«Тамақ дайындауға және тұтынушылардың (жеке тұлғалардың) тұрмыстық шаруашылық қажеттіліктері үшін су жылытуға газ берудің нормалары туралы» Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 қарашадағы № 350 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 225 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тамақ дайындауға және тұтынушылардың (жеке тұлғалардың) тұрмыстық шаруашылық қажеттіліктері үшін су жылытуға газ берудің нормалары туралы» Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 қарашадағы № 350 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1936 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А.К. Рзаханов) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 
 

Облыс әкімі                                   А.Айдарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады