Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің 11.01.2013 № 1 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2012 жылғы 7 қарашадағы № 311 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің Желқалақ қыстағы аумағына ірі қара малының арасында листериоз ауруының шығуына байланысты іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жәнібек ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қамысты ауылдық округі әкімі | Б. Утегалиев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитеті Жәнібек аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________О. Даулетов
15.11.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Жәнібек ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Е. Куанышкалиев
15.11.2012 ж.
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
Жәнібек ауданы бойынша
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Н. Мұстаев
15.11.2012 ж.