2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
      5, 6, 6-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының;

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына        
5-ҚОСЫМША        

102 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 4636578 мың теңге (төрт миллиард алты жүз отыз алты миллион бес жүз жетпiс сегіз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының конституциялық  заңы ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысы ; "Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217  қаулысы ; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысы ; "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің N 1428  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс Басқармасының 2000 жылғы 29 қарашадағы N ІБ 01/42 бұйрығымен бекiтілген "Қазақстан Республикасы Парламентiнің Шаруашылық басқармасы туралы" Ережесi.
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Жүктелген функцияларды тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнің қызметiн қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Парламент депутаттарының жұмысы мен тұруы үшiн жағдайлар жасау; басқа елдер Парламенттерiмен және халықаралық ұйымдармен халықаралық байланысты қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшiлердің кәсiби біліктілігін арттыру; өзінің лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілiк талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдi, шеберлiк пен дағдыны жаңарту.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
лама-
лардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орын-
даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Қазақстан
Республи-
касы
Парламе-
нтiнiң
қызметiн
қамтама-
сыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық
органның
аппараты

116 депутатты қамтама-
сыз ету
Қазақстан Республи-
касының Парламенті Сенатының және 
Мәжiлісінің 379 бiрлiк санында
аппараттарын,
Парламент Шаруашылық
басқармасының 39
бiрлiк санында аппаратын ұстау
ақшалай қамтамасыз етудi қамтиды, оның
iшiнде:
1. Шартқа сәйкес
жиырма чартерлiк
рейсті қамтамасыз ету;
2. Қызметтік тұрғын
үй алғанға депутаттардың тұруын
қамтамасыз ету;
3. Парламенттің әкiмшілiк ғимаратта-
рына және депутаттар-
дың қызметтiк тұрғын
үйiне қызмет көрсету
жөнiндегi қызметке
ақы төлеу;
4. Техникалық жабдық
пен инженерлiк желi-
лердi пайдалану және
оларға қызмет көрсету
жөнiндегi қызметке
ақы төлеу;
5. Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң
инженерлiк желілерді,
ғимараттарын, құрылыстарын және
басқа объектілерiн
күрделi және ағымдағы
жөндеудi жүзеге асыру
жөнiндегі қызметке
ақы төлеу;
6. Заң жобаларын
әзiрлеу, заң шығару
қызметiнiң практикасы
бойынша зерттеу
материалдарын дайындау, әлеуметтік
және сараптамалық
сауалдар, заңнамалық
реттеу проблемалары
жөнiнде мониторинг
жүргiзу;
7. Парламент қызметiн
техникалық қолдау,
атап айтқанда:
Сенат пен Мәжiлістiң
жалпы отырыстары,
комитеттер, бюролар
отырыстары кезiнде
дауыс берудiң, күшейтудiң, ілеспе
аударманың, сөз
жазудың электрондық жүйелерiн;
компьютерлiк стенографиялау жүйесiн;/
кабельдi телевидение жабдығын;
шағын баспаханалық,
бейне және фото
жабдықтарды пайдалану
жөнiндегi қызметке
ақы төлеу.
1-7-тармақтарда белгiленген iс-шараларды iске
асыру мерзiмi
қаңтар-желтоқсан.
8. Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң 10
жылдығына арналған
iс-шаралар өткiзудi
ұйымдастыру, iс-шараларды iске
асыру мерзiмі - 2006
жылғы І тоқсан.

Жыл бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Парламе-
нтінің
Шаруашы-
лық
басқарма-
сы

3

  

007

Мемлекет-
тік
қызметші-
лердің
білікті-
лігін
арттыру

Бес бағыт бойынша
мемлекеттiк қызметші-
лердiң бiлiктілігін
арттыру жөніндегі
қызметтерге ақы төлеу:
1. Қазақстан
Республикасының
индустриалық-иннова-
циялық саясаты: оның
проблемалары мен
перспективалары;
2. Қазақстанның
ДСҰ-ға кiру шарттарының сауда-
тарифтiк саясаты;
3. Мемлекеттік
органдардың қазiргі
заманғы ақпараттық
технологиясы;
4. Қазақстан
Республикасындағы
саяси технология;
5. Қазақстан
Республикасының
құқықтық-шығармашылық
және заң шығару
процесi.
Мемлекеттік және
ағылшын тілдерiне
оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Парламе-
нтінің
Шаруашы-
лық
басқарма-
сы

4

  

008

Мемлекет-
тік
органдар-
дың
ғимарат-
тарын,
үй-жайла-
ры мен
құрылыс-
тарын
күрделi
жөндеу

Тыныс-тiршілiктi
қамтамасыз ету
жүйелерiне қызмет
көрсету жөнiндегі
қалыпты жағдайлар
жасау үшiн Мәжілiс
ғимаратының жертөле
үй-жайын қайта
жаңарту (желдеткiш, су құбырын, жарық өткiзу), қаңтар-желтоқсан

Жыл бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Парламе-
нтінің
Шаруашы-
лық
басқарма-
сы

5

  

009

Мемлекет-
тік
органдар-
ды материал-
дық-техни-калық
жарақ-
тандыру

Депутаттарға қызмет
көрсету үшiн: 
"Парламент Шаруашылық
басқармасының
автошаруашылығы" РМК
үшін автомашиналар
сатып алу, 2006 жылғы
сәуiр-тамыз;
Парламенттің жаңадан
салынған ғимараттары
үшін жиһаз, тұрмыстық
техника және басқа да
мүлiктер сатып алу,
қаңтар-желтоқсан

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Парламе-
нтінің
Шаруашы-
лық
басқарма-
сы

6

  

017

Ақпарат-
тық
жүйелер-
дiң жұмыс
iстеуiн
қамтама-
сыз ету
және
мемлекет-
тiк органдар-
ды ақпарат-
тық-техни-калық
қамтама-
сыз ету
 

Парламенттегі қолданыстағы ақпараттық жүйелер
мен мiндеттердi
сүйемелдеу және
пайдалану, есептеу
техникасы құралдарына 
техникалық қызмет көрсету, есептеу жүйелеріне жүйелік қызмет көрсету, 2006 жылғы қаңтар-
желтоқсан;
Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Сенаты
мен Мәжiлісi
Аппараттарының
депутаттары мен
қызметкерлерiнiң
қызметiне қызмет
көрсету үшiн "Қазақстан
Республикасының
Парламентi Шаруашылық
басқармасының Инженерлiк орталығы"
РМК үшiн есептеу
техникасы мен лицензиялық бағдар-
ламалық өнiмдер сатып
алу, 2006 жылғы
ақпан-қараша

Жыл
бойы 

Қазақстан
Республи-
касы
Парламе-
нтінің
Шаруашы-
лық
басқарма-
сы

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтижелер: Қазақстан Республикасы Парламентiнің тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету.
180 адамның кәсiптiк деңгейiн арттыру.
110 адамды мемлекеттiк тiлде оқыту.
200 адамды шетел тiлiне оқыту.
Мыналар: 50 бiрлiк отырыс үстелiнің креслолары, 60 бiрлiк кеңселiк шкафтар, 40 бiрлiк келушілерге арналған 2 орындық диван; 18 бiрлiк жұмсақ демалыс жиһазы, 2 бiрлiк басшыға арналған жұмсақ демалыс жиһазы, 108 бiрлiк әртүрлi сейф, 14 бiрлiк өндiрiстiк шаңсорғыш, 14 бiрлiк кiлем жуғыш машиналар; 1 бiрлiк бу тазартқыш; 10 бiрлiк көшiру аппараттары, 60 бiрлiк орташа тоңазытқыштар және 40 бiрлiк шағын тоңазытқыштар; 5 бiрлiк Сенат үшiн металл детекторлары; 1 бiрлiк жиһаз қоймасы модулi, 150 бiрлiк теледидар үшiн тумбалар сатып алынды.
      Мыналар: 2 бiрлiк Мерседес-Бенц; 15 бiрлiк жеңiл автомашина; 2 бiрлiк шағын автобус және 1 бiрлiк автобус сатып алынды; 
ВОSCH INTEGRUS жабдықтарына толығымен сәйкес келетiн конгресс жүйелерiнің жұмыс iстеуi үшiн жабдықтардың резервтiк қорын құру мыналар сатылып алынды: аударма арналар қайта қосатын "Соnсеntus"  делегат пульті - 30 бiрлік, делегат пульті + есептеуші Микропроцессор карточкасы + LCD + арналардың селекторлары - 100 бiрлiк; алынатын ұзартылған микрофон "Соcentus" - 140 бiрлік; ұзындығы 1.2 м және 3.5 мм кабелiмен "иектегi" құлақтауыштар jack ажыратушыларымен - 200 бiрлік; 8-арналы сандық инфрақызыл қабылдағыш - 100 бiрлік; орташа қуатты сандық инфрақызыл сәулелi шығарғыш, 260 IRED, 9W/sr, 90-260VАС - 6 бiрлік; ұзарту кабелi DCN, 100м, ажыратқыш - 5 бiрлік; аудармашының пультi LCD экранымен және жарық шығарушы экранымен - 3 бiрлiк; DCN кеңейтiлген орталық блогi - 3 бiрлік; кеңейтiлген DCN блогы - 3 бiрлік; аналогтық жабдығын қосу блогi - 3 бiрлік; DCN-ге қосу модулі - 3 бiрлік; 8 арналы инфрақызыл сандық таратқыш - 3 бiрлік.
      ВOSCH INTEGRUS жабдықтарына толығымен сәйкес келетiн стенограмма жүргiзу мен iлеспе аударма арналған мынадай жабдықтар сатылып алынды: LCD экранымен және жарық шығарушы экранымен аудармашыға арналған пульті - 14 бiрлік; аудармашы құлақтауыштары - 28 бiрлік; орталықтандырылған кеңейтiлген DCN блогы - 7 бiрлік; аналогты блогын қосу жабдығы - 7 бiрлiк; DCN-ге қосу модулi - 7 бiрлік; инфрақызыл 4 арналы сандық инфрақызыл таратушысы - 7 бiрлік; орташа қуатты инфрақызыл сандық сәуле шығарғышы, 260 IRED, 9W/sr, 90-260VАС - 7 бiрлiк; ИК радиаторы үшiн монтаждық кронштейн - 7 бiрлiк; 4 арналы инфрақызыл сандық қабылдағышы - 210 бiрлік; ИК қабылдағышы үшін аккумуляторлар жиынтығы - 210 бiрлік; 56 инфрақызыл қабылдағыштары үшiн зарядтау кейстерi - 7 бiрлiк; ұзындығы 1.2 м және 3.5 мм кабелдерiмен jack ажыратушыларымен "иектегi" стерео құлақтауыш - 315 бiрлік; Plena микширлiк дауыс күшейтушiсi 180/120W - 7 бiрлік; LINE ARRAY Дауыс бағанасы, 45/30W (60Х8СМ) - 14 бiрлiк; FlexiDone I түрлi-түстi 1/4 "ТВ камера декоративтiк корпусiмен, 330 ТВЛ, РАL, 4,5 lx, объектив 6 мм, DSP, 12VDC-28VАС - 7 бiрлік; 14" түрлi-түстi кәсiби монитор, 400 ТВЛ, РАL, ашық 2 видео және 1 аудио кiру/шығу регенерациясымен, 230VАС, 50НZ - 14 бiрлік; тұратын қол радиомикрофоны - 7 бiрлік; 100М дауыс күшейткiш үшiн 2х0,75 кабелi, 100м екi қабатты оқшаулатқыш - 14 бiрлік; транктiк желі таратушы - 7 бiрлік; ұзартушы DCN кабелi 100м, таратушысыз - 7 бiрлік; кабельды коннекторлар үшiн (25 жұп) жинағымен - 7 бiрлік; коаксиальный RG59 75 Оm кабелi, 100 м, ВNС коннекторы 4 дана - 14 бiрлік; мамандандырылған плата жинағы - 4 бiрлiк.
      Мыналар: технологиялық компьютерлердi жаңартуға арналған 26 бiрлiк компьютерлiк техника; 5 бiрлiк жабдықталған сервер; қолданылатын жұмыс станциялары 123 бiрлік; жеке компьютерлер 163 бiрлік; 23 бiрлiк түрлi-түстi принтер; арнайы мақсаттағы принтерлер 1 бiрлік; 14 бiрлiк желілік принтер; 14 бiрлiк сканер; плазмалық панельдер 5 бiрлiк сатып алынды.
Түпкi нәтижелер:
Депутаттардың жұмыс iстеуi мен тұруы үшін жағдай жасау. Парламент Палаталары мен Парламент Шаруашылық басқармасы аппараттарының 41,1% қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, Парламент Палаталары аппараттарының 19,8% қызметкерлерiн мемлекеттiк тiлдi оқытуға, Парламенттің депутаттық корпусының 37,4%-ының ағылшын тiлiн оқуға қажеттілігiн қамтамасыз ету.
Парламент Палаталарының жоспарына сәйкес жоспарлы 20 (жиырма) чартерлiк рейс жасалды.
Парламенттің жаңадан салынған ғимараттары жиһазбен, тұрмыстық техникамен және басқа да мүлiктермен 100% жабдықталды.
20 автомашина сатып алу қажеттілігі 100% жүзеге асырылды.
Парламент қызметкерлерiнің 100%-ы, соның iшiнде депутаттар корпусы желiде жұмыс iстейдi, Интернет пен электронды почта жәшiктерiне қосылған; Парламентте қолданыстағы типтiк және мамандандырылған ақпараттық жүйелермен және мiндеттермен 100% қамтамасыз етiлген.
Депутаттардың жедел жұмыс iстеуi және өздерінің функцияларын тиiмдi iске асыруы үшiн ақпараттық-есептеу желiсi мен бағдарламалық-техникалық кешендер арқылы Парламенттің заң шығарушылық және ұйымдастырушылық қызметін 100% қолдау және жәрдем көрсету.
Республиканың заңнамалық базасы қамтамасыз етілетiн сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Орнына заң шығарушының еркiн дұрыс көрсетілетін немесе мүлдем алмастыратын заңға тәуелдi сансыз актiлер қабылданып жатқан тікелей қолданылатын заңдардың жетiспеуiне байланысты проблемаларды шешу.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Парламентiне 72 заң жобасы келіп түстi (59-ына Үкiмет, 13-iне депутаттар бастамашы болды). Бұдан басқа, Палатаның заң шығару портфелiнде Палатаның қарауына Мәжілістiң үшiншi шақырылымының 7-сессиясынан ауысқан 126 заң жобасы болды (58-iне Үкiмет, 68-iне депутаттар бастамашы болған). Сегiз ай жұмыс ішінде Мәжіліс 80-ге жуық заң жобасын қарап, мақұлдап, Парламент Сенатына жiбердi. Сенат қабылдағаннан және ел Президентi қол қойғаннан кейiн 40 заң жобасы заң күшiне еніп, Қазақстан Республикасының құқықтық базасын толықтырды. Президент қол қойған жалпы заңдардың 12-сi негiзгi, жаңадан қабылданған, 31-i негiзгi заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгізетiн заң жобалары, 17-сi Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған, бекiтілген халықаралық конвенциялар, хаттамалар, келiсiмдер мен шарттар.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Бiр депутаттың қызметiн ұстауға жұмсалатын орташа шығыс 33 690,8 мың теңгенi құрайды. Бiр нормативтiк құқықтық актіні халықаралық нормаларға сәйкес келтiруге арналған шығындар көлемі, бiр келiсiмге қол қою.
Бiр қызметкердiң біліктілігiн арттырудың орташа құны 5505 теңге, бiр қызметкердi мемлекеттік тілдi оқытудың орташа құны 27 200 теңге, бiр қызметкердi ағылшын тiлiне оқытудың орташа құны 15000 теңге.
Бiр адамға арналған техникалық қолдаудың орташа құны 10,500 мың теңгенi құрайды, Парламентте қолданыстағы типтiк және мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен мiндеттердi сүйемелдеудің және пайдаланудың, есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсетудің және есептеу жүйелерiне жүйелiк қызмет көрсетудің нақты уақыт режимiндегi бiр адамға арналған орташа құны 1,107 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: Парламент Палаталарының кезектi сессияға арналған негiзгi iс-шараларының бекітілген жоспарларындағы мерзiмдерге сәйкес заң жобаларын шығару және бұл үшiн жасалған шарттарында белгiленген мерзiмдерге сәйкес жыл бойы iс-шараларды орындау. Автокөлiктік қызмет көрсету, Парламенттің заң шығару қызметiн техникалық қолдау, Парламентте қолданыстағы типтiк және мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен мiндеттердi сүйемелдеу және пайдалану, есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету және есептеу жүйелерiне жүйелiк қызмет көрсету жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi толық әрi уақтылы орындау және орындалған iс-шаралар бойынша жазбаша сыни ескертпелердің болмауы.
Сапасы:
Қабылданатын заңдардың сапасын арттыру, заңнаманың тұрақтылығы, басқаша айтқанда, қабылданатын заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң болмауы сонда ғана қамтамасыз етіледi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   
2005 жылғы 12 желтоқсандағы      
N 1235 қаулысына          
6-ҚОСЫМША              

102 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
 

2006 жылға арналған
"Заң жобалары мониторингінiң автоматтандырылған жүйесiн құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 60000 мың теңге (алпыс миллион теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Жоқ.
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасы Парламентiнің заң шығару жөніндегi ақпаратқа уақтылы әрi сенiмдi қол жеткізу және заң жобаларын қабылдау әрi қолданыстағы заңдардың тиiмділігi жөнiндегi мәселелердi бұқаралық сипатта әрi қызу талқылау мүмкіндiгi.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Парламент жұмысының ашықтығын және жұртшылықпен керi байланыстың болуын қамтамасыз ету; Өңiрлердегi жұмысы кезiнде депутаттық корпус үшiн ақпаратпен жұмыс iстеудің бiрыңғай кеңiстiгiн құру; Ақпаратты жинау әрi алмасу үшiн қызметкерлердің топтық жұмысын ұйымдастыра отырып, ақпаратты өңдеудің бiрыңғай технологиясын құру, Мүдделi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттiк басқару органдары мен азаматтарға оларға берiлген қол жеткізудi құқықтарын сәйкес барлық қол жеткiзу көздердің ақпаратына электронды сәйкестендiрiлген құжатта негiзделген әмбебап қол жетiмдiктi қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
лама-
лардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орын-
даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Заң жобалары
монито-
рингінің
автомат-
тандырыл-
ған жүйе-
сін құру

1. "Заң жобасы" кіші
жүйесінің "Деректер
қоймасы" модулін
әзірлеу, 2006 жылғы
ақпан-желтоқсан.
2. "Деректер қоймасы"
кiшi жүйесiн құруға
арналған техникалық
тапсырманы әзiрлеу,
2006 жылғы ақпан-желтоқсан.
3. Операторлар мен
БЖДҚ үшiн жарақтан-
дырылған, периферия-
лық жабдығы және компьютерлiк жабдығы
бар серверлер жиынтығын сатып алу,
2006 жылғы
ақпан-желтоқсан.
4. "Кітапхана" кiшi
жүйесiн құруға
арналған техникалық
тапсырманы әзiрлеу,
2006 жылғы ақпан-
желтоқсан.
5. "Депутат сайты"
кiшi жүйелерiн
әзiрлеу, 2006 жылғы
ақпан-желтоқсан.

Жыл бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Парламе-
нтінің
Шаруашы-
лық
басқарма-
сы

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтижелер:
Әзiрленген және енгізiлген кiшi жүйелер:
- "Заң жобасы". Кiшi жүйенiң негізгi мақсаты: қаралатын заң жобаларын қадағалау және бақылау, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің Регламенттерiне сәйкес заң шығару рәсімінің барлық операцияларын қолдау, мұрағат жүргізу және деректердi жергілікті Интранет желiсi мен жаһандық Интернет желiсiнде көрсету;
- "Парламенттің ақпараттық қоры". Кіші жүйенің негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ағымдағы жұмысы туралы және заң шығару қызметiнің жұмыс кезеңдерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнің Сенаты мен Мәжiлiсi Палаталарының, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiнің заң шығару жұмысына байланысты ақпараттың барлық түрiне жедел әрi сенiмдi қол жеткізудi қамтамасыз ету болып табылады;
- "Электоратпен байланыс". Кішi жүйенің негізгi мақсаты жаһандық Интернет желiсiнде сайлаушылармен диалогты қамтамасыз ету, интерактивтi сұраусалулар мен форумдар өткiзу, бекітiлген тақырып бойынша аудио-, видеоконференциялар мен брифингтер өткізу болып табылады;
- "Депутат сайты" Кіші жүйенің негізгi мақсаты жаһандық Интернет желiсi мен Парламенттiң iшкi Интранет желiсiн пайдаланушыларға әрбiр депутат жөнінде ауқымды ақпарат беру және электоратпен керi байланыс жасау;
- "Деректер қоймасы". Бұл кiшi жүйенің мақсаты - материалдарды сақтау, сұралатын ақпаратты енгiзудi, iздеу мен шығаруды автоматтандыру;
- "Парламент кiтапханасы". Кiшi жүйенің негізгi мақсаты Парламенттің кітапхана қорын есепке алудың, іздеудің, тiркеудiң, сондай-ақ электронды түрдегi кітаптар мен мерзiмдi басылымдарға қол жеткiзудің технологиялық процесiн автоматтандыру болып табылады.
- "Отырыс". Кiшi жүйенiң мақсаты - бюро, жалпы және бiрлескен отырыстар өткізген кезде сүйемелдеушi ақпараттың бәрiн электронды түрде ұсыну.
Түпкі нәтижелер:
Заң шығару қызметi үшiн қажеттi барлық ақпарат түрiне қол жеткізудің бiрыңғай нүктесi есебiнен депутаттар корпусының және Сенат, Мәжіліс аппаратының жұмыс iстеуiнің ыңғайлы әрi қолайлы болуын арттыру;
Парламенттің заң шығару қызметi жөнiндегi материалдарды: iс-шаралар жоспарын, бiр жылдағы заң шығару жұмыстарының жоспарын, бiр жылдағы жұмыс қорытындысын, жалпы отырыстар мен бюролардың күн тәртiбiн, қаралатын заң жобаларының iлеспе құжаттары бар мәтiндерiн Сенат, Мәжіліс бюроларының қаулыларын, комитеттер мен заңнама бөлiмінің қорытындыларын, талдамалық жазбаларды, салыстырма кестелерді, стенографиялық есептердi, келісу комиссияларының қаулыларын, заң жобаларының түпкi нұсқаларының мәтіндерін, заң жобаларының өтуi туралы мәлiметтердi және аудио-, фото-, видеоматериалдарды деректер қоймасына 100% беру және пайдаланушыларға берілген құқықтарға сәйкес олардың сұраулары бойынша қол жетiмділiктi ұйымдастыру;
Жалпы және бiрлескен отырыстар өткiзген кезеңде сүйемелдеушi барлық iлеспе ақпаратты 100% электронды түрде беру;
Интернет желiсi арқылы депутаттар корпусына тұңғыш рет заң жобаларын, қолданыстағы заңдарды, сондай-ақ күшiне енiп, қолданыла бастағаннан кейiн жаңадан қабылданған заңдарды қарау жөнiнде шаруашылық жүргiзушi мүдделi субъектiлермен, қоғамдық ұйымдармен және жекелеген азаматтармен талқылау, сұрау сауалды жүргізу мүмкiндiгi жасалды;
Интернетке қол жетiмдiлiк болған жағдайда өңiрлерде және басқа жерлерде жүрген кезде депутаттар корпусына 100% ақпарат беру;
Интернет желiсiнде депутаттар корпусы туралы ақпаратты: өмiрбаянын, өңiр ақпаратын, округтегi жұмысын, Парламенттегi жұмысын, жарияланымдарын, фотоальбомдарды, депутаттарға хаттарды 100% беру. Қаржы-экономикалық нәтижесi:
Жобаны іске асырудың экономикалық тиiмдiлiгi заң жобаларын қарау циклын қысқарту, яғни қаралатын заң күшіне енген заң жобаларын ұлғайту есебiнен заң жобаларының қарауға жұмсалатын шығыстарды қысқартудан түсетін кірістердің өсуiнен көрсетiлген. Заң жобаларын қарауға жұмсалатын шығыстарды шамамен 22%-ға қысқарту.
Уақытылығы:
Мемлекеттік сатып алу туралы жасалатын шарттарда белгiленген мерзiмдерге сәйкес.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Парламентiнің заң шығару қызметi туралы уақтылы және сенiмдi ақпарат алу.

Қазақстан Республикасы   
 Yкiметiнiң         
2005 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1235 қаулысына     
6-1-қосымша        

       Ескерту. Қаулы 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.31.  N 470б  қаулысымен.

102 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Шаруашылық басқармасы
       Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
объектiлерін салу және қайта жаңарту" деген 003 республикалық
бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi:   республикалық бюджет қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты:  Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы объектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi:  Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының ғимараты құрылысын бiтiрудi қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N
п/п

Бағдарламаның коды

Кіші бағдарлама ның коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты  орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы объектілерін салу және қайта жаңарту

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 656 қаулысының  2 қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаларды тізбе бойынша және бөлінген сома шеңберінде іске асыру оның ішінде Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының ғимараты құрылысын бітіруі.

қаңтар - желтоқсан

"Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың ықтимал нәтижелерi:
      Тiкелей нәтиже: Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының ғимаратын тапсыру және пайдалануға беру.
      Түпкiлiктi нәтиже: объектiнi iске қосу.
      Қаржы-экономикалық нәтижесi: талдаудың қорытындысы бойынша жобаны iске асырудың тиiмдiлiгi.
      Уақтылығы: жасалған шарттарға байланысты атқарылған жұмыстар, белгiленген мерзiмдерге сәйкес.
      Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады