2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1429.

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



      РҚАО-ның ескертуі: P021429 қаулысын қараңыз.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
16-қосымша

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Keңсесi

      -------------------------------------------------

      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

      001 "Әкiмшiлiк шығындар"

      республикалық бюджеттiк бағдарламасының

      2003 жылға арналған

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 322350 мың теңге (үш жүз жиырма eкi миллион үш жүз елу мың теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы ; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы .

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: оған жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Аппаратының қызметiн қамтамасыз ету.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Аппаратын ұстау.

      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      Р/с!Бағ.!Кіші!Бағдарламалардың!Бағдарламаны !Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдарла. !(кіші бағдарламаны)!асыру! орындау.

      !лама!дар.!малардың) атауы !іске асыру жөнінде.!мер. ! шылар

      !ның !лама! !гі іс-шаралар !зімі !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 001 Әкімшілік шығындар

      001 Орталық органның Жүктелген функция. Жыл Қазақстан

      аппараты ларды орындау мақ. бойы Республика.

      сатында Қазақстан сы Премьер-

      Республикасының Министрі.

      Премьер-Министрі нің Кең.

      Кеңсесінің аппара. сесі

      тын бекітілген 307

      бірлік штат саны

      лимитіне сәйкес

      ұстау

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелген функциялардың сапалы әрі уақытылы орындалуы.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
17-қосымша

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Keңсесi

      --------------------------------------------------

      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

      010 "Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау" республикалық бюджеттiк бағдарламасының

      2003 жылға арналған

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 1128 мың теңге (бiр миллион бiр жүз жиырма сегiз мың теңге).

      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы ; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығы , "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы ; "Мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1706 қаулысы .

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн және бiліктілiгiн арттыру, оның iшiнде мемлекеттiк тiлдi оқыту және мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiк және құзыреттiлiк қағидатын іске асыруға жәрдемдесу, мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілігін арттырудың және білімін жаңартудың үздiксiздiгiн қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындауы үшiн қазiргi заманғы талаптарға сәйкес олардың қайта даярлау (мамандығын қайта өзгерту) мен бiлiктiлiгiн арттыру құқықтарын қанағаттандыру.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      Р/с!Бағ.!Кіші!Бағдарламалардың!Бағдарламаны !Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдарла. !(кіші бағдарламаны)!асыру! орындау.

      !лама!дар.!малардың) атауы !іске асыру жөнінде.!мер. ! шылар

      !ның !лама! !гі іс-шаралар !зімі !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 010 Кадрлардың білікті.

      лігін арттыру және

      оларды қайта даяр.

      лау

      005 Мемлекеттік қыз. Саны 45 адам бола. Жыл Қазақстан

      метшілердің бі. тын мемлекеттік бойы Республика.

      ліктілігін арт. қызметшілерді оқы. сы Премьер-

      тыру тудың бекітілген Министрі.

      жоспар-кестесіне нің Кең.

      сәйкес қысқа мер. сесі

      зімді семинарлар

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру, олардың жаңа білім алуы және оларды практикалық қызметте қолдану мүмкіндігі.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
18-қосымша

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Keңсесi

      -------------------------------------------------

      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

      032 "Литерлiк рейстердi қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2003 жылға арналған

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 46380 мың теңге (қырық алты миллион үш жүз сексен мың теңге).

      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізі: "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысы .

      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары жұмысының ұтқырлығы мен жеделдiгін қамтамасыз ету.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның міндеттерi: литерлiк рейстерді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi орынбасарларының ерекше маңызды ұшуларын қамтамасыз ету және орындау.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іc-шаралар жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      Р/с!Бағ.!Кіші!Бағдарламалардың!Бағдарламаны !Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдарла. !(кіші бағдарламаны)!асыру! орындау.

      !лама!дар.!малардың) атауы !іске асыру жөнінде.!мер. ! шылар

      !ның !лама! !гі іс-шаралар !зімі !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 032 Литерлік рейстер. "Мемлекеттік сатып Жыл Қазақстан

      ді қамтамасыз алу туралы" Қазақ. бойы Республика.

      ету стан Республикасы. сы Премьер-

      ның 2002 жылғы 16 Министрі.

      мамырдағы N 321-II нің Кең.

      Заңы 3-тарауының сесі

      21-бабына сәйкес,

      жұмыс жоспарына сай

      Қазақстан Республи.

      касының Премьер-

      Министрі орынбасар.

      ларының литерлік

      рейстеріне қызмет.

      тер көрсетуге ар.

      налған саны 17 рейс.

      ке шарт жасасу.

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары әуе тасымалдарын қамтамасыз етудің құпиялылығы мен қауіпсіздігі.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
19-қосымша

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Keңсесi

      -------------------------------------------------

      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

      033 "Мемлекеттiк органдарда ақпаратты техникалық қорғауды ұйымдастыру" республикалық бюджеттiк бағдарламасының

      2003 жылға арналған

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 7105 мың теңге (жетi миллион бiр жүз бес мың теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 11 сәуiрдегi N 370қ Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң жарғысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының 2002 жылғы 11 қазандағы N 25-1-97 бұйрығы.

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру.

      5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялардың техникалық қорғалуын қамтамасыз ету.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      Р/с!Бағ.!Кіші!Бағдарламалардың!Бағдарламаны !Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдарла. !(кіші бағдарламаны)!асыру! орындау.

      !лама!дар.!малардың) атауы !іске асыру жөнінде.!мер. ! шылар

      !ның !лама! !гі іс-шаралар !зімі !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 033 Мемлекеттік орган.

      дарда ақпараттың

      техникалық қорға.

      луын ұйымдастыру

      030 Мемлекеттік ор. Ақпаратты техника. Жыл Қазақстан

      гандарда ақпарат. лық қорғауды ұйым. бойы Республика.

      ты техникалық дастыру жөніндегі сы Премьер-

      қорғауды ұйымдас. орталықты 14 бір. Министрі.

      тыру жөніндегі лік санында бекі. нің Кең.

      орталық тілген штат саны сесі

      лимитінің шегінде

      ұстау

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ақпарат таралуының техникалық арналарын уақтылы анықтау. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң толық қорғалуын қамтамасыз ету.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
20-қосымша

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Keңсесi

      -------------------------------------------------

      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

      034 "Арнаулы байланыспен қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2003 жылға арналған

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 152159 мың теңге (бip жүз елу екi миллион бiр жүз елу тоғыз мың теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңының 15-бабы ; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 тамыздағы N 668қ қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң жарғысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының 2002 жылғы 11 қазандағы N 25-1-94 бұйрығы.

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мақсатты түпкi пунктке дейін хат-хабарларды мерзімінде жеткізу.

      5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттiк басқару органдарының, министрлiктердiң, ведомстволар мен басқа да мемлекеттiк органдардың ерекше маңызды, өте құпия, құпия, үкiметтiк, дипломатиялық хат-хабарларын, бағалы жөнелтiмдерi мен жүктерiн жедел жеткiзу әрi олардың сақталуын қамтамасыз ету және арнаулы сипаттағы тапсырмаларды орындау.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      Р/с!Бағ.!Кіші!Бағдарламалардың!Бағдарламаны !Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдарла. !(кіші бағдарламаны)!асыру! орындау.

      !лама!дар.!малардың) атауы !іске асыру жөнінде.!мер. ! шылар

      !ның !лама! !гі іс-шаралар !зімі !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 034 Арнаулы байланыс.

      пен қамтамасыз

      ету

      030 Фельдъегерлік Мемлекеттік фель. Жыл Қазақстан

      қызмет дъегерлік қызметті бойы Республика.

      штат саны 290 бір. сы Премьер-

      лік мөлшеріндегі Министрі.

      лимитінің шегінде нің Кең.

      ұстау. сесі

      740 мың бірлік са.

      нында хат-хабарлар

      жеткізу.

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы бағдарламаны iске асыру кезiнде 740 мың бiрлiк санында хат-хабарлар жөнелту күтiледi, тасымалданатын құпия және үкiметтiк хат-хабарлардың 100% сақталуы мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi.

  Қызметтік пайдалану үшін
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
21-қосымша

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Keңсесi

      -------------------------------------------------

      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

      РҚАО-ның ескертуі: "Қызметтік пайдалану үшін" белгісімен 21-қосымша Деректер базасына енгізілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
22-қосымша

      Ескерту. 22-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.06. N 150и қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Keңсесi

      -------------------------------------------------

      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

      036 "Мемлекеттiк органдардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламасының

      2003 жылға арналған

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 10000 мың теңге (он миллион теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 11 сәуiрдегi N 370қ Жарлығымен бекiтiлген мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етудiң мемлекеттiк бағдарламасы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы , Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435 қаулысы .

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк органдардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. <*>

      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық қауiпсiздiк

      саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      Р/с!Бағ.!Кіші!Бағдарламалардың!Бағдарламаны !Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдарла. !(кіші бағдарламаны)!асыру! орындау.

      !лама!дар.!малардың) атауы !іске асыру жөнінде.!мер. ! шылар

      !ның !лама! !гі іс-шаралар !зімі !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 036 Қазақстан Респу. 8 бірлік бекiтiлген Жыл Қазақстан

      бликасы мемлекет. штат санының лимитi бойы Республика.

      тік органдарының шегiнде Ақпараттық сы Премьер-

      ақпараттық қауіп. қауiпсiздiк саласында Министрі.

      сіздігін қамтама. мамандар даярлау нің Кең.

      сыз ету және олардың бiлiк- сесі

      тiлiгiн арттыру ор-

      талығын құру және

      ұстау. Мыналарды

      сатып алу: арнайы

      автокөлiк - 1 бiрлiк,

      жиhаз (басшының каби-

      нетi) - 1 жиынтық,

      көшiру аппараты - 1

      бiрлiк, дербес компь-

      ютер - 8 бiрлiк, ағынды

      принтер - 1 бiрлiк, ла-

      зерлiк принтер - 2

      бiрлiк, түрлi-түстi

      телевизор - 2 бiрлiк,

      бейне магнитофон - 1

      бiрлiк, сейф - 2 бiрлiк,

      кондиционер - 1 бiрлiк. <*> ------------------------------------------------------------------

      . Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мамандардың кәсiби деңгейiн арттыру. <*>

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы "29" желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
23-қосымша

      Ескерту. 23-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.06. N 150и қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Keңсесi

      -------------------------------------------------

      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

      600 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2003 жылға арналған

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 30000 мың теңге (отыз миллион теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы.

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасымен, бейне және фотожабдықтармен қамтамасыз ету.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi үшiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасын, бейне және фотожабдықтар сатып алу.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      Р/с!Бағ.!Кіші!Бағдарламалардың!Бағдарламаны !Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдарла. !(кіші бағдарламаны)!асыру! орындау.

      !лама!дар.!малардың) атауы !іске асыру жөнінде.!мер. ! шылар

      !ның !лама! !гі іс-шаралар !зімі !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 600 Қазақстан Респу. Мыналарды сатып Жыл Қазақстан

      бликасы Премьер- алу: дербес компь- бойы Республика.

      Министрінің Кең. ютер - 20 бiрлiк, сы Премьер-

      сесін компьютер. лазерлiк принтер Министрі.

      лік және ұйымдас. - 20 бiрлiк, сканер нің Кең.

      тыру техникасы. - 4 бiрлiк, цифрлық сесі

      мен қамтамасыз диктофон - 10

      ету бiрлiк, түрлi-түстi

      телевизор - 9 бiрлiк,

      бейне магнитофон - 4

      бiрлiк, факсимильдi

      аппарат - 3 бiрлiк,

      көшiру аппараты - 4

      бiрлiк, цифрлық маг-

      нитофон - 1 бiрлiк,

      бейнежабдық - 1 жиынтық,

      фотожабдық - 1 жиынтық,

      қағаз жоятын машина -

      8 бiрлiк. <*> ------------------------------------------------------------------

      . Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сұрау салуды орындау жөніндегі жұмыстарды автоматтандыру (қажетті ақпаратты жеделдетіп іздеу және беру), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің қызметін жария ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады