Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 50-4 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Шешімнің көшірмесі Жамбыл облысы Әділет департаментіне жолдансын.
      3. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету аудандық мәслихат аппаратының басшысы Құлыбеков Қуаныш Қайратұлына жүктелсін.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
       сессиясының төрағасы хатшысы
       ___________ Т.Оразбаев _________Б. Дондаұлы

  Сарысу аудандық мәслихатының
2015 жылғы 7 қыркүйектегі №50-4
шешіміне қосымша

Сарысу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің

ТІЗБЕСІ

      1. "Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 11 ақпандағы № 23-7 "Тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртiбi және азаматтардың, кейбiр жекелеген топтардың коммуналдық қызметке төлейтiн төлемдерiн өтеу тәртiбi туралы" Ережесiн бекiту туралы" (Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылдың 19 наурызында мемлекеттік реестріне №874 болып тіркелген) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 17 ақпандағы №4-14 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 1287 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2004 жылғы 17 сәуірдегі №16 санында жарияланған);
      2. "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 42-7 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 6-9-102 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2010 жылғы 3 қарашадағы №93 санында жарияланған);
      3. Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 42-8 "Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициентiн бекiту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-9-101 болып тіркелген, "Сарысу" газетінің 2010 жылдың 20 қазандағы № 89 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады