Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2008 жылғы 02 қыркүйектегі N 24/14 қаулысы. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2008 жылғы 02 қазанда N 1851 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы N 33/09 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 17.06.2015 N 33/09 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексінің 172 180-баптарына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына , Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің" 449-тармағына , "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға байланысты "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын несиелендіру" 265 010 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет қаржаты есебінен бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қарағанды облысының қаржы басқармасы (Өтешов С.Б.) Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен (Каргин Е.Б.) бірлесе отырып: 
      1) қарыз алушының барлық есептерін акцептсіз шығынға жазу құқығымен келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету талаптарына "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен (бұдан бұрын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы) несиелік келісім-шарт (келісім) жасассын; 
      2) несиелік келісім-шарттарды (келісімдерді) тіркеуді, есепті, мониторингті және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

      3. Бюджеттік бағдарлама әкімгері - Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (Каргин Е.Б.): 
      1) несиелік келісім-шарттартың (келісімдердің) орындалуын бақылауды, бюджеттік несиені облыстық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Әбдікеровке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткенде күшіне енеді.

      Қарағанды облысының әкімі                  Н. Нығматулин

Қарағанды облысы әкімдігінің 
2008 жылғы 2 қыркүйектегі 
N 24/14 қаулысымен   
бекітілген      

      Ескерту. Негізгі талаптары жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 2008.12.11 N 31/08 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

"Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға байланысты "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын несиелендіруі" 265 010 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік несиелендірудің
негізгі талаптары

      1. Несие беру мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру.

      2. Бюджеттік несиелендірудің қатысушылары төмендегілер болып табылады: 
      ақырғы қарыз алушы - шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі - Қарағанды облысы әкімдігінің осы қаулысымен белгіленген талаптар бойынша банк-серіктес беретін несиені ақырғы алушы; 
      банк-серіктес - Қазақстан Республикасының экономикасын модернизациялау мәселесі жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2008 жылғы 27 маусымдағы отырысының N 17-5/011-10 хаттамасына сәйкес банктер ішінен шағын кәсіпкерлік субъектірлерін қаржыландыруға қатысатын облыс әкімдігі жанындағы белгілі бір комиссияның қаржы агенті; 
      бюджеттік бағдарлама әкімгері - "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі; 
      қарыз алушы - негізгі қарызды өтеу және сыйақыны, сондай-ақ несиелік келісім-шартқа сәйкес өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме алатын несие алушы несиелік келісім-шарт тарабы - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ; 
      несие беруші - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес несие беретін тарап - Қарағанды облысының әкімдігі;

      3. Шағын және орта кәсіпкерлік қызметінің негізгі бағыттары және бюджеттік несиелендіруге жататын инвестициялық жобалар: 
      өңдеуші өнеркәсіп; 
      ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу; 
      ауыл шаруашылық өнімдерін және бірінші қажеттіліктегі өнімдерді сақтау және сату; 
      қызмет көрсету саласы; 
      туризм; 
      медициналық қызмет; 
      дәрілік құралдар өндіру; 
      медициналық қызметке арналған аспаптар, құралдар және жабдықтар өндіру; 
      бұдан бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыру, бұл жағдайда қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі алынған қаражат көлемінен 50 пайыздан аспауы керек. 
      Бұл жағдайда бюджеттік несиелендіруге жататын шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының тізбесі толық болып табылмайды және облыс әкімдігімен құрылған комиссияның мақұлдауына жатады;

      4. Бюджеттік несие Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясының тиісті шешімімен көзделген сомма шегінде беріледі. 
      Бір ақырғы қарыз алушыға лимит - 300 000 айлық есептік көрсеткіш;

      5. Бюджеттік несие - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен беріледі.

      6. Бюджеттік несие беру мерзімі: 
      несие 1 жылдан 5 жылға дейінгі ортамерзімді кезеңге беріледі, 
      бюджеттік несие мерзімі бюджеттік несие қаражатының бағдарлама әкімгерінің есепшотынан аударылған сәтінен бастап саналады;

      7. Қарыз алушының несиені игеру кезеңі қарыз алушы банкпен несиелік келісімге қол қойған күннен бастап үш ай.

      8. Қарыз алушыға сыйақы мөлшерлемесі құнды қағаздардың жинақы қосымша рыногында операциялар нәтижесінде өткен тоқсанда қалыптасқан деңгейде белгіленген бюджеттік несие мерзіміне сәйкес келетін өтініш мерзімімен бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органмен эмиттелген тиісті мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздар бойынша табыстың ортаөлшемді мөлшерінде белгіленеді. 
      Сыйақы мөлшерлемесі несиелендірудің тұтас мерзіміне тұрақты болып белгіленеді және ақырғы қарыз алушыға жылына 14 пайыздан аспауы керек.

      9. Несиелік келісім-шартта жеңілдік кезеңін беру көзделуі мүмкін, яғни қарыз алушы несиені қайтаруды жүзеге асырмайтын мерзім ішінде бюджеттік несие мерзімі құрамына кіретін уақыт кезеңі. Жеңілдік мерзімнің ұзақтығы бюджеттік несие мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауы керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады