Жамбыл облысы әкімиятының 2006 жылғы 24 ақпандағы "Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы" N 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық Әкімиятының 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 107 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 16 мамырда N 1640 тіркелді.Күші жойылды-Жамбыл облысы әкімдігінің 31 желтоқсанда 2015 жылғы № 334 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 31.12.2015 жылы № 334 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысы әкімиятының 2006 жылғы 24 ақпандағы "Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы" № 71 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1636 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдың 14 наурызында облыстық "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Аталған қаулының 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Заем беруші - банктерге бюджеттік кредит сомасынан жылдық 4,0% (төрт пайыз) көлемінде сыйақы төлеу белгіленсін.".
      2. Осы қаулы Жамбыл облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді, алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2006 жылдың 24 ақпанынан туындаған қатынастарға қолданылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е.Ө.Үсенбаевқа жүктелсін.
      Облыс Әкімі Б.Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады