАО, МЗТ қызметкерлері санына бөлу арқылы есептеледі.

      Сонымен қатар, мынадай формула қолданылады:

      

      мұндағы:
      S - бір қызметкерге жұмсалатын қаржылық жылдағы шығындардың орташа сомасы (ОМО және (немесе) ЖАО, МЗТ), теңге/адам;
      N - қызметті көрсетуге қатысты қызметкерлер шығындарының толық сомасы (ОМО және (немесе) ЖАО, МЗТ), теңге;
      В - қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің толық саны (ОМО және (немесе) ЖАО, МЗТ), адам.

      7. Шығындардың толық сомасы:
      1) жалақы шығындары, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес анықталатын жеке кіріс салығы, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары;
      2) ынталандыратын, мадақтау сипатындағы, сондай-ақ қосымша жұмыс үшін ақшалай төлемдер (жүктеме шығыстар олардың қызметті көрсету үшін жұмсалған мөлшерінде ғана өзіндік құнға қосылады);
      3) өтемақылық төлемдер;
      4) коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары (ыстық, суық су үшін, кәріз төлемі, газ, электр энергиясы төлемі, жылу энегриясына барлық түрдегі отынды алуға, тасымалдауға, артуға, түсіруге және сақтауға шығындарын қосқандағы төлемі; коммуналдық қызметтерді уақытында төлемегендігі үшін өсімпұл);
      5) байланыс қызметін төлеу шығындары;
      6) көлік қызметін төлеу шығындары;
      7) үй-жайды жалға алу шығындары;
      8) шығыс материалдары шығындары (жүктеме шығыстар олардың қызметті көрсету үшін жұмсалған мөлшерінде ғана өзіндік құнға қосылады);
      9) мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелерді алып жүру шығыстары;
      10) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін, өтініштерді және қызметті тұтынушыларға тегін тарату үшін басқа да басып шығаратын материалдар шығыстары;
      11) өзге де шығындарды қамтиды (жүктеме шығыстар олардың қызметті көрсету үшін жұмсалған мөлшерінде ғана өзіндік құнға қосылады).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады