Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылғанын тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 33/09 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптарын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 02 қыркүйектегі № 24/14 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1851 болып тіркелген, 2008 жылғы 4 қазандағы № 153-154 (20537) "Орталық Қазақстан", 2008 жылғы 4 қазандағы № 124 (20670) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған);
      2) "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптарын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 24/14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 31/08 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1858 болып тіркелген, 2008 жылғы 25қарашадағы № 182 (20565) "Орталық Қазақстан", 2008 жылғы 25қарашадағы № 146 (20692) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған);
      3) "Шағын және орта бизнесті бюджеттік кредиттеудің және ауыл халқын микрокредиттеудің негізгі талаптарын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 13/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1866 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 75-76 (20660) "Орталық Қазақстан", 2009 жылғы 23 мамырдағы № 58 (20765) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған).
      2. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады