Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мыналардың:
411-қосымшаға
сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
411-ҚОСЫМША
690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Сайлау өткізуді ұйымдастыру"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 842265 мың теңге (сегіз жүз қырық екі миллион екі жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық
заңы
; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының штат саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Парламент Сенаты депутаттарының, маслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуді ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Парламент депутаттарының, маслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді іске асыру, сайлау өткізу кезінде аумақтық, округтік және учаскелік комиссияларына басшылық жасауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Сайлау өткізуді ұйымдас-
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Республика аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасау. Сайлау комиссияларына басшылық жасауды жүзеге асыру, олардың арасында сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатын бөлу. |
Жыл бойы |
Қазақстан
|
3 |
|
007 |
Мемле-
|
Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. |
Жыл бойы |
Қазақстан
|
4 |
|
009 |
Мемле-
|
Конференц-залдарға
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
5 |
|
017 |
Ақпарат-
|
Мамандандырылған
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
6 |
|
100 |
Сайлау өткізу |
Қазақстан Республикасы
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтижелер:
Қазақстан Республикасында сайлау туралы заңнаманың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
Парламент Сенатының депутаттығына 8 кандидаттан, облыстық маслихаттардың депутаттығына 8 кандидаттан, қалалық және аудандық маслихаттарға - 5 кандидаттан бәсекелестік кезінде сайлау қорытындыларын шығару;
сайлау комиссиялары мүшелерінің және Орталық сайлау комиссиясы аппараты қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
Орталық сайлау комиссиясы аппаратының 20 қызметкеріне - мемлекеттік тілді және 15 қызметкеріне ағылшын тілін оқыту.
Түптілікті нәтижелер:
сайлауды сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізу;
мемлекеттік тілді оқытудағы қажеттілікті - 50 пайызға, ағылшын тілін оқытудан қажеттілікті - 50 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижелер:
бюджет қаражатын сайлауды өткізу жөніндегі іс-шараларға пайдалану;
бюджет қаражатын уақтылы және толық игеру.
Уақтылылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес іске асыру.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық сайлау және сайлану құқығын іске асыруын қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес сайлау комиссиялары мүшелерінің, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.