Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 22.06.2015 № а-6/264 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына және Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 27/9 «Aуылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісу туралы» шешімінің сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/10 «Aзаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4007 тіркелген, 2014 жылдың 24 ақпанында «Жаңа-Есіл» газетінде жарияланған) қаулысы «Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов» сөздерінен кейін «КЕЛІСІЛДІ Есіл аудандық мәслихатының хатшысы Құдабаев Серік Сәлімгерейұлы» келесі мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл аудандық мәслихатының
хатшысы
Құдабаев Серік Сәлімгерейұлы