Өтініш берушілердің (лицензияға талапкерлердің) және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына сай екеніне сараптамалық бағалау жүргізу үшін заңды және жеке тұлғаларды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы N 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3816. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 163/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 26.07.2013 № 163/НҚ бұйрығымен.

      " Лицензиялау туралы ", " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Өтiнiш берушiлердің (лицензияға талапкерлердiң) және (немесе) лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сай екенiне сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн заңды және жеке тұлғаларды тiркеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы (A.T.Базарбаев):
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн;
      бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың жариялануын белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
      3. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi төрағасының 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 256  бұйрығының (нормативтiк құқықтық актiлердi Мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1993 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары А.Ұ.Қарамановқа жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы          
Индустрия және сауда министрлігінің   
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық   
шаруашылық істері комитеті төрағасының 
2005 жылғы 8 тамыздағы N 243 бұйрығымен 
бекітілген                

  Өтініш берушілердің (лицензияға талапкерлердің)
және (немесе) лицензиаттардың біліктілік
талаптарына сай екеніне сараптамалық
бағалау жүргізу үшін жеке және заңды
тұлғаларды тіркеу жөніндегі нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Өтініш берушілердің (лицензияға талапкерлердің) және (немесе) лицензиаттардың   біліктілік талаптарына сай екеніне сараптамалық бағалау жүргізу үшін заңды және жеке тұлғаларды тіркеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы  сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы  Ережесіне " сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сай екеніне сараптамалық бағалау жүргізу үшін сараптама орталықтары немесе сарапшылар ретінде заңды және жеке тұлғаларды тіркеуден өткізудің тәртібін тәпіштейді.

      3. Өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сай екеніне сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды тіркеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) жүзеге асырады.

      4. Осы Нұсқаулықта мынандай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) тіркеу - заңды және жеке тұлғаларды аттестаттау нәтижелері негізінде жүргізілетін тиісті аумақта өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сай екеніне сараптамалық бағалау жүргізу жөнінде сараптама орталығының немесе сарапшының лицензиардың өкілеттіктерін уәкілетті мемлекеттік органның заңды немесе жеке тұлғаға ресми ұсынуы;
      2)  алынып тасталды ;
      3) тіркеу куәлігі - өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сай екеніне сараптамалық бағалау жүргізу бойынша жеке және заңды тұлғалардың лицензиарға ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлікте сараптамалық орталық немесе сарапшы ретінде тіркелгендігін және тиісті өкілеттіктерін растайтын (Нұсқаулыққа 1-қосымша) құжат;
      4) сараптама орталығы - өтініш берушілерді сараптамалық бағалау үшін уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлға;
      5) сарапшы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі  саласындағы жекелеген жұмыс түрлері бойынша сараптамалық бағалауды жеке-дара жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген жеке тұлға;
      6) сараптамалық бағалау (сараптама мен техникалық аудит) - өтініш берушіге сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына тиянақты және сенімді талдамалық бағалау жүргізу үшін сараптама орталықтары немесе сарапшылар жүргізетін бағалау іс-қимылдар жүйесі.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 158   бұйрығымен .

  2. Өтініш берушілердің (лицензияға талапкерлердің)
және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына
сай екеніне сараптамалық бағалау жүргізу үшін
жеке және заңды тұлғаларды тіркеу

      5. Уәкілетті органдардың заңды және жеке тұлғаларды сараптама орталықтары немесе сарапшылар ретінде тіркеуі мыналарды:
      өтініш беруші ұсынған құжаттар мен материалдардың ресімделу негізділігіне, толымдылығына және дұрыстығына қарауды және сараптама жасауды;
      қажет болған ретте материалдық-техникалық база орналасқан жерге барып, оны зерттеу және оған талдау (техникалық аудит) техникалық аудит жасауды, яғни нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиеттің болуын,  компьютерлік, көбейту және басқа ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтануын, өндірістік алаңдардың болуын, құжаттар мен материалдарды мұрағатталуын қамтамасыз етілуін;
      сарапшыға үміткер кандидаттың аттестаттаудан өтуін;
      уәкілетті мемлекеттік органның заңды немесе жеке тұлғаны сараптама орталығы немесе сарапшы ретінде тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешім шығаруын;
      тіркеу куәлігін ресімдеуді қамтиды.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 158   бұйрығымен .

      6. <*>
       Ескерту: 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 158   бұйрығымен .

      7. Уәкілетті мемлекеттік орган жеке және заңды немесе тұлғалардың қатысуынсыз-ақ (сырттай) олардың келісімін ала отырып, оларды тіркей алады. Мұндай жағдайда Комиссия мүшелері шешімнің жобасына қол қою арқылы дауыс береді. Комиссия мүшелері шешімнің жобалары бойынша дауыстарын ауыстыру құқығынсыз жеке өздері жүзеге асырады.      

      8. Оң шешім қабылданған жағдайда жеке және заңды тұлғаға өтініш берушілердің (лицензияға талапкерлердің) және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына сай екеніне тиісті аумақта сараптамалық бағалау жүргізу үшін тіркеу куәлігі беріледі.

      9. Тіркеу куәлігінің қолданысы жыл сайын ұзартылып отырады.

      10. Уәкілетті мемлекеттік орган тіркеуді ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімі бір жылға ұзартылып, сараптама орталығына немесе сарапшыға осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес тіркеу қағазы беріледі.

  3. Сараптамалық бағалау жүргізу үшін
жеке және заңды тұлғаларды тіркеу талаптары

      11. Сараптама орталығы немесе сарапшы ретінде тіркелуге үміткер заңды және жеке тұлғалар  мемлекеттік органға мынадай материалдар мен құжаттар:
      1) жеке тұлғалар үшін - 2-қосымшаға, заңды тұлғалар үшін - 3-қосымшаға сай белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыру құқығына арналған мемлекеттік лицензиясының көшірмесін;
      3) заңды тұлға үшін - құрылтай құжаттарының, шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәліктің салық органдарында есепке тұру туралы куәліктің көшірмелерін және статистикалық карточканың көшірмелерін;
      4) жеке тұлғалар үшін - жеке кәсіпкер ретіндегі мемлекеттік тіркеу (есепке қою) туралы куәлігінің көшірмесін;
      5)  алынып тасталды ;
      6)  алынып тасталды ;
      7) заңды тұлға үшін - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы арнайы жоғары кәсіби (орта арнайы) білімін, мамандығы бойынша бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесін растайтын мамандардың біліктілік құрамы туралы мәліметтерді, олардың еңбек кітапшалары мен құжаттарының көшірмелерін, заңды тұлғаның штаттық саны (штаттық кестесі) туралы ақпаратты;
      8) жеке тұлға үшін - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында арнайы жоғары кәсіби (орта арнайы) білімін, мамандығы бойынша бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ сараптама орталықтарында немесе сәулет-құрылыс бақылау лицензиялау органдарында үш жылдан кем емес лицензиялау саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын еңбек кітапшаларының және өзге де құжаттарының көшірмелерін;
      9) материалдық-техникалық базаның, нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиеттің болуы,  компьютерлік, көбейту және басқа ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтануы, өндірістік алаңдардың болуы, құжаттар мен материалдарды мұрағатталуын қамтамасыз етуі туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
      Осы тармақтың 2), 4), 7), 8) тармақшаларында аталған материалдар мен құжаттардың көшірмелері нотариалды расталған болуы қажет.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 158   бұйрығымен .

      12. Сараптама орталықтары мен сарапшылар тіркеу куәлігін ұзартқан кезде осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көзделген материалдар мен құжаттарды (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда) ұсынады. Сонымен қатар, қосымша:
      1) аяқталған немесе аяқталу сатысындағы жұмыстары туралы мәліметтерді қоса алғанда алдындағы тіркеу куәлігін ұзартқаннан кейінгі мерзім аралығындағы атқарылған қызметі (бұдан әрі - аяқталған мерзім) туралы ақпаратты;
      2) сарапшылар және/немесе сараптама орталықтары мамандары біліктілігінің артуын (біліктілігін көтеру курстарынан өтуін, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстел жұмыстарын өткізгенін немесе оларға қатысқанын, арнайы оқу орындарында немесе орталықтарында лекциялар тыңдағанын) растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      3) жеке тұлғалар үшін - 4-қосымшаға сай, заңды тұлғалар үшін - 5-қосымшаға сай аяқталған мерзім аралығындағы берілген оң және теріс қорытындылардың сараптама тұжырымдары туралы есеп журналын Комиссия мүшелеріне таныстыру үшін көрсете отырып олар туралы ақпаратты;
      4) 6-қосымшаға сай сараптама мен техникалық аудитті жүзеге асыруға лицензияланатын субъектілермен шарттардың болуы туралы тіркеу журналын комиссия мүшелеріне көрсете отырып олар туралы ақпаратты;
      5) өтініш берушілер сараптамалық бағалауға мемлекеттік лицензия алу үшін ұсынуға тиіс қажетті құжаттардың тізбесі, құжаттар мен материалдар ресімдеудің үлгілері, лицензиялау мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінен үзінділер (көшірмелер), сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауаптылық туралы ескертпелері бар ақпараттық стендтің болуы туралы ақпаратты;
      6) сараптама орталығының немесе сарапшының лицензиар қарауға қабылдаған және себептерін атап қайтарған тұжырымдары, оларды талдау мен оларды жою бойынша қолданған шаралары туралы ақпаратты.

