Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 334 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№334 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының

тізімі

      1. "Өсімдік шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 03 маусымда № 1789 болып тіркелген, 2011 жылғы 04 маусымда "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      2. "Жамбыл обысы әкімиятының 2006 жылғы 24 ақпандағы "Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы" № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облыстық Әкімиятының 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 16 мамырда № 1640 болып тіркелген, 2006 жылғы 20 мамырда "Ақ жол" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады