"Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 24 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 267 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       "Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 24 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1900 болып тіркелген, 2013 жылдың 28 наурызда "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады