Шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 23 шілдедегі N 16 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 09 тамызда N 2-5-185 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 20 тамыздағы № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 20.08.2012 № 18 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 28 наурыздағы N 3 ұсынысы және 2012 жылғы 9 сәуірдегі N 5 ұсынысы негізінде, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Теректі ауылдық округіне ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі

Б. Әзімжанов

КЕЛІСІЛДІ:


"Алакөл ауданы бойынша


мемлекеттік санитарлық-


эпидемиологиялық қадағалау


басқармасы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Фурман Скендірұлы Шағайбаев

23 шілде 2012 жыл


"Қазақстан Республикасының


ауыл шаруашылығы министрлігі


ветеринариялық бақылау және


қадағалау комитетінің Алакөл


аудандық инспекциясы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Арман Маратұлы Қабаев


      23 шілде 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады