Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 27.05.2015 № 46-217 шешімімен (ресми басылымда жарияланғаннан кейін күшіне енгізілсін).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының еңбекақысына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Р. Айдарбекова |
Мәслихат хатшысы | Ф. Ыдрышева |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Іле ауданының "Экономика және | |
бюджеттік жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | Кәдір Асқар Кәдірұлы |