Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 980-V ПС қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына, Сенат Регламентінің 1 және 175-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. 46-тармақта:
      бірінші абзац алып тасталсын;
      екінші абзацтағы «Заң» деген сөз «46. Заң» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 102-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сенаттың тұрақты комитеттерінің ұсынысы бойынша басқа мемлекеттердің парламенттерімен (парламенттер палаталарымен) және халықаралық парламенттік ұйымдармен ынтымақтастық топтарын құрады, сондай-ақ Сенат депутаттарын халықаралық, мемлекетаралық парламенттік ұйымдардың және органдардың құрамына қосады (жібереді), олардың құрамына өзгерістер енгізеді;».
      3. 165-тармақ мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «Заң шығарушылық жұмыстың тұжырымдамалық жоспарын келіседі;».
      173-2-тармақтағы «, сондай-ақ ынтымақтастық жөнінде топтар құруға» деген сөздер алып тасталсын.

      Қазақстан Республикасы
      Парламенті Сенатының
      Төрағасы                              Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады