Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының еңбекақысына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" №12-54 (Алматы облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда 2247 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне енгізілген, 2013 жылғы 11 қаңтарда "Іле таңы" газетінің 3 (4482) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін күшіне енгізілсін.
Сессия төрайымы | Ғ. Нәдірбекова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Е. Тұрымбетов |