      13. Осы Нұсқаулықтың 19-тармағындағы 1), 5), 9) тармақшаларында, 20-тармағындағы 1), 6) тармақшаларында аталған материалдарға, құжаттарға және ақпаратқа сараптама орталығының бірінші басшысы немесе сарапшы қол қояды және мөр арқылы расталады.

      14. Тіркеуге  немесе тіркеу куәлігінің мерзімін ұзартуға арналған толық емес материалдар мен құжаттар қарауға жатпайды.

      15. Уәкілетті мемлекеттік орган жеке тұлғадан қажетті толық құжаттарды қабылдаған кезден он күннен және заңды тұлғадан қажетті толық құжаттарды қабылдаған кезден отыз күннен кешіктірмей тіркеуге (тіркеуден бас тартуға) немесе тіркеуді ұзартуға байланысты өз шешімі туралы оларды хабардар ете отырып, тіркеу куәлігін немесе тіркеу қағазын береді.

  4. Тіркеу қолданысын тоқтату, кері қайтарып алу,
тоқтата тұру

      16.  Уәкілетті органның шешіміне сәйкес сараптама орталығы мен сарапшыларды тіркеу мынадай жағдайларда:
      1) сараптама орталығының немесе сарапшының мемлекеттік лицензиясының қолданысы лицензияны иеленуші мәртебесі расталмауы, лицензияның кері қайтарылуы салдарынан тоқтағанда;
      2) жеке тұлғаның (жеке кәсіпкердің) қызметі тоқтағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
      3) уәкілетті мемлекеттік органның тіркеу куәлігі қолданысын тоқтата тұру бойынша себептері жойылмағанда;
      4) сараптама орталығы немесе сарапшы тіркеу немесе тіркеу куәлігінің қолданысын ұзарту барысында бұрыс ақпараттар, құжаттар және материалдар ұсынғанда;
      5) осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік орган тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін ұзартудан бас тартқанда;
      6) тіркеу қолданысын ұзартуға арналған материалдарды (өтініштерді) дер кезінде (үш айдан артық) ұсынбағандықтан осы Нұсқаулықтың нормаларын орындамаған жағдайда.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 158   бұйрығымен .

      17. Уәкілетті мемлекеттік орган тіркеу куәлігінің күшін осы Нұсқаулықтың 24-бабы 1), 4), 6) тармақшаларына сәйкес 3 жылға дейінгі мерзімге тоқтата алады.

      18. Уәкілетті мемлекеттік орган сараптама орталықтары немесе сарапшылардың тіркеу куәліктерінің күшін алты айға дейінгі мерзімге мынадай жағдайларда:
      1) сараптамалық бағалауды жүзеге асыруда өтініш берушінің шарттық талаптарды орындамаған жағдайда;
      1-1) мемлекеттік лицензияның қолданысын тоқтатқан жағдайда;
      2) сараптамалық бағалаудың мынандай принциптерін орындамаған жағдайда:
      - сараптамалық бағалау қорытындыларының, нәтижелерінің (тұжырымдарының) объективтілігі;
      - сараптама мен техникалық аудит барысында өтініш беруші мен лицензиат туралы алынған ақпараттың құпиялылығы;
      сараптама орталықтарының және/немесе сарапшылардың сараптама мен техникалық аудит нәтижелеріне мүдделі өтініш берушілер мен өзге де заңды тұлғалардан тәуелсіздігі болып табылады.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 158   бұйрығымен .

      19. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Нұсқаулықтың 18 тармағының нормаларын бұзуға жол берген сараптамалық орталықтың тек қана филиалдарына немесе өкілдігіне қатысты тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтатуды жүзеге асыра алады.

      20. Уәкілетті мемлекеттік орган үш күндік мерзімде сараптама орталығының немесе сарапшының, лицензиаттардың тіркеу куәлігін қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру жөнінде қабылдаған шешімі туралы оларды хабардар етеді.

      21. Тіркеу қолданысын тоқтата тұру бойынша себептер жойылғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органның басшысының немесе оның міндетін атқарушының бұйрығы негізінде тіркеудің қолданысы тіркеу қолданысын ұзарту нормаларын сақтай отырып қайта жалғасады.

      22. Сараптама орталығы немесе сарапшының тіркеу куәлігін қайтарып алу мерзімі аяқталғаннан кейін белгілеген тәртіп бойынша тіркеу куәлігін алады.

      23. Сараптама орталығы немесе сарапшы тіркеу куәлігінің қайтарып алу немесе тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы. Бұл орайда уәкілетті мемлекеттік органның тіркеу куәлігін қайтарып алу немесе қолданылуын тоқтату туралы шешімі сот шешімі шыққанға дейін қолданылады.
      Уәкілетті мемлекеттік органының шешімінің заңдылығы туралы сот шешімі болған жағдайда, тіркеу куәлігін қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтату мерзімі уәкілетті мемлекеттік орган шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі.

                                   Өтiнiш берушiлердiң (лицензия
                                     алуға талапкерлердiң) және
                                      (немесе) лицензиаттардың
                                    бiлiктiлiк талаптарына сәйкес
                                    келуіне сараптамалық бағалау
                                    жүргiзу үшiн жеке және заңды
                                       тұлғаларды аккредиттеу
                                       жөніндегі нұсқаулыққа
                                             1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 158   бұйрығымен .

                     Қазақстан Республикасының
                       Мемлекеттік Елтаңбасы

___________                                            ____________
  (серия)                                                 (номер)

                         АККРЕДИТТЕУ КУӘЛІГІ

Cәулет, қала құрылыс және құрылыс саласындағы біліктілік талаптарына
сай екеніне Қазақстан Республикасының ______________________________
                                        (облыстың (облыстардың), ____________________________________________________________________
астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы. Қазақстан
____________________________________________________________________                   Республикасының аумағы)

аумағында сай лицензиаттарға (лицензияға алуға талапкерлерге)
сараптамалық бағалау - техникалық аудит пен сараптама жүргізуге
____________________________________________________________________
        (заңды тұлғаның толық атауы, мекен-жайы, деректемелері
____________________________________________________________________
           (соның ішінде оның филиалдары мен өкілдіктері)

құқық беріледі.
_________________________________  ____________  __________________
(Сәулет, қала құрылысы және           (қолы)         (аты-жөні)
құрылыс істері жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органның
бірінші басшысы)                   200___жылғы ______ _____________
                                               (күні)     (айы)

      Жыл сайын мерзімін ұзартып тұру қажет.

      Ескерту: Аккредиттеу куәлігін ресімдеу бланкінің бір жақ
бетіне мемлекеттік (сол жақта) және орыс (оң жақта) тілдеріндегі
мәтінді оңтайлы орналастыра отырып жүзеге асырылады.

                                  "Өтініш берушілердің (лицензияға
                                   талапкерлердің) және (немесе)
                                    лицензиаттардың біліктілік
                                     талаптарына сай екеніне
                                    сараптамалық бағалау жүргізу
                                  үшін жеке және заңды тұлғаларды
                                    тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа"
                                            2-қосымша

                                     ___________
                                     _______________________________
                                       (Сәулет, қала құрылысы және
                                     _______________________________
                                         құрылыс істері жөніндегі
                                       уәкілетті мемлекеттік орган)

                          Өтініш

      Өтініш берушілердің лицензия алуға талапкерлердің және
(немесе) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының__________________
__________________________________________________________аумағында
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы)
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жекелеген
жұмыс түрлерін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сай
екеніне, сондай-ақ олардың лицензия иеленуші мәртебесін сақтауы
бойынша оларға сараптамалық бағалау жүргізу үшін, мені сарапшы
ретінде тіркеуіңізді сұраймын.
1. Аты-жөні ________________________________________________________
2. Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгендігі (есепке қою)
туралы куәлік (нотариалды расталған)________________________________
____________________________________________________________________
3. Заңды мекен-жайы  _______________________________________________
4. Төлқұжат деректері ______________________________________________
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында арнайы жоғары
білімінің болуы ____________________________________________________
6. Нұсқаулықтың 7-тармағындағы нормаларға сай мамандығы бойынша
істеген жұмыс тәжірибесі ___________________________________________
7. Лицензиялау саласындағы сараптама орталықтарында немесе 
сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органдарында істеген жұмыс өтілі_______________________________________________________________
8. Жұмыс орны ______________________________________________________
9. Есеп шоты, СТТН__________________________________________________
10. Қоса беріліп отырған материалдар мен құжаттар ______ парақта.

Кәсіпкер ___________   ______________________________________
             (қолы)                     (аты-жөні)

Өтініш 200__жылы "___"_________ ________________қарауға қабылданды
                 (күні) (айы)   (лауазымы, қолы, аты-жөні)  

                                  "Өтініш берушілердің (лицензияға
                                   талапкерлердің) және (немесе)
                                    лицензиаттардың біліктілік
                                     талаптарына сай екеніне
                                    сараптамалық бағалау жүргізу
                                  үшін жеке және заңды тұлғаларды
                                    тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа"
                                            3-қосымша

                                     _______________________________
                                       (Сәулет, қала құрылысы және
                                     _______________________________
                                         құрылыс істері жөніндегі
                                       уәкілетті мемлекеттік орган)

                          Өтініш

      Өтініш берушілердің лицензия алуға талапкерлердің және
(немесе) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының__________________
__________________________________________________________аумағында
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы)
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жекелеген
жұмыс түрлерін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сай
екеніне, сондай-ақ олардың лицензия иеленуші мәртебесін сақтауы 
бойынша оларға техникалық аудит пен сараптама жүргізу үшін
сараптамалық орталық ретінде тіркеуіңізді сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Атауы ___________________________________________________________
2. Меншік нысаны (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататындығын
қажет болған жағдайда көрсету) _____________________________________
____________________________________________________________________
3. Құрылған күні  __________________________________________________
4. Тіркеу туралы куәлігі  __________________________________________
5. Заңды мекен-жайы мен деректемелері_______________________________
6. Есеп шоты _______________________________________________________
7. Филиалдары, өкілдіктері _________________________________________
8. Қоса беріліп отырған материалдар мен құжаттар _______ парақта.

Басшы (лауазымы) ____________  _______________________________
                   (қолы)                  (аты-жөні)

(орындаушы)
(телефон нөмірі)

Өтініш 200__жылы "__"________  _____ __________  қарауға қабылданды
               (күні) (айы)   (лауазымы, қолы, аты-жөні)

      * - тиісінше тіркеле отырып, өтініш берушінің бланкісіне
теріледі және мөрмен расталады.

                                 "Өтініш берушілердің (лицензияға
                                   талапкерлердің) және (немесе)
                                    лицензиаттардың біліктілік
                                     талаптарына сай екеніне
                                    сараптамалық бағалау жүргізу
                                  үшін жеке және заңды тұлғаларды
                                    тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа"
                                            4-қосымша

     Техникалық аудит пен сараптамадан өткен жеке тұлғаларға
      берілген мемлекеттік лицензияларды есепке алу журналы
         _____________________________________________________
        (Сараптамалық орталықтың (сарапшының) толық атауы)
        кезеңі___________________дейін_____________________
            (күні, айы, жылы)        (күні, айы, жылы)

Р/с

Ли-
цен-
зия
нө-
мірі

Сәу-
лет,
қала
құры-
лысы
және
құры-
лыс
істері
жөнін-
дегі
уәкі-
летті
мемле-
кеттік
орган-
ның
бұйры-
ғының
нөмірі
мен
күні

Жеке
тұл-
ғаның
(өті-
ніш
беру-
шінің)
аты-
жөні

Өті-
ніш
беру-
шінің
заңды
мекен-
жайы,
теле-
фон N,
факс,
e-maіl,
элек-
трон-
дық
мекен-
жайы

Өті-
ніш
беру-
шінің
жұмыс
түр-
лері*

СТТН

Лицен-
зияны
иеле-
нуші
мәрте-
бесін
(білік-
тілік
талап-
тарына
сай
екенін)
бұрын
раста-
ған
күндері

Ес-
кер-
ту

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















         * - жұмыс түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002
жылғы 10 қаңтардағы N   23 қаулысымен бекітілген "Сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер
көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің  тізбесіне " сәйкес
көрсетіледі. Тізбенің тармақшалары, тармақтары мен бөлімдері, оның
ішінде рұқсат берілген жұмыс түрлері нақтылап көрсетіледі.

                                   "Өтініш берушілердің (лицензияға
                                   талапкерлердің) және (немесе)
                                    лицензиаттардың біліктілік
                                     талаптарына сай екеніне
                                    сараптамалық бағалау жүргізу
                                  үшін жеке және заңды тұлғаларды
                                    тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа"
                                             5-қосымша

   Техникалық аудит пен сараптамадан өткен заңды тұлғаларға
     берілген мемлекеттік лицензияларды есепке алу журналы
         _____________________________________________________
        (Сараптамалық орталықтың (сарапшының) толық атауы)
        кезеңі___________________дейін_____________________
               (күні, айы, жылы)        (күні, айы, жылы)

Р/с

Ли-
цен-
зия
нө-
мірі
мен
бері-
лген
күні

Сәу-
лет,
қала
құ-
ры-
лы-
сы
жә-
не
құ-
ры-
лыс
іс-
те-
рі
жө-
нін-
де-
гі
уә-
кі-
лет-
ті
мем-
ле-
кет-
тік
ор-
ган-
ның
бұй-
ры-
ғы-
ның
нө-
мірі
мен
күні

Ли-
цен-
зи-
яла-
на-
тын
суб-
ъек-
ті-
нің
(өті-
ніш
бе-
ру-
ші-
нің)
ата-
уы

Өтініш
беру-
шінің
заңды
мекен-жайы,
теле-
фон N,
факс,
e-
maіl,
элек-
трон-
дық
мекен-жайы,
басшы-
сының
аты-
жөні

Өті-
ніш
беру-
ші-
нің
жұ-
мыс
түр-
лері*

СТТН

ҚҰЖК

Лицен-
зияны
иеле-
нуші
мәрте-
бесін
(білік-
тілік
талап-
тарына
сай
екенін)
бұрын
раста-
ған
күндері

Ес-
кер-ту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















          * - жұмыс түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002
жылғы 10 қаңтардағы N   23 қаулысымен бекітілген "Сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер
көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің  тізбесіне " сәйкес
көрсетіледі. Тізбенің тармақшалары, тармақтары мен бөлімдері, оның
ішінде рұқсат берілген жұмыс түрлері нақтылап көрсетіледі.

                                   "Өтініш берушілердің (лицензияға
                                   талапкерлердің) және (немесе)
                                    лицензиаттардың біліктілік
                                     талаптарына сай екеніне
                                    сараптамалық бағалау жүргізу
                                  үшін жеке және заңды тұлғаларды
                                    тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа"
                                             6-қосымша

    Лицензияланатын субъектілердің біліктілік талаптарына
   сай екендігіне сараптама мен техникалық аудитті жүзеге
         асыру жөніндегі шарттарды есепке алу журналы
         _____________________________________________________
        (Сараптамалық орталықтың (сарапшының) толық атауы)
        кезеңі___________________дейін_____________________
               (күні, айы, жылы)        (күні, айы, жылы)

Р/с

Шарт
нөмірі
мен қол
қойылған
күні

Лицензия-
ланатын
субъектінің
(өтініш
берушінің)
толық заңды
атауы

Өтініш
берушінің
СТТН-і

Өтініш
берушінің
заңды
мекен-жайы,
телефон N,
факс, e-maіl,
электрондық
мекен-жайы,
басшысының
аты-жөні

Ескерту

1

2

3

4

5

6













                                      "Өтініш берушілердің (лицензияға
                                   талапкерлердің) және (немесе)
                                    лицензиаттардың біліктілік
                                     талаптарына сай екеніне
                                    сараптамалық бағалау жүргізу
                                  үшін жеке және заңды тұлғаларды
                                    тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа"
                                             7-қосымша

                              200__жылы __________ ______________
                                             (күні)       (айы)

____________________________________________________________________
    (сараптама орталығының немесе сарапшының толық заңды атауы)
         берілген__________N_____________тіркеу куәлігіне
                   (сериясы)      (нөмірі)

                         ТІРКЕУ ҚАҒАЗЫ

      Тіркеу куәлігінің қолданысы___________________________________
                          (сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері
____________________________________200__жылғы________  ____________
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган)         (күні)      (айы)

      бұйрығымен мерзімі ұзартылған.

___________________________________  _____________  ________________
(сәулет, қала құрылысы және құрылыс       (қолы)        (аты-жөні)
істері жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның бірінші басшысы  200__жылғы _____ _____________
                                                 (күні)    (айы)

                                             (мөрмен расталады)

      Жыл сайын мерзімін ұзартып тұру қажет.

Ескерту: Тіркеу куәлігін ресімдеу бланкінің бір жақ бетіне
         мемлекеттік (сол жақта) және орыс (оң жақта) тілдеріндегі
         мәтінді оңтайлы орналастыра отырып жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады