"Жеңіл өнеркәсіп" саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9093 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 629 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 629 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса берілген «Жеңіл өнеркәсіп» саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрінің міндетін атқарушы                     А. Рау

Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
міндетін атқарушының     
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 445 бұйрығымен      
бекітілген         

«Жеңіл өнеркәсіп» саласындағы салалық біліктілік шеңбері

      1. «Жеңіл өнеркәсіп» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі- СБШ) сегіз біліктілік деңгейін қамтиды, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – ҰБШ) сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8022 болып тіркелді, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 24 қарашада № 408-409 (27227-27228) жарияланған).
      2. СБШ-ның негізгі бағыты – жеңіл өнеркәсіпте түпкілікті тұтынудың бәсекелі өнімін құруда және өткізуде мемлекеттік және салалық саясаттың құралы болу.
      3. СБШ-да пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілердің, қағидаттардың, теория мен практиканың жиынтығы, біліктіліктің бағалануға тиіс бөлігі;
      2) ҰБШ – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдалған сипаттау;
      3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен дағдылар;
      5) СБШ – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      7) икем – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді қолдану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды қолдану).
      4. Жеңіл өнеркәсіп салаларының стратегиялық мақсаттары:
      1) жұмыскерлердің басқарушылық, инженерлік, техникалық және кәсіпкерлік кәсібилігін арттыру;
      2) ғылыми, жобалау ұйымдары, аралас кәсіпорындар кооперациясының тұрақты механизмдерін және олармен өзара серіктестік іс-қимыл қалыптастыру;
      3) станоктардың, құралдар мен технологиялық жабдықтардың паркін жаңарту және қазіргі заманғы паркін құру;
      4) жеңіл өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өнімін жасау.
      5. СБШ-ның міндеті кәсіптік стандарттарды одан әрі әзірлеу үшін жеңіл өнеркәсіп салаларының қолданыстағы және перспективалы технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің функционалдық мінез-құлқына, икеміне, дағдыларына және біліміне қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.
      6. Саланың өнімді жасау мен іске асырудың қолданыстағы және перспективалы технологияларды қолданумен байланысты негізгі өндірістік міндеттері:
      1) нормативтік техникалық құжаттама әзірлеу;
      2) өндіріс құралдарын жетілдіру және дайындау;
      3) энергия үнемдейтін және «жасыл» технологиялар мен материалдарды пайдалану;
      4) жеңіл өнекәсіп өнімін өндіру және өткізу.
      7. Проблемалық үлгідегі негізгі салалық міндеттер:
      1) сала субъектілері кооперациясының бәсекеге қабілетті модельдерін әзірлеу және іске асыру;
      2) кәсіпорындардың тұрақты даму стратегияларын әзірлеу;
      3) жұмыскерлерді кәсіби деңгейін тұрақты түрде арттыруға, сапалы және өнімділігі жоғары еңбекке ынталандыру жүйелерін құру;
      4) өнертабыстық қызметті және ұтымды етуді ұйымдастыру;
      5) өнімнің өзіндік құнын төмендету, өндірістің энергия тиімділігін арттыру;
      6) жеңіл өнеркәсіпті тиімді басқару әдістерін пайдалану;
      7) мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмдерін әзірлеу және іске асыру;
      8) жеңіл өнеркәсіп тауарларының бәсекеге қабілетті ассортиментін дамыту, импорттың орнын басу.
      8. СБШ мынадай:
      1) ҰБШ біліктілік деңгейлерінің жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын және перспективалы технологияларды ескере отырып жұмыскердің құзіреттеріне, білімдеріне, икеміне және дағдыларына қойылатын талаптарын нақтылау;
      2) СБШ-ның төменгі біліктілік деңгейлерінен жоғары деңгейлерге ауысқан кездегі талаптардың сабақтастығы;
      3)  жеңіл өнеркәсіп жұмыскерлерінің құзыреттеріне, білімдеріне, икеміне және дағдыларына қойылатын талаптар сипаттамасының бір мағыналылығы, қисындылығы және қысқалығы;
      4) жеңіл өнеркәсіптің барлық кәсіптік қызметтер саласына СБШ-ның үлгілік талаптарының әмбебаптылығы, қолайлығы;
      5) жұмыскерлердің біліктілік деңгейін арттыруды ынталандыру қағидаттары ескеріле ала отырып әзірленді.
      9. СБШ СБШ-ға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылымды білдіреді.
      СБШ кәсіптік қызметтің жалпы сипаттамаларының әрбір біліктілік деңгейіне арналған сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
      1) тұлғалық және кәсіптік құзыреттер – бұл көрсеткіш жұмыкердің жалпы құзыретін айқындайды және мынадай үш негізгі көрініс беру дәрежесі бар:
      басшылықтың қол астындағы қызмет;
      өзіндік атқарушылық қызмет;
      басқаларға басшылық ету.
      2) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіптік қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      пайдаланатын ақпараттың көлемі мен күрделілігі;
      білімнің инновациялығы;
      олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы);
      оның көрініс беру (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) дәрежесі көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің өзгеруіне байланысты.
      3) икем және дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіптік қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      кәсіптік міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (өзгергіштігі), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
      жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі;
      оның көрііс беру (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) дәрежесі көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты.
      10. Біліктілік деңгейі белгілі бір білім беру бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
      Біліктілікті өсіру немесе әрбір деңгейде оның бейінін өзгерту үшін тиісті лицензиялары бар ұйымдарда біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау жүйесінің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі.
      Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай өсуі мүмкін.
      Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелернің ішінде жүргізілетін болады.
      Дербес білім беру траекториясын құру жұмыскердің білімі мен практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын ескеру арқылы жүзеге асырылады, бұл біліктілік деңгейлерінің тінінен де, көлденеңінен деілгерілеуіне мүмкіндік береді.
      Біліктілік деңгейлерінің білім беру және оқытудың ұлттық жүйесі деңгейлерімен арақатынасы СБШ-ға 2-қосымшада көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.
      11. СБШ қажет болған жағдайда біліктіліктің ішінде біліктіліктердің салалық талаптарының ерекшелігі көрініс табатын кіші деңгейлерді көздеді.

«Жеңіл өнеркәсіп» саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне
1-қосымша          

Салалық біліктілік шеңберінің біліктілік деңгейінің сипаттамасы

      Кәсіби қызметі салалары:
      1) табиғи және химиялық талшықтардың иірімі;
      2) тоқыма, трикотаж және тоқыма емес төсемдер өндірісі;
      3) иірім жіп, тоқыма, трикотаж, тоқыма емес төсемдерді бояу және әрлеу;
      4) талшықты материалдарды алғашқы өңдеу;
      5) киім, шұлық нәски бұйымдары, бас киім өндірісі;
      6) аяқ киім өндірісі;
      7) галантерея өндірісі;
      8) былғары және үлбір өндірісі және олардан жасалған бұйымдар.

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіби қызметі салалары:
1) табиғи және химиялық талшықтардың иірімі;
2) тоқыма, трикотаж және тоқыма емес төсемдер өндірісі;
3) иірім жіп, тоқыма, трикотаж, тоқыма емес төсемдерді бояу және әрлеу;
4) талшықты материалдарды алғашқы өңдеу;
5) киім, шұлық нәски бұйымдары, бас киім өндірісі;
6) аяқ киім өндірісі;
7) галантерея өндірісі;
8) былғары және үлбір өндірісі және олардан жасалған бұйымдар.

Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар

Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар

Біліуіне қойылатын талаптар

1

1

Дербестігі: міндеттерді орындау барысында өте төмен дербестік деңгейінде толық басшылық жасалатын жұмыс
Жауапкершілігі: жұмыстардың орындалуы, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі.
Күрделілігі: нұсқаулық бойынша қатаң жұмыс істеу:
шикізатты, жабдықтарды, құралдарды жұмысқа дайындау.

Бір үлгідегі күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді.

Еңбек пәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы туралы базалық білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу.

2

2

Дербестігі: белгілі жағдайларда белгілі бір дербестігі бар, басшылық жасалатын жұмыс; басшылық жасап оқыту.
Жауапкершілігі: қарапайым тапсырмалардың орындалу нәтижесі, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындау.
Күрделілігі: қарапайым бір үлгідегі міндеттерді орындау, жабдықтарға отын құю, ауысымды қабылдау, жабдықтарды тазалау және жұмыс орнын жинау. 

Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді.

Еңбек пәні, қарапайым үлгілік міндеттерді орындау кезінде нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы базалық білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу.

3

3

Дербестігі: бір үлгідегі жағдайларда және кәсіби қызметтердің басшылық жасалатын күрделі жағдайларда дербес жұмыстарды жүзеге асыру, оқытуларды өз бетінше ұйымдастыру.
Жауапкершілігі: жұмыстардың орындалу нәтижесі; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындау.
Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық міндеттерді орындау; білім және практикалық тәжірибесі негізінде танымал тәсілін таңдау;
Өзінің кәсіби қызмет саласына сәйкес негізгі технологиялық процестерді жүргізу.

Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, дағдыларын жобалау алға қойған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдауды көрсетеді.

Өз кәсіби қызметінде өнімді шығару технологиясы, жеңіл өнеркәсіп. кәсіпорындарында еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білімі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу.

4

4

Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: нормалардың іске асыру нәтижесі; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының орындалуы.
Күрделілігі: жұмыс жағдайын өз бетінше талдауды талап ететін әр түрлі үлгідегі практикалық міндеттерді шешу: өзінің кәсіби қызметі саласындағы күрделілігі түрлі деңгейдегі негізгі технологиялық процестерді жүргізу, ұжымдағы тәлімгерлік жұмыс. Жартылай фабрикаттар сапасын және технологиялық процестерді және дайын өнімді бақылау

Алынған тапсырмаларды анықтайды, бағыныштылардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтайды, қызметкерлердің кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандырады.

Кәсіби міндеттерді қою және шешу тәсілдері, қағидаттары және амалдары туралы, өндірістегі қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және ынталандыру тәсілдері туралы білуі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу.

5

5

Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шегіндегі басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: өз еңбегін бағалау және жетілдіру, өзінің оқуы және басқаларды оқыту; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Күрделілігі: жұмыс жағдайлары өзгермелі түрлі жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу. Жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру технологиялық процесін ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізу, жобалау, жаңа жабдықтарды технологияларды және ассортименнтерді игеру және ендіру бойынша жұмыстарды жүргізу, жеңіл өнеркәсіп өндірісінің тиімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша ұйымдастырушылық - басқарушылық жұмыс.

Тапсырысты түсіну, жағдайды және өзінің іс-қимылдарын талдау, шешім қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, командалық жұмыс, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылату тұрғысынан қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді.

Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым туралы білуі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу.

6

6

Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды болжайтын, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруға жауапкершілігі.
Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерінің әр түрлілігін болмайтын міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер. Зерртеу және тәжірибелі эксперементал жұмыстарды жүргізу, өндірісті кеңейтуді жобалау және жаңғырту, жеңіл өнеркәсіп ассортиментін кеңейту және жаңарту, жаңа технологияларды ендіру.

Белгісіздігі жоғары әлеуметтік және кәсіби жағдайларда жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және олармен таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді.

Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларда бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау әдіснамасы, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, талдамалық және жобалық құжаттаманы ресімдеу және таныстыру тәсілдері туралы білуі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу.

7

7-1

Дербестігі: сала құрылымын жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызмет.
Жеңіл өнеркәсібі өнімдерін ішкі нарыққа өткізу, жеңіл өнеркәсібі өніміндегі Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, жергілікті кластерлерді дамуыту.

Міндет пен проблемаларды қою, инновациялық тәсілдерді, тұжырымдама жасау және қызмет стратегиясы әдістерін қолдана отырып, оларды жүйелі түрде шешу дағдыларын көрсетеді.

Тұжырымдаманы, стратегияны, қызметтің функционалдық модельдерін құру әдіснамасын, жеңіл өнеркәсіп үшін кадрларды даярлау саласындағы акмеологиялық әдістерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды қою мен жүйелі түрде шешу тәсілдері туралы білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу.

7-2

Дербестігі: сала құрылымын жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызмет
Жеңіл өнеркәсібі өнімдерін сыртқы нарыққа өткізу, жеңіл өнеркәсібі өніміндегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, жергілікті кластерлерді дамыту

8

8-1

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызмет.
Жеңіл өнеркәсібі өнімдерін ішкі нарыққа өткізу, жеңіл өнеркәсібі өніміндегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, жергілікті кластерлерді дамыту.

Жүйелік және стратегиялық ойлауды, логикалық әдістерді, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимылдың модельдерін құру мен орындау әдістерін қолдана отырып, өзара тиімді шешімдерді қабылдау дағдыларын көрсетеді.

Қызметтің және өзара іс-қимылдың кооперативтік жүйелерін құру, жеңіл өнеркәсіп саласындағы макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу.

8-2

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызмет.
Жеңіл өнеркәсібі өнімдерін сыртқы нарыққа өткізу, жеңіл өнеркәсібі өніміндегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, жергілікті кластерлерді дамыту.

«Жеңіл өнеркәсіп» саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне
2-қосымша         

Бiлiктiлiкке қол жеткiзу көрсеткiшi

Бiлiктiлiк деңгейi

Тиiстi деңгейдегi бiлiктiлiкке қол жеткiзу жолдары

1

Практикалық тәжiрибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзiмдi оқыту (нұсқау) және/немесе бастауыштан кем емес орта бiлiмi болған кезде қысқа мерзiмдi курстар.

2

Практикалық тәжiрибе және/немесе негiзгi орта бiлiмнен кем емес жалпы орта бiлiмi болған кезде кәсiби даярлау (бiлiм беру мекемесi негiзiнде қысқа мерзiмдi курстар немесе корпоративтi бiлiм беру) және/немесе ересектердi қайта даярлау.

3

Практикалық тәжiрибе және/немесе жалпы орта бiлiм немесе негiзгi орта бiлiмнiң негiзiнде техникалық және кәсiби бiлiм немесе практикалық тәжiрибесiз жалпы орта бiлiм болған кезде кәсiби даярлау (бiлiм беру мекемелерiнiң негiзiнде бiр жылға дейiн кәсiби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративтi оқыту).

4

Жоғары дәрежелi техникалық және кәсiби бiлiм (қосымша кәсiби дайындық) және практикалық тәжiрибе.

5

Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм.

6

Жоғары бiлiм, практикалық тәжiрибе.

7

Жоғары бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе.

8

Жоғары бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе.
Осы бiлiктiлiк деңгейiнде жоғары бiлiм «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңы қабылданғанға дейiн алынған жоғары бiлiмдi, сондай-ақ осы заңда белгiленген бiлiм деңгейiне сәйкес айқындалған жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiмдi қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады