Тамақ дайындауға және тұтынушылардың (жеке тұлғалардың) тұрмыстық шаруашылық қажеттіліктері үшін су жылытуға газ берудің нормалары туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкiмиятының 2005 жылғы 29 қарашадағы N 350 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2006 жылғы 6 қаңтарда N 1936 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.07.2015 № 225 қаулысымен(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 400  қаулысына сәйкес, облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тамақ дайындауға және тұтынушылардың (жеке тұлғалардың) тұрмыстық шаруашылық қажеттіліктері үшін су жылытуға газ нормалары, есептеу құралдары болмаған жағдайда
      қыс мезгілінде (01 қарашадан 30 сәуірге дейін) - айына бір адамға 12 (он екі) текше метр;
      жаз мезгілінде (01 мамырдан 31 қазанға дейін) - айына бір адамға 8 (сегіз) текше метр болып бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бортникке жүктелсін. 

      3. Осы қаулы 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді. 

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады