"Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 1911-ХII. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 137 Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 20.06.1997 № 137 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы* Z931100_ 1993 жылдың 1 ақпанынан күшiне енгiзiлiп, бұрын белгiленген зейнетақылар 1993 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша зейнетақы есептеу кезiнде еске алынатын тиiстi категориядағы қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге, басшы және қатардағы құрамының адамдарына белгiленген ақшалай ризық деңгейiне сүйенiп, осы Заңның нормалары бойынша қайта есептелетiн болсын. Соның өзiнде егер бұрын тағайындалған зейнетақы осы Қаулы ескерiлiп күшiне енгiзiлетiн Заңда белгiленгеннен көп мөлшерде төленетiн болса, зейнетақы төлеу зейнеткерде оны өсiру құқы пайда болғанға дейiн бұрынғы мөлшерде сақталады.
      *. Ескерту. Бұдан былайғы баяндауда - Заң
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi: "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану тәртiбi туралы қажеттi нормативтiк актiлер қабылдасын. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасы мүшелерiне бұрын тағайындалған зейнетақыларды 1993 жылдың 1 ақпанынан бастап қайта есептеу тәртiбiн анықтасын және осы Заңға сәйкес зейнетақыларды қайта есептеу, тағайындау және төлеу жөнiндегi жұмыстардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ететiн шараларды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi мен ведомстволары әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi жөнiнде бұрын шығарылған актiлердi Заңға сәйкестендiретiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған заң актiлерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн, басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты бөлiгiне өзгерiстер енгiзу туралы заңдардың жобасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi кезектi сессиясының қарауына енгiзу тапсырылсын.
      5. "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн Қарулы Күштердiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, жоғары өкiмет пен басқару органдарының шешiмiмен құрылған басқа да әскери жасақтардың әскери қызметшiлерiн, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарын зейнетақымен қамсыздандырудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталсын.
 

     Қазақстан Республикасы Жоғарғы

         Кеңесiнiң Төрағасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады