Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
407-ҚОСЫМША
Ескерту. 407-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 206.11.17. N 470и қаулысымен.
690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Сайлау өткiзудi ұйымдастыру"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 795207 мың теңге (жетi жүз тоқсан бес миллион екi жүз жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық
заңы
; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы" 2006 жылғы 6 маусымдағы N
130
Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282
Жарлығы
; "Қызметтiк телефондар және мемлекеттiк органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаңдардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217
қаулысы
; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы" 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландыратын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшін қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663
қаулысы
; "Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметшілерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Парламент Сенаты, Мәжiлiсi депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауда жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының Парламент депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауларын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыру мақсатында қамту, сайлауларды өткізу кезінде аумақтық, округтік және учаскелiк сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асыру, комиссияны материалдық-техникалық жарақтандыру, оқулық семинар өткiзу; қызметшiлердің қойылатын бiлiктілік талаптарына сәйкес өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiктерiн жетілдiру үшiн кәсiби қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдерін, икемдiлiгi мен машықтарын жаңарту, "Сайлау" ААЖ бағдарламасын сүйемелдеу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Сайлау
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық
|
Қазақстан Республикасы
|
жыл
|
Қазақстан
|
3 |
|
007 |
Мемле-
|
Мынандай бес тақырып
|
жыл
|
Қазақстан
|
4 |
|
009 |
Мемле-
|
Орталық аппараттың
|
жыл
|
Қазақстан
|
5 |
|
017 |
Ақпарат-
|
"Сайлау" ААЖ мамандан-
|
жыл
|
Қазақстан
|
6 |
|
100 |
Сайлау
|
Шығып қалғандардың
|
жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтижелер:
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының орталық аппаратын 51 бiрлік штат санының лимитi бойынша қамту, орталық аппарат қызметкерлерiнің материалдық-техникалық жарақталуын 100% қамтамасыз ету;
- Республика бойынша тұтас алғанда Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығару;
- сайланған комиссияларының қызметiне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасау;
- аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шешімдерi мен iс-әрекеттерiне түскен арыздар мен шағымдар қарау;
- саны - 10 адамның кәсiби деңгейiн жоғарылату, саны - 25 адамға мемлекеттiк тiлдi үйрету, саны - 20 адамға ағылшын тiлін үйрету.
Түпкiлiкті нәтижелер:
- Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асыруға бiрыңғай қолдануын қамтамасыз етуге қажеттi жағдайлар жасау;
- мемлекеттік қызметшілердің сұранысын кәсiпқойлық деңгейiн көтеруде - 20%, мемлекеттiк тiлдi үйренуде - 50%, ағылшын тілін үйренуде - 40% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесi:
- бюджеттiк қаржыны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметінің сапасын жоғарылатуға пайдалану;
- бюджеттiк қаржыны дер кезiнде және толық игеру;
- орталық аппараттың бiр мемлекеттік қызметшiсiн қамтуға арналған қаржылық-шаруашылық шығыстар - 9725,5 мың теңге;
- штаттан тыс бiр қызметкердi қамтуға арналған қаржылық-шаруашылық шығыстар - 499,5 мың теңге;
- бiр мемлекеттік қызметшінің бiлiктiлiгiн жоғарылатуға арналған орташа шығыстар - 22,3 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк тiлдi үйретуге арналған орташа шығыстар - 1З,76 мың. теңге;
- бiр мемлекеттік қызметшіге ағылшын тiлiн үйретуге арналған орташа шығыстар - 6,0 мың теңге;
- Сенатқа бiр депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар - 860,0 мың теңге;
- Мәжiлiске бiр депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар - 2616,0 мың теңге;
- мәслихаттарға бiр депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар -
115,0 мың теңге.
Уақтылығы:
- сайлауларды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңға сәйкес өткiзудi қамтамасыз ету;
- жоспарланған iс-шараларды белгiленген мерзiмдерде атқару.
Сапасы:
- осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттiк қызметтің талаптары бойынша мемлекеттiк қызметшілердің кәсiби деңгейiн жоғарылату;
- мемлекеттiк тiлдi үйрену курсын өткен соң мемлекеттiк қызметшілердің 10% iс жүргізудi мемлекеттік тiлде жүзеге асыратын болады;
- ағылшын тiлін үйрену курсын өткен соң мемлекеттiк қызметшілердің 5% ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн болады;
- бiлiктілiгiн жоғарылату курсын өткен соң мемлекеттік қызметшiлердің 2% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалатын болады.