РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдері туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін:
1) "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру".
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Болат Әлмұханұлы Исақовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 24 қаулысымен бекітілген |
"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламенті (әрі қарай – мемлекеттік қызмет регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысымен бекітілген "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген.2. Мемлекеттік қызмет "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен аудан және Тараз қаласы әкімдіктерінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен, сәулет және қала құрылыс бөлімдерімен, Халыққа қызмет көрсету орталығымен көрсетіледі, олардың мекен-жайлары регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 10 бабының 1 тармағының 2) тармақшасының, "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 2 тармағының 1-1) тармақшасының, "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртібінің 5 тармағы және "Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 Қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында www.zhambyl.kz;
2) Халыққа қызмет көрсету орталығының интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) мемлекеттік қызметті алушы үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері ғимараттарының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде;
4) Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттарында орнатылған стенділерде;
5) "электрондық үкімет" 1414 call-орталығында орналастырылған.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру немесе қағаз тасығышта облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға паспорт (әрі қарай - паспорт) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (әрі қарай – мемлекеттік қызметті алушы).
8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімдеріне жүгінген кезде:
1) өтініш берген сәттен бастап – бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiндегі сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға рұқсат немесе паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;
2) осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген, қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
3) паспортты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
мына:
1) Халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөліміне жүгінген кезде:
паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілетін 2 күн және халыққа қызмет көрсету орталығында орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) Халыққа қызмет көрсету орталығының облыстық бөліміне жүгінген кезде:
паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
3) осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жүгінген кезде:
жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліспен, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
2) Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде:
Халыққа қызмет көрсету орталығының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбі аралығында көрсетіледі.
Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттiк қызмет қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (көшiрмелерi) бар стендiлермен жабдықталған, дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ғимараттарында осы регламенттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайы бойынша көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызмет дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттiк қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі.
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды:1) мыналарды көрсете отырып, еркiн нысандағы жазбаша өтiнiштi:
жеке тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, пошта мекенжайы (телефоны, факсы – болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрiн;
заңды тұлғалар үшiн – ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер, басшының тегi, аты, әкесiнiң аты, пошта мекенжайы (телефоны, факсы – болған жағдайда), бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн;
сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң мақсаты мен негiзгi параметрлерiн;
өтiнiш берушiнiң сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру орнын негiздеу арқылы оның болжамды орналасқан жерiнiң мекенжайын;
2) сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру ұсынылатын жер учаскесiне немесе объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттың немесе кондоминиум объектiлерiн басқару органдары немесе өтiнiш берушiнiң өзге де заттық құқықтарға ие адамдардың сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруы ұсынылатын объектiсiнiң меншiк иесiмен (меншiк иелерiмен) бекiтiлген сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру туралы шарттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
3) сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру ұсынылатын объектiнiң сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң күндiзгi және түнгi бейнеленуiн құрайтын эскиз, сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң жұмыс етуiн инженерлiк қамтамасыз ету бойынша шешiмдерiн ұсынады.
13. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiш жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына еркiн нысанда ұсынылады.
14. Осы регламенттің 12-тармағында көрсетiлген құжаттар осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне берiледi.
Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарды қабылдауды қызметкерлер "кедергiсiз қызмет көрсету" арқылы жүзеге асырады.
15. Осы регламенттің 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырған кезде жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiне немесе халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
1) сұрау салудың нөмiрi және қабылданған күнi;
2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны және атаулары;
4) құжаттарды беру күнi (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.
16. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнде және халыққа қызмет көрсету орталығында қолхат негiзiнде, онда көрсетiлген мерзiмде, өзi келген кезде және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенiмхатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
17. Осы регламенттің 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарда бекiтiлген талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде бас тартудың негiздемесi болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерi және халыққа қызмет көрсету орталығының мемлекеттiк қызметтi алушыларға қатысты қызметi сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтау.4. Шағымдану тәртібі
19. Жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы осы регламенттің 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң немесе халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығына жүгiне алады.Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты "электрондық үкiмет" call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметiнiң 1414 телефоны арқылы алуға болады.
20. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
21. Мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымын шағымды қабылдаған адамның қабылдағанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, аты-жөнi, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзiмi және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.