«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Гендерлік ерекшелігі есебімен мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балалардың өмір сапасы (сұрақнама)» (коды 3025105, индексі БМ, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 қазандағы № 246 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 9066 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Гендерлік ерекшелігі есебімен мүгедектігі бар 18 және одан жоғарғы жастағы тұлғалардың өмір сапасы (сұрақнама)» (коды 3035105, индексі ЕМ, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 қазандағы № 247 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 9067 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 шілдедегі № 139 (28363) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Ә.Смайлов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т.Дүйсенова ______________
2015 жылғы 2 мамыр