Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бастығы О.Даулетовтың 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 3 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің Желқалақ қыстағы аумағына карантин аймағының ветеринарлық режимінде белгіленген шектеу іс-шараларының толықтай атқарылуына байланысты карантин аймағының ветеринариялық режимі алынсын.
2. Қамысты ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 7 шешімінің күші жойылсын.
Қамысты ауылдық округі әкімі: | Утегалиев Б.З. |