Шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимін Теректі ауылдық округінде тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 20 тамыздағы № 18 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеренариялық–санитарлық инспекторының 2012 жылғы 01 шілдедегі №43 ұсынысы және 2012 жылғы 01 шілдедегі № 44 ұсынысы негізінде, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Теректі ауылдық округіне ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауыруының анықталуына байланысты, қойылған шектеу іс-шаралары және карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.

      2. Теректі ауылдық округі әкімінің 2012 жылдың 23 шілдедегі № 16 "Шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Алакөл ауданының әділет басқармасына тіркеу тізіліміне 2012 жылдың 09 тамызында 2-5-185 нөмірімен енгізілген, Алакөл аудандық "Алакөл" газетінің 2012 жылдың 30 тамызындағы 33 нөмірінде жарияланған шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.

      Округ әкімі Б. Әзімжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